Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022


Өсімдіктерден алынатын іш өткізетін дәрілік заттар тобы



бет41/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   143
Өсімдіктерден алынатын іш өткізетін дәрілік заттар тобы
Ішкізілетін сұйық майлар ас қорыту жолындағы азықтық заттарды жұмсаттады және оның ас қорыту жолы арқылы жылжуын тездетеді. Нәтижесінде іш өткізгіш дәрі ретінде әсер етеді. Сондықтан олардың бәрін іш өткізгіш заттар ретінде қолдануга болады. Ішекте сілтінің және май ферменттерінің әсерімен жаңа қосылыстар түзіп ыдырайды,бұл қосылыстар өзднрінің қасиеттеріне қарай әр түрлі әсер етеді. Бұл бөлімде ыдырау кезінде ас қорыту жолындағы сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіретін , сөйтіп іш өткізгіш әсер ететін қосылыстар түзетін майлар ғана қаралады.
Кастор майы (үпілмәлік майы) –Oleum Ricini. Үпілмәлік өсімдігінің дәнін сығу арқылы алады. Құрамында рицинол қышқылының үшглицириді болады. Қою , тұтқыр , мөлдір майлы сұйықтық. Аздап сарғыш түсті, өзіндік әлсіз иісі бар. Тығыздығы 0,946-0,970, температура төмендегенде қоюланады. 0  -та лайланады. Суда ерімейді. Басқа майлардан айырмашылығы құрамында оксиқышқылы болғандықтан спирттің 3 бөлігінде (20%) , хлороформда, бензолда және басқа органикалық еріткіштерде басқа майлар сияқты ериді.
Рицинол қышқылының триглицириді өзінен-өзі іш өткізгіш ретінде әсері болмайды , сондықтан ішкізілген кастор майы ең алдымен сұйық май ретінде асқазандағы азықтық заттарды жұмсартып , оның ішекте жылжуына жәрдемдеседі. Аш ішектің сілтілі ортасына түскенннен кейін , көп ұзамай ыдырап , рицинол қышқылы мен оның тұздарын түзеді., олар оған ерекше әсер етеді., ішектің сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіреді , олар ішектің жиырылуын күшейтеді. Рицинол қышқылының тұздары тез сіңіріледі , сондықтан олардың іш өткізгіштік әсері ішектің ащы ішек бөлігінде және тоқ ішектің басталған жерімен ғана шектеледі.
Кастор майының іш өткізгіш әсері жүйке ұштарын баяу тітіркендіруге ұласады, оны тіпті ішектің қабынуында да қолдануға болады , ол сондай-ақ қосалқы әсер етпейді. Ұзақ емдеу үшін кастор майын қолданбайды , өйткені бұл ретте ол ас қорытуды бұзады. Шөп қоректі жануарларда ішектің тоқ ішек бөлігі ірілеу болып келеді , сондықтан іш өткізгіштік әсер етуі үшін іш өткізгіштік заттарды көп мөлшерде қолдану керек. Іш өткізу майды тек көп мөлшерде қолданғанда ғана басталады.
Теріге спиртте ерітілген (1:2) немесе сілтінің әлсіз ерітіндісіндегі кастор майы жүннің , шаштың өсуін күшейту үшін қолданылады.
Үпілмәліктің дәнінде кастор майымен бірге ультра әсер ететін рицин бар . Сондықтан кейде мал улануы да мүмкін . Рицин ас қорыту жолындағы рецепторларды өте күшті тітіркендіреді , құстырады және асказан мен ішектің шырышты қабығын ауыр түрде қабындырады , күшті әлсіретіп , талықсытады. Желінген бірнеше түйір дән адамның немесе малдың өліп кетуіне себеп болуы мүмкін . Жануарларға рицинді аз мөлшерден біртіндеп берсе , онда олардың бойында уға деген иммунитет өалыптасады. Мұндай жануарлар 1 килограммға жуық дәнді ешбір тартынбай-ақ жей береді. Рицин белокты зат болып табылады және жоғары температурада зарарсызданады , ыстықта үпілмәлік күнжарасын өңдегеннен кейін азық ретінде пайдалануга болады. Кастор майының құрамында рицин болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет