Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022


Хлорлы кальций – Calcii chloridium (кальций хлор), CaCl



бет90/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   143
Хлорлы кальций – Calcii chloridium (кальций хлор), CaCl2 6H2O. Ащы дәмі бар, призма тәрізді түссіз кристалдар. Суды өзіне тез сіңіріп алады. Судың 0,25, спирттің 9 бөлігінде ериді. Сулы ерітінділерінің реакциясы бейтарап келеді. Кальцийді кристалл түрінде сақтау өте қиын, себебі ол ауадағы ылғалды өзіне оңай тартып алып, ери бастайды. Көбінесе ол 50%-ды ерітінді түрінде қолданылады. Хлорлы кальций жергілікті жерге қолайсыз әсер етеді. Оның 1-2%-ды ерітіндісі ұлпаларды қабындырады, ол 10-15%-ды ертінідісі некроздайды. Оны ішке береді және күре тамырына егеді. Тері астына егуге болмадйы. Ас қорыту жүйесінде хлорлы кальцийдің негізгі бөлігі басқа тұздарға айналады, ал аздағанмөлшері организмге баяу сіңеді. Сол себепті оны резербтивті әсер ету үшін ішке беру арқылы қолдануға болмайды, тек күре тамыры арқылы ғана қолданады.
Оның резебтивті әсерінен жүректің жиырылуы күшейіп, жылдамдайды. Қанның ұю қасиеті артады. Қан тамырлары қатайып, өткізгіштігі төмендейді. Орталық жүйке жүйесінің қозуын бәседетеді, магнийдің әсерінен болған наркозды жояды. Адренергиялық иннервацияны күшейтіп, ретикулоэндотелиальды жүйенің қызметін жақсартады, лейкоциттердің фагоцитарлы қызметін арттыра отырып, қабынуға қарсы әсер етеді. Хлорлы кальцийдің емдік мөлшерін күре тамыры арқылы еккенде диурез күшейеді.
Хлорлы кальцийді қабынуларды, ісінулерді болдырмауға, малдардың іш тастауының алдын алуға, жатырдың қабынуында, малдардың шуы түспей қалғанда қоладанады. Емдік мақсаттары үшін тетания, спазмофилия кезінде, остеопатияның әр түрлі формаларында, аллергиялық жағдайларда, бауырдың улы заттардың әсерінен бүлінуінде, бөртпелер мен безгекте, септикопиемияда, қан тоқтататын зет ретінде ішкі мүшелердің қан кетуінде пайдаланылады.
Препаратты күре тамырына егу кезінде оның аздаған мөлшері тері астына құылып кететін болса, сол жерде қабыну пайда болады және көпке дейін кетпейтін қатты ісік қалады. Мұндай қолайсыз әсерді болдырмау үшін, ешілетін жерге аздаған мөлшерде хлорлы натрийдің немесе натрий сульфатының 10% ерітіндісін алдын ала егеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет