Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері


Табиғи сұрыптаудың негізгі формалары



бет39/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   131
17. Табиғи сұрыптаудың негізгі формалары.


Қозғаушы сұрыптау. Дизруптивті (бөлініп кетуші) сұрыптау. Тұрақтандырушы сұрыптау. Жыныстық сұрыптау

Эволюция негізнен қозғаушы және тұрақтандырушы сұрыптау арқылы жүзеге асады. Эволюция процесіндегі қозғаушы және тұрақтандырушы сұрыптау ілімін қалыптастырған И.И. Шмальгаузен.




Қозғаушы сұрыптау және оның түрлері. Аты айтып тұрғандай эволюцияның творчестволық күші осы болып табылады. Қозғаушы сұрыптау кезінде қалыптасқан нормадан бейімділігі жоғары өкілдер қалып отырады. Қозғаушы сұрыптаудың генетикалық негізгі популяцияның тұқым қуатын өзгергіштігі. Оның экологиялық себептері қоршаған ортаның өзгеруі. Бұрынғы тіршіліке бейімделігі аз мутанттар жаңа өзгерген жағдайда селекциялық артықшылыққа ие болады, нәтижесінде бұрынғы қалыптасқан норманы ығыстырып шығады. Осыған байланысты популяцияның генетикалық құрылымы да өзгереді. Себебі популяцияда жаңа мутанттар көюейе бастайды. Қозғаушы сұрыптау мына үш бағытта жүреді:

Бағыттаушы сұрыптау қоршаған орта ұзақ уақы бір бағытта өзгергенде пайда болады. Оның мысалы ретінде насекомдардың улы заттарғы бейімделуін айтуға болады. Мутанттар белгілі бір белгісі бойынша сұрыпталып отырса оны тура сұрыптау деп атайды. Бағыттаушы сұрыптаудың нәтижесінде популяция жаңа популяцияларға бөлінбей жаңа қасиетке ие популяция пайда болса оны филетикалық эволюция деп атайды. Насекомдардың улы химикаттарға бейімделуі филетикалық эволюцияның физиология бойынша жүрген көрінісі. Сонымен, бағыттаушы сұрыптау нәтижесінде жаңа адаптациялар және түрлер пайда болады.

Дизруптивті (бөлініп кетуші) сұрыптау кезінде адаптивті өзгеріске бейім жоғарғы не төменгі варианттар қалып, орташа варианттар қалып, орташа варианттар жойылып кетіп отырады. Мұндай сұрыптау да ұзақ уақыт әр түрлі бағытта өзгерген орта әсерінен болады. Нәтижесінде бір популяциядан екі және одан да көп популяциялар пайда болады. Дизруптивті сұрыптау Дарвиннің дивергенция принципімен жүреді, туыс формаларэкологиялық ажырасуға мәжбүр болады да, соңынан жаңа түрлер пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет