Оқудағы бихевиористикалық тәсіл (мінез –құлықты зерделеу) Джон Уотсон, Эдварл Торндайк
Оқудағы танымдық тәсіл Пиаже, Выготский
Оқудағы гуманистік тәсіл
Маслоу мен Роджерс
Оқудағы әлеуметтік – жағдаяттық тәсіл
Альберт Бандура
Зейін
Хаган мен Хейл
1973
Жады
Жас ерекшеліктері тұрғысынан оқу үдерісі
Оқудағы бихевиористикалық тәсіл Психологиядағы бихевиористикалық бағыт ортамен өзара байланыстағы мінез-құлықты зерделеу үшін эксперименттік рәсімдерді пайдалануды қарастырады.
Бихевиоризмнің негізін салушы Джон.Б.Уотсон. «Түрткі - реакция» модеін әзірлеп, онда орта оған орай тұлға әрекет ететін түрткілерді өндіруші ретіне қарастырған. Эдвард.Л.Торндайк сияқты зерттеуші осы идеяны негізге ала отырып, Т-Р оқу теориясын әзірледі. Олар мінез – құлық нәтижесінде реакция күшейетінін немесе әлсірейтінін атап көрсеткен. Скинер осы көзқарасты бұдан әрі дамытты және ол қазір «оперантты шарттылық» ретінде белгілі: адамдардың лайықты іс –әрекеттерін ынталандыру мақсатында оларды көтермелеу, ал тоқтатылуы қажет мінез-құлықты елемеу ол үшін жаза қолдану.
Оқудағы гуманистік тәсіл Бұл тәсілде адамның өсуіне ерекше назар аударылған. Бұл тәсілдің негізін өалаушылар-Маслоу мен Роджерс (1970-1980). Бұл тәсілде адамның өсудегі әлеуетіне ерекше назар аударылады. Бұл әдіс адамдарға оқу объектілері ретінде қарауға қарсы шығып, сол арқылы бостандық, таңдау, уәж және сезімдерді қамтитын эмоционалдық және субъекивті әлем бар екенін растады. Бұл ретте ең белгілі мысал Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы болуы мүмкін.
Оқудағы гуманистік тәсілді анағұрлым толығырақ зерттеген Карл Роджерс. Оның зерттеуі логикалық және интуитивті, зият пен сезім үйлесім тапқан барлық тәжірибесімен білімімен қоса алғанда жеке тұлғаны толық қамтиды. «Осындай тәсілмен оқығанда біз бүтінбіз біз еркекке және әйелге тән қабілеттерімізді толық жүзеге асырамыз.