Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі логистика және көлік академиясы «Энергетика»



Дата25.11.2023
өлшемі355,99 Kb.
#127101
түріСабақ
Байланысты:
практика ЭТМ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ КӨЛІК АКАДЕМИЯСЫ


«Энергетика» кафедрасы


Электронды техника және электрмен қамту түрлендіргіштері
пәні бойынша тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқау


тақырыбы: Трансформаторлар
Электрэнергетикасы мамандығы студенттеріне арналған

Алматы 2022ж
Трансформаторлар туралы түсінік

Жылу және су электр стансыларында жағармайдың және судың энергиясын, ал атом электрлік стансыларда ішкі ядролық энергияны бірінші қозғалтқыштар (турбиналар) арқылы айналмалы қозғалыстағы механикалық энергияға, ал соңғысын электрлік генераторлардың көмегімен электр тогының энергиясына түрлендіреді. Тұрақты токтағы генераторларды артықшылыққа ие номинал кернеулерге 115, 230 және 460 В, ал үшфазалы токтағы генераторларды 6,3; 10,5 және 16 кВ кернеулерге құрастырылады.


Өндірістік кәсіпорындарында және транспорттарда электрлік энергияны пайдалану көп жағдайда электр тогының энергиясын айналатын механикалық энергияға (әр түрдегі станоктарды, технологиялық машиналарды, көтеру транспорттық құрылғыларды және механизмдерді келтірумен) түрлендірумен байланысты. Бұл түрлендірулер электрлік қозғалтқыштардың көмегімен іске асырылады. Тұрақты токтағы электрлік қозғалтқыштар негізінен 110, 220 және 440 в кернеуге, ал үшфазалы токтағы қозғалтқыштар 380/220, 220/127 в және көп кездесе бермейтін 3; 6; 10 кВ кернеуге құрастырылады.
Қазіргі уақытта айнымалы токтағы алыс электрлік тасымалдаулардағы желілерді 35, 110, 220 және де 400-500 кВ кернеулеріне тұрғызылады. Бірақ та, осындай жоғары кернеулерді тікелей генератордан алуға болмайды; тағы да негізінен электрлік қабылдағыштар да 380 немесе 500 В-тен аспайтын кернеуге есептелген, тек кейбіреулері ғана қуатты электрлік қозғалтқыштары 6-10 кВ кернеулерге құрастырылады. Осыған байланысты бір кернеудің айнымалы тогын сол жиіліктегі басқа кернеудегі айнымалы токқа түрлендіретін трансформаторларды кеңінен пайдаланады. 1 суретте электрмен жабдықтаудың қарапайым принципиалды сұлбасы көрсетілген. Генератордан кейін жоғарлатқыш трансформаторы, ал электрді тасымалдау желісінің ЭТЖ соңында төмендеткіш трансформаторы орнатылған, ол жүктемені қоректендіреді. Механикалық энергияны электрлікке түрлендіретін генераторлардың және электрлік энергияны механикалыққа түрлендіретін қозғалтқыштардың ортақ аты ол электрлік машиналар деп аталады. Оларға бір түрдегі электр тогын басқаға (мысалға, айнымалыны тұрақтыға), түрлендіруге арналған машиналарды және айналатын айнымалы токтағы жиілікті түрлендіргіштерге жатқызуға болады.



1 тапсырма


Шарты: N1=2000 орамды трансформатордың біріншілік орамдарының ұшындағы кернеуді анықтаңыз. Егер N2=5000 орамды екіншілік орам ұштарындағы кернеу 50 В болса, трансформатор орамаларының белсенді кедергілері есепке алынбаған жағдайда.


Шешімі: трансформациялау коэффициенті үшін келесі формуланы қабылдаймыз:
трансформациялау коэффициентi деп атайды. К>1 болғанда трансформаторлар төмендеткiш, ал K<1 болса жоғарылатқыш трансформаторлар болып табылады.






Берілген формуладан: U1=U2N1


N2
Жауабы:
2 тапсырма
Шарты: Трансформатордың біріншілік орамының кернеуі 220 В, және одан 0,5 А ток жүріп өтеді. Екіншілік орам кернеуі 9,5 В, ал ток күші 11 А тең. Трансформатордың ПӘК (пайдалы әсер коэффициентін) анықтаңыз.






Шешімі: Трансформатордың ПӘК үшін формула



мұндағы P=UI – орамдардағы токтың қуаты


шарттардан берілген мәндерді алып, көрсетілген формуланы қолданамыз





Жауабы:
3 тапсырма
Шарты: Төмендеткіш трансформатордың біріншілік орамының кернеуі 220 В, қуаты 44 Вт. Орамдағы орам сандарының саны 5 тең болса, екіншілік орамдағы ток күшін анықтаңыз.. Энергия шығындарын есепке алмаймыз.


Шешімі: Екіншілік орамдағы кернеу:



Энергия шығыны жоқ деп есептейтін болсақ, онда екіншілік орам қуаты, біріншілік орам қуатындағыдай болады.





Жауабы:

4 тапсырма


Шарты: Төмендеткіш трансформатор кернеуі 1000 В желіге қосылған және желіден 400 Вт қуат тұтынады. Егер екіншілік орамда ток 3,8 А болатын болса, трансформатордығ ПӘК қаншаға тең? Трансформациялау коэффициенті 10 тең.
Шешімі:
Трансформатордың екіншілік орамының кернеуін анықтау керек:

Трансформатордың ПӘК үшін формула және есептелуі:





Жауабы:
Бақылау сұрақтары:



  1. Электрлік және автотрансформаторлар

  2. Үшфазалы трансформатордың құрылысы

  3. Трансформатордың жүктемесіз режімі

  4. Үшфазалы трансформаторлардың жалғану топтары


  1. Трансформатор түрлері

  2. Бірфазалы трансформатордың құрылысы

  3. Трансформатордың жүктемелік режімі

  4. Трансформатордың бос жүрісі



  1. Формулаға мәндерді қойып есептейміз: U1=50⋅2000/5000=20 В

Жауабы: 20 В.

  1. η=U2I2/U1I1⋅100%η=9,5⋅11/220⋅0,5⋅100%=95%

Ответ: 95%



  1. I2=P2/U2=44 Вт/44 В=1 А

Ответ: 1А

η=100⋅3,8/400⋅100%=95%


Ответ: 95%

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет