ИЕСІН ТАПҚАН ӘН АЙДАРЛЫ
Ақ дидарынды көргенде тұра алмаймын,
Сенсіз жерде салтанат құра алмаймын.
Сен есіме түскенде, беу Қарғашым,
Кемесіндей дарияның бұраңдаймын.
Аха-ау, аха-ау, Қарғаш-ай,
Ди-да-дім-ай, Қарғаш-ай-ай, а-а-ай.
Күміс көмейден күмбірлеп шығып, мақпал маусымның масаты түнін
толқыта, тебіренте әуелеген әсем ән тыңдаушы қауымды беймәлім
кұдіретпен байлап-матап тастағандай. Күні бойғы күбір-күбірдің, сыбыр-
сыбырдың, сардаланың сары масасымен жарысқандай гу-гулескен
әңгіме-дүкеннің бөрі пышақ кескендей сап тиылып, демін ішіне тартқан,
ынтыққан бір жұрт. Құйтақандай қимыл жасаса, мына сәукелелі шақты,
әсем әлемді сетінетіп алатындай, содан қас пен көздің арасында
айырылып қалатындай. Жасында да, жасамысында да мыңнан бір мөлдір
мезетті, миуа минөтті уыстан шығарып алмасақ деген жалғыз тілек.
Алабұртып, бидай өңі өлме-әл күреңітіп, бірде балбұл жанған әнші
өрен ән аңсаған әлеуметтің айрықша ынта-ықыласын, іңкәрлігін сезген
де болуы керек, қанаты болса ұшып кетердей сезімге бөленіп, жүректі
шымырлата құбылған қызыл баянның әр нақышын қоңыр үнімен
көмкере берген, көмкере берген. Ән қайырмасы дүр-р-р етіп көлден
ұшқан құс қанатының сусылын еске салып, бір сәт түнгі ауаны
толқындата, жаңғырықтырып кете барды да, іле екінші қайырымы
қалықтай жөнелген.
Жылқым жатыр Ақкөлдің шаңдағында,
Кімдер сері болмайды бойдағында.
Қыз кеткен соң ауылдан қызық кетер,
Келіп-кетіп жүргейсің ойнағыңа.
Аха-ау, аха-ау, Қарғаш-ай
Ди-да-дім-ай, Қарғаш-ай-ай, а-а-ай...
Ән құздан құлдилаған сұңқардай сорғалап кеп-кеп алпыс екі
тамырыңды идірердей иірімдерімен жүйке-жүйкеңді бусандырып барып
аяқталғанымен де әлгі бір әсерден арыла алмаған қауым іле дүркіресіп,
дүбірлесіп кете алмады. Аз-кем уақыттан соң ғана әр тұстан жүрекжарды
лебіздер мен ыстық ықыласқа толы дауыстар естіле бастады.
—
Қайран, Ахаң! Ардагер Ахаң!
—
Өнердің қай саласында да өшпес із қалдырған екен-ау.
—
Алашты аузына қаратқан Ахаң ән-жырмен де талайды
табындырған ғой, сонда.
—
Сүйе білу, сүйсіне білу де өнер, ғашықтықтың ғазалдары
деп, міне, осыны айт.
Биыл маусым айының саумал бір кешінде өткен сол суреттер әлі
күнге дейін көз алдымнан кетпейді. Бүл кеш қалың әлеуметтің әнге деген
іңкәрлігін, ынтықтығын әспеттеп жатса, екіншіден қазақтың біртуар ұлы,
аймүйізді серкесі Ахмет Байтұрсыновтың әндерін өзіне қайтарып беруге
деген талпыныстың нышанындай еді.
Қарғаш!
Қайран, «Қарғаш»! Алғаш рет Ахаңдай таланттың ет-жүрегін
елжіретіп, шағала сезімін шарқ ұрдыртып, естір құлақты еліктіріп,
құрышын қандырып қанат ілген бұл ән ұзақ жылдар өз иесінен ада боп,
халық әні ретінде айтылып келгені жасырын емес. Зұлматты кезеңнің
қаншеңгелінің құрбанына айналған адамның өзінің әні түгілі, атының
айтылуына да қиын болған шақ еді ол кез. Бірақ шын асылды тот
шалмайды ғой. Әмірші уақыт арда Ахаңның, аяулы Ахаңның, арманды
Ахаңның атын ауызға алғызбағанымен «Қарғаш» сынды ән періштесі, ән
еркесі жәмиғаттың жүрегінен берік орын алып қалды. Дала
ғашықтарының гимніне, құдірет-күшіне айналды. Ойын-сауықтың, той-
томалақтың әрін келтіріп, шырайландырған осы ән бозбаланың балауса
сыры, бойжеткеннің бойтұмары болып өрнектелді.
Жарықтық, текті дүниенің тынысы кең ғой қашанда. Араға алпыс
екі жыл салып Ахаң есімі қайта оралды. Ақын әруағы, алаш аяулысы
халқымен қайта қауышты сөйтіп. Жұмыр басты пенде, бұл жалғанның
артық-кемін таразы басына тартар азаматтар осыған қуанулы.
Қазір Ахаң мұраларын аршимын деушілер, жалғанның жарығына
шығарамын деушілер көп. Талап оңды, ниет дұрыс. Бұл, әрине, кезек
күттірмес шаруа. Ахаңдай алты алаш ардағының күні бүгінге дейін
халықтікі деген атпен айтылып келген туындыларын, жыр маржандарын
өзіне қайтаратын, ресми заңдастыратын уақыт жетті.
Әлгінде ғана біз тілге тиек етіп отырған ән періштесі Ахмет
Байтұрсыновтің әні екен.
Ал күні кешеге дейін осы інжу-маржан біресе
халық әні болып айтылып, үлкен-үлкен концерттерде солай хабарланып,
ән жинақтарына еніп келді. Енді бірде ол Сегіз серінің әні екен делініп те
жүрді. Ахмет есімін айту, ауызға алу күнә болып тағылған жылдары
әнқұмар әлеуметтің соңғы пікірге көңіл тоқтатуының да реті бар еді.
Өйткені, мұндай әнді сырбаз да, сұлулық әлемінің сардары Сегіздей
дүлдүл шығаруы ғажап емес-ау деген ой қылаң беретін де тұратын.
Ал бірақ ел ішіндегі зерделі жүрек, көңілі ояу, көне көз кариялар
«Қарғаштың» шын иесі Ахмет екенін білетін, білетін де іштен тынатын.
Енді бұл ән неге Сегіз серінің әні емес деген сауал қойылары хақ. Оған
дәлел қайда?
Байқасаңыз, «Қарғаштың» екінші шумағында мынадай жолдар бар:
Жылқым жатыр Аөкөлдің шаңдағында,
Ән жолдарындағы бұл Ақкөл Ахаңның әйгілі Аққұмының сыңары
—
Ақкөл. Аққұм, Ақкөл алты алашқа Ахмет Байтұрсыновтай біртуар
азаматты сый еткен жер аттары. Бұлар Ахаңның кіндік қаны тамған,
балалығының бал дәуренін өткізген жерлер.
Ал «Аққұм» атты әннің де бары белгілі. Бүл ән ұзақ уақыт халық әні
болып айтылып, осы соңғы кезде ғана әділдік үстем қүрып, әнге
авторлық Ахаңның өзіне қайтарылды. «Аққұм» дегенде елең етпейтін
жан жоқ шығар, сірә. Өйткені, ол жоғары профессионалдык, талғам
өлшеміне жауап беретін, небір өнер пайғамбарларын тәнті еткен
музыкалық мұрағаттарымыздың бірегеш екен. Өйтпесе ол төрткүл
дүниені тамсандырған «Қыз Жібек» сынды операда айтылар ма еді. Осы
операның өн бойына қан бітіріп, бүкіл болмыс-бітімін бедерлеп тұрған
да Ахаңның «Аққұмы» мен Ыбырайдың «Гәккуі» емес пе еді, шіркін!
Иесін тапқан ән айдарлы дейтініміз, міне, сондықтан. Олай болса,
«Қарғаш» әнінің авторлығы Ахмет Байтұрсыновқа қайтарылуы тиіс.
Бұдан былайғы әндер жинағына Аханның атымен еніп, ұлылы-
кішілі ойын-сауықтарда Ахаңның атымен айтылып жатса, радио-
телевизия хабарларында Ахаң есімімен хабарланып жатса қандай
ғанибет.
Әнге иелік хақында әңгіме қозғалғанда әйгілі Біржан салдың
«Қызыл нарын» тілге тиек етпеске болмайды. Бұл туралы кезінде белгілі
фольклорист, әдебиет жанашыры Қаратай Биғожин аса құнды
мәліметтер жинап, оны Қазақ ССР Ғылым академиясының қолжазбалар
қорына тапсырған. Деректерге қарағанда осы күні ән жинақтарына еніп,
халық арасына кең таралған «Бекзатым» әнінің бастапқы нұсқасы
«Қызыл нар» екен. Пікіріміз дәлелді болу үшін накты мысалға жүгінейік:
«Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,
Ен жайлау, құлазиды ел кеткен соң.
Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Ойнаймын енді кіммен сен кеткен соң.
«Бекзатымдағы» ән жолдары, міне, осындай. Енді «Қызыл нарға»
назар аударыңыз:
Қызыл нар жүк көтермес бел кеткен соң,
Кең жайлау құлазиды ел кеткен соң
Танысып сыр шертіскен Ақлимаш-ау,
Күлермін кіммен ойнап сіз кеткен соң.
Байқап қарасаңыз, осы екі шумақтан анау айтқандай алшақтьқты
байқай бермейсіз. «Қызыл нардағы» қызылнар, «бекзатымда» — қара
нар, кең жайлау — ен жайлау болып айтылады да, үшінші жол бүтіндей
өзгертілген. «Танысып сыр шертіскен Ақлимаш-ау» деген жол «Бірге
өскен кішкентайдан құрбым едің» боп кете барған.
Біржан сал әндерінің қай-қайсысының да өзіндік тарихы бар, белгілі
бір уақиғаны желі ететіні белгілі. Қаратай ағамыздың айтуына қарағанда
да «Қызыл нардың» тууына белгілі жағдаяттар себеп болған. Біржан сал
Айтбай сұлу ауырып кайтыс болған соң, Кіші жүз елін аралап қайтпаққа
ниет қылады. Ол осы сапарында Арыстан сұлтан Жантөреұлының ерке
қызы Ақлима сұлуға жолығады. Ақлима бір көргеннен Біржан салға
ғашық болады да, олар сөз байласады. Біржан сал ел аралаған сапарынан
қайтарда Ақлиманы алып қашуға серт етеді.
Екі ғашықтың осы уағдасын сезіп қойған Арыстан сұлтан Ақлиманы
бұрын атастырып қойған жеріне мерзімінен ерте ұзатып жібереді. Бұл
жағдай Біржан салға оңайға соқпайды.
Назаланады. Шерменде жүрек аһ үрады. Сол кезде бүйірін соғып
тұрған қызыл нарға қарап тұрып, өзінің Ақлимаға арнаған әнін, осы
«Қызыл нарды» шығарған екен дейді.
Ән лезде елге тарап, ауыздан ауызға айтылып кете барады. Әдетте,
халық сүйіп айтқан әндер тексі үнемі өзгеріске түсіп, түрлі жағдаяттарға
байланысты қисынды-қисынсыз түзеулерге
ұшырайтынын білеміз. Осы тұрғыдан келгенде де:
Танысып сыр шертіскен Ақлимаш-ау, деген жолдың бүтіндей
өзгеріске түсіп кетуіне таңдануға да болмайды.
Міне, осының бәрін түйіндей келе ән өзінің иесін тапқанда ғана
айдарлы дегенді тағы қайталағымыз келіп отыр. Кешегі қилы заманда ел
басынан нені өткермеді дейсіз. Өнер де сол ел өмірінің бір бөлшегі
болса, о да тағдырдың талайлы уақиғасын кешіп, соқтықпалы-соқпақты
жолдан өткен. Соның бәрі оған өз белгісін салып, өз өктемдігін орнатып
отырған. Біз тілге тиек еткен бірді-екілі ән тарихына, тағдырына қатысты
мәселелер де соны меңзейді. Ал, қалай болғанда да ерте ме, кеш пе
ақиқаттың жалғанның жарығына шығатындығы секілді, халық әндері
деп аталып келген көптеген інжу-маржандарымыздың нақты өз иесін
тауып, атымен аталып, түсімен түстеліп тұрғанына не жетсін, шіркін!
1991
СЕГІЗ СЕРІ
ҚАЗАҚ ҚАЗАҚ атанып, қатық көжеге қарны тойып, қоң жиып,
қабырғалы ел болғалы оның абыройын асырып, дүйім дүниеге
даңқын жайған ай мүйізді серкелері аз емес-ті. Сол себепті де халқы
оларды ардақ тұтқан, есімдерін ел аруақ қып сиынған, әспеттеген.
Олардың аты ұрпақтан-ұрпаққа ұран боп айтылған. Ол ұран тарыдай
шашылған елге бірлік дарытқан, береке бұйыртқан.
Ел бірлігі дегенде ет жүрегі елжірей соғып, қанаттыға қақтырмай,
тұмсықтыға шоқыттырмай келер ұрпақ қамын жеген есіл ерлердің
есімдері қашанда халық жадында. Кімнің кім екені қазір ашық айтылып,
ақиқат үстемдік алып жатыр. Өзінің туа бітті талантымен, асқан
дарынымен ел-жұртын әнге бөлеп, өнерімен сусындатқан біртуар
перзенттер аты жариялылық заманымен бірге шолпан жұлдыздай
жарқырай көрінді. Ел жадында жатталып, заманхаттай сақталып қалған
небір інжу-маржан өнер туындылары өздерінің
ІІІЫН
иесін тапты, әділдік
салтанат құрды. Біржақты түсініктен арылған, ада болған ой-сана көші
ендігі жерде ақиқаттың алдында бас иді. Сөйтіп бауырқанған,
алабұртқан көңіл сабасына түскендей...
Алайда, бүгінгі қолдағы барға қанағат тұтып, осының өзі
болмағанда қайтер едік деп тоқмейілсісек, келер ұрпақ алдында қарызға
қалғанымыз. Аршылмай жатқан қазынамыз көп, тым көп. Ал солардың
бәрін шетінен кертіп алып асқан талғампаздықпен, жанашырлықпен
зерттеу, зерделеу — үлкен парыз. Бабалар есімі қайта жаңғырса,
жеткіншек жүрегінде ел мен жердің жоқшысы болған ақиықтар болмысы
тұлғалана түсер еді.
Міне, сондай айтылуы аздау, тарихтан өзі алар лайықты орынға сай
бағаланбай келе жатқан жайсаңдарымыздың бірі Сегіз сері еді. Күні
кешеге дейін бұл кісінің аты «ұмыт» қалып, оның шығармашылығы
туралы тұщымды ештеңе жазылмағаны да рас. Аракідік радио мен
теледидар хабарынан әндері берілгенде, есімі сөз арасында ауызға
алынғаны болмаса, көпшілік Сегіз сері бабамыздың өнерпаздығынан,
дүлдүлдігінен бейхабар келгені де жасырын емес. Білсек, осыдан бірер
жыл бүрын әйгілі «Ақбұлақ» әиінің авторлығы төңірегінде абырой
әпермес дау-дамай жургенде ғана білгенбіз... Білсек, әр жылдар
бедерінде жазылған газет-журнал мақалаларынан үзіп-жарып білгенбіз.
Ауызды қу шөппен сүртуге де болмас. Осы ретте Е. Жақыповтың, М.
Жармүхамбетовтың, Қ. Биғожиннің, Н. Әбуталиевтің біз білетін
материалдарын айтпай кету, әрине, қиянат болар еді. Қалай десек те,
бұлардың бәрі бүгінгі өскелең талап, рухани қажеттілік тұрғысынан
алып қарағанда жалпы әлеумет сұранымын қанағаттандыруда әлі де
аздық етеді.
Жоғарыда аттары аталған зиялыларға рахметтен басқа айтарымыз
жоқ. Өйткені, олар әрқайсысы өз мүмкіндігіне, қарымына қарай Сегіз
сері тақырыбына қалам тартты ғой.
Ал Сегіз сері ғұмыры мен оңың шығармашылығы хақында толымды
бір дүниенің қажеттілігін уақыт шіркіннің өзі-ақ сездірген-тін.
Міне, осынау олқылықтың орнын толтыруға ғалым, филология
ғылымының кандидаты Төлеш Сүлейменов ниет қылыпты. Оның
жуырда «Өнер» баспасынан шыққан «Сегіз сері» атты кітабында біртуар
өнерпаздың, халқы сүйген қалаулы ұлдың өнерпаздық жолы, азаматтық
болмысы арқау етілген.
Кітап «Беташардан» және «Өнерге қадам», «Қашқын келбеті»,
«Туған жер аясында» деп аталатын бөлімдерден тұрады. Сегіздің шын
аты Мүхаммедқанапия Баһрамұлының Сегіз сері атануы неліктен?
Мұнда не жұмбақ, сыр бар? Әйгілі өнерпаз ғұмырын зерттеушілердің
пікіріне қарағанда, бұл кісі сегіз қырлы өнер иесі болған соң осылай
десе, енді бірі Мүхаммедқанапия сегіз жасында әкесінің інілері Шағырай
сал мен Жанат серіге еріп шыққанда оқтап берген мылтықпен бір киікті
атып құлатады дейді. Осы жағдаятқа байланысты бұл бала сегіз жасында
киік атып алыпты, мұның аты Сегіз болсын деген әңгіме айтылады екен.
Бұл пікірдің қаншалықты ақиқат екені беймәлім, ал бірақ қалай болғанда
да оның бойындағы туа бітті таланты, тамаша қасиеттері ел жадында
жатталып қалған. Оны халқы ардақ тұтқан.
Бір ақиқат, мұндай қасиеттердің барлығы Сегіздің бойына әке
рухымен қонақтап, ана сүтімен дарыған деп айтуға болады. Оның өз
әкесі Баһрам батырлығымен даңқы шыққан кісі еді дейді, ал атасы
Шақшаң от ауызды, орақ тілді шешен болған, арғы атасы Толыбай
сыншылық қасиетімен дараланған кісілер. Бұлардың сыртында Сегіздің
бесінші бабасы Қарабас шешен мен одан туған Дүйсен серіні, айтулы
баһадүр Көшекті еске алсақ, оның орнықты ортадан, текті жерден
шыққанына көз жеткізер еді. Олай болса, бұлардың ұрпағы Сегіздің
бойында тамаша қасиет-тердің болуы, оған қонақтауы табиғи заңдылық
деп қарастыру керек. Жастайынан зерделі Шақшақтың «Өнерлінің беті
күн жарық, өнерсіздің беті көн шарық» деген сөзін ғүмыр бойы
бойтұмардай серік қып өткен екен.
Өсе келе азаматтық позициясы айқындалып, өзінің бойындағы бар
қасиетін халқына адал қызмет етуге арнаған Сегіздің парасат-пайымы
мына бір нақты мысалдан айқын аңғарылады.
Дәм бұйырып, Сегіз 1833 жылдың жазында әйгілі Исатай батырмен
кезігеді. Ол шақта Сегіз Омбының азиялық мектебінде оқып жүр екен.
Исатай ауылында болған кездесуде батыр өрімтал ұланға сұрақ
тастайды.
—
Әпесер бала, еліңнің қорғаны боласың ба, әлде патшаның
қолшоқпары боласың ба?—деп сұрайды.
Сегіз іріктелместен:
—
Елімнің қорғаны боламын,— депті. Батыр алдында айтылған осы
бір ауыз сөз Сегіз сері өмірінің бағыт-бағдарымен өрелесіп, оның
азаматтық болмысын, кісілік тұлғасын бедерлеген.
Кітаптың «Қашқын келбеті» деген бөлімінде әйгілі генерал П.
Горчаковтан қуғын көрген Сегіз серінің бастан кешкен қиыншылықтары
баяндалады. Баяндалып қана қоймай, осы кездері Сегіз сері дүниеге
әкелген ән мен жырлардың шығу жағдаяттары нанымды деректермен
өрілген. Сондай-ақ Сегіз серінің Жәңгір ханның ағасы Сауқыммен,
Көтібар Берсенұлы мен оның немере інісі Арыстан Тіленұлымен
кездесулері, Исатай-Махамбет есімдеріне байланысты оқиғалар,
авторлық пайымдаулар, өзіндік көзқарастар оқырманға ой салары сөзсіз.
Сегіз осылардың бірінде жанашыр ағайың ретінде бейнелесе, енді
бірінде қара қылды қақ жарсам деп әділдікдіктің туын ұстаған азамат
ретінде танылады.
Кітаптың «Туған жер аясында» деп аталатын бөлімінде оның ес
тоқтатқан, есейген шағындағы көзі көріп, өзі куә болған жағдаяттар
баяндалады. Мұндағы әрбір уақиға Сегіз серінің рухани өрлігінің,
кісілігінің, өнерпаздық талантының, шын дүлдүлдігінің дәлеліндей.
Әсіресе, Сегіздің П. Д, Горчаковпен арақатысы, «таспен атқанды —
аспен ат» дейтін халық даналығын қалай ұстағандығы нақты деректер
негізінде әңгімеленген. Батырдың жылдар бойы қазақтарға маза бермей
малын тонап, берекесін қашырған ұранқой, жоңғар, сібе тайпаларымен
соғысы айрықша назар аудартады.
Қалғұтан бойында өткен Кішкентай бидің асына қатысып өнер
сынасуы, Сайдалы, Аққошқар сынды ел ағаларымен сыйластығы
сипатталатын тұстар Сегіз серінің азаматтық болмысын әрлей түсетін
детальдар да екені даусыз.
Қаламгер Төлеш Сүлейменов елеулі шаруа тындырған деп айтуға
болады. Кітапты оқыған кісі «Сегіз сері» автордың жылдар бойғы
ізденісінің жемісі екенін айқын байқар еді. Осы тұста, сөз реті келгенде
мына бір мәселені де айтсақ деп едік. Соңғы кездері тарихи тұлғалар,
батырлар туралы жазылған дүниелерде «дейді екен де дейді екен» деген
сыңайдағы әңгімелер бой алып бара жатқан секілді. Әрине, батырлар,
жекеленген тұлғалар туралы жазған дұрыс. Халық біле берсін. Кімнің
кім екенін танысын. Ал бірақ қалай болғанда да әңгіме ақиқаттан бастау
алуы керек, демек шын тарихи дерек сөз алуы тиіс.
Міне, мәселеге осы тұрғыдан келгенде өзі әңгімелеп отырған
жағдаяттарға жұрт көңілін сендірудің қарапайым, әрі дұрыс әдісін
пайдаланған Т. Сүлейменов кітаптың әр тарауы бойынша пайдаланған
әдебиеттерінің, басқа да материалдарының тізімін берген. Өте дұрыс
істеген. Көңіліңізде күдік ұялаған екен, сілтеме бойынша тиісті
әдебиетін қараңыз.
ХАЛЫҚ ТА «Біткен іске сыншы көп» дейтін сөз бар. Бұны айтқанда
жоқтан бар жасап, кемшілік тергелі отырған жоқпыз. Дегенмен де
келешекте ескерілуге тиісті бірді-екілі мәселелерді айтпай кетуге
болмас. Соның бірі — кейде автор пікір қайшылығына ұрынып
жататыныны байқалады, Мәселен, мына екі сөйлемді алып қарасақ,
«Демек, Сегіз сері жайлы еңбектер жазған авторлар (Ә. Марғұлан, Е.
Жақыпов, М. Жармұхамедов, И. Кенжалиев, Қ. Мұхамедқанов, Ж.
Бектұров, Ә. Дайыров, Қ. Биғожин, Н. Әбутәлиев, т. б.) оның әншілігі
мен ақындығына, күйшілігі мен композиторлығына ғылыми талдау
жасамай, өлең-жырларынан үзінділер келтіріп, әндерінің атын атаумен
ғана шектеліп келеді» деп келеді де
,
келесі сөйлемде былай дейді:
«Солардың ішінде филология ғылымдарының кандидаттары Е. Жақыпов
пен М. Жармұхамедов Сегіз Шақшақовтың өмірі мен творчествосына
ғылыми тұрғысынан назар аударып, елді елең еткізгені белгілі». Осы
екі сөйлемдегі асты сызылған сөздерге назар аударыңыз. Т.
Сүлейменовтың қай пікіріне тоқтауға болады сонда?
Сөйлем
құруда кібіртік бар, тігісін жатқызып, әдіптеп жіберетін
жерлер жоқ емес, әрине. Кітаптағы
Сегіз
серінің әр әніне байланысты
келтірілген деректер мөлдіреп тұрған бір-бір новелланың, яки
әңгіменің
өзегі-ақ екен
деген ой келеді.
Бұдан шығарған
қорытынды
,
Сегіз сері
хақында етек-жеңі мол,
көркем дүние жазыла
қалса,
осы кітаптағы аса
бай
мәліметтер рухани
ортақ қазынамызға
өлшеусіз қызмет етпек.
Ойды
ой
қозғайды. Енді осы кітапты
оқып отырғанда
ойға оралған
мына бір
мәселені айтуды
жөн көріп отырмыз. Ол
өзінің қысқа
ғұмырында халқымыздың мәдени-рухани үрдісінде айтулы
із
қалдырған
Сегіз
сері Баһрамұлы есімі
қайтсек ұрпақтар
жадында ойтұмардай
сақталмақ
деген шаруа. Біз пікір білдіріп отырған
кітап, сөз
жоқ,
осы
ыңғайдағы қам-қарекеттің
бірі.
Бірақ мұнымен шектеліп қалуға
болмас.
Жақында Алматыда «Жігіттің сұлтаны» деп
аталатын
республикалық бәйге дүркі
реп өтті. Дәстүрге айнала
бастаған бұл
бәйгенің сайыстарын тамашалап отырғанда Сегіз
сері бабамыздың есімі
еріксіз
ойға
оралған.
Бұл кездейсоқтық
па, әлде заңдылық
па?
Біздіңше
—
заңдылық. Бұл байқау шартында
жігіттеріміз
сегіз қырлы болып, сол
өнерлерін дүйім ел алдында паш етіп, жеңімпаз
атануы
тиіс екен.
Кезінде осындай қасиеттерді бойына дарытқан, халқын ән мен жырға
бөлеген. Дала жұртын
сұлулық
пен серіліктің салтанатымен тәрбиелеген
Сегіз
сері, Балуан Шолақ, Сәкен
сынды
жампоздардың бәйге өтіп жатқан
күндері аттарының аталмауы, не олар қалыптастырған дәстүр хақында
әңгі
ме қозғалмай қалуы өкінішті-ақ.
«Жігіттің сұлтанында» келешекте
осы жағдаят мықтап
ескерілсе. Демек, осы бәйгедегі
бас жүлдені
Сегіз
сері
Баһрамұлы
атындағы
деп
айдар
тақса
несі
айып? Сонда
«Мен
жүлдесін жеңіп
алған
Сегіз сері кім еді»
деп жүлде
иесі
ойланса,
былайғы жұрт
та
осы төңіректе
пікір
түйері сөзсіз.
Бұл —
бір мәселе.
Ал, Сегіз
серінің атын эәспеттеу
тұрғысында
атқарылар шаруа, ең
алдымен,
ол
өзі туып-өскен
Солтүстік
Қазақстан
облысының Жамбыл
ауданында
мықтап
қолға
алынуы
керек. Осы
төңіректегі
іс басында
ғы
азаматтар бүгінгідей
күрделі де күрмеуі көп
заманда жастар
жадында
тарихи шындықты,
ақиқатты қалыптастыруда
ба
балар есімін
жаңғыртудың
қаншалықты өлшеусіз рөл
атқаратынын
білуі керек-
ақ.
Көрінген
келімсек
қазақ
елінің терри
ториялық
тұтастығына көз алартып,
өнбес
әңгіме өрбітіп,
ел
арасында алауыздықтың
уытын
жайып жүргенде
бұл
мәселе
айрық
ша
өзекті. Өйткені, осынау
Атамекенде кешегі
қилы
заманда
ауыздығымен
ат суарған
Ер Сегіз сынды баһадүрдің
батырлық
шежіресі, даласында
желмен жарысқан
тұлпарының ізі сайрап
жатқандығын
білсе
керек-ті.
Мұны ол өзі
былай деп айтқан-ды:
Мен Сегіз,
ел жауымен көп шайқастым,
Алтай мен
Алатауда майдан аштым.
Осындай
болып тұрған заманында,
Арасын мағлұм
еттім дос пен қастың.
Күні
бүгінге
дейін ел ішінде: «Бұл
ән халықтыкі емес,
оның шын
авторы Сегіз
сері ғой»
дейтін әңгімелер жиі айтылады. Сондықтан көп
нәрсенің ақ-қарасын
айырып,
Сегіз серінің әндерінің жинағын
(нотасымен)
шығаратын да уақыт жетті.
Ал
оның ғұмыры мен
шығармашылың
жолын
арқау еткен көркем туындылар
жазу
қаламгер
ағайындарға аманат.
«Сегіз
сері»
атты кітаптан түйгеи пікірлер
және
ол түрткі
болған
әңгімелер
жосығы, міне,
осы еді
1992
Достарыңызбен бөлісу: |