Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022


Кальций глюконаты (глюконқышқылды кальций) - Calcii qluconas



бет91/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   143
Кальций глюконаты (глюконқышқылды кальций) - Calcii qluconas. Құрамында 9% кальций бар. Иіссіз, дәмсіз, ақ түсті түйіршік ұнтақ. Салқые судың 50 бөлігінде ериді, сприт пен эфирде ерімейді. Ұлпаларды тітіркендірмейді. Резорбтивті әсері хлорлы кальциге ұқсас, бірақ оған қарағанда едәуір әлсіз және баяу әсер етеді. Қабынуға және буаз малдардың іш тастауын алдын алуға, сонымен бірге оранизмде кальций алмасу бұзылғанда қолданады. Ішке береді, бұлшық етке және күре тамырына егеді. Ішке бергендегі: бұзауларға 1,0-6,0 г; торайларға 0,2-1,0 г.
Кальций фосфаты - Calcii phosphas, CaHPO4 2H2O. Суда ерімейтін ақ түсті ұнтақ зат. Рахит, остеомаляция және созылмалы диареяда жақсы әсер етеді. Фосфор қышқылдарының кальцилі тұздарының ішіндегі ең маңыздыларына – үшкальций фосфат жатады.
Кальций лактаты (сүт қышқылды кальций) - Calcii lactas. Иіссіз ақ түсті ұнтақ немесе түйіршік зат. Судың 20 бөлігінде ериді. Ішке беріп қолданылады. Қолданылатын кездері және мөлшері кальций глюконатына ұқсас.
Кальций корбанаты (бор) - Calcii carbonas, CaCo3. Суда ерімейтін ақ түсті ұнтақ зат. Жануарларда кальций алмасу нашарлағанда ішке беріп қолданады. Сүйектер сынғанда, олардың жазылуын жалдамдатады. Іш өткен кезде тұтқырлық әсер етеді және қабынуға қарсы зат ретінде қолданылады. Қарында қышқылдарды бейтараптайды. Оны қарын сөлінің гиперсекрециясында және қышқылдармен уланғанда қолдануға болады.
Құрғатылған кальций сульфаты (құрағатылған күкіртқышқылды кальций, күйдірілген гипс) – Calcii sulfas ustum. Ақ түсті немесе аздап сарғыштау келген ұсақ аморфты ұнтақ. Спиртте ерімейді, суда өте нашар ериді (1:600).
Сумен араластырғанда (2:1), қатты затқа айналадыда, бұл кезде өте көп мөлшерде жылу бөлінеді. Гипстің қату қасиетін хирургиялық практикада гипсті таңулар қойғанда қолданады.
Күйдірілген гипсті кальций сульфатын (caSO4 2H2O) 1500C-ға дейін қыздыру арқылы алады, ал оны 2000С –тан жоғарғы температурада қыздырса, ол сумен арастырғанда қатты масса айналу қасиетінен айырылады.
Тауықтардың өз қауырсындарын өзі жеп қоятын ауруларында кальций сульфатын тәулігіне 0,5-3,0 г. Мөлшерінде емдік және профилактикалық мақсаттармен қолданады.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған сілтілік және сілтілік жер металдары тұздарының препараттарымен бірге натрий әдедат, магний аспармнат, кальций тетацин, ветгмокосалан, регибет, гипертон, регидральтан секілді жаңа препараттары өндірісте кеңінен қолданылуда.
Көптеген дәрілік заттардың емдік және аурудың алдын ала әсер етуінің негізі олардың қан сарысуында, әртүрлі торшаларда, тіптен органеллаларда глобулиндік фракциядагы спецификалык белоктар мөлшерін көбейту болып табылады.
Антиденелер белсенділігіне байланысты айқын спецификалық, әлсіз спецификалык және спецификалық емес деп бөлінеді. Спецификалық антиденелер тек қана белгілі бір антигендермен қосылысады. Әлсіз спецификалық антиденелердіц белсенділігі төмендеу болады; бірақ олар біршама сәйксс топтары бар бірнеше химиялық қосылыстармен әрекеттесе алады. Үшінші топқа жататын антиденелер шартты түрде солай деп аталынған. Кейбір зерттеушілер оларға тек қана глобулиндер емес, барлық қан белоктарын, амин қышкылдарын, аитиметаболиттерді, ұлпалық препараттарды, лизаттарды жәие т.б. жатқызады.
Спецификалық және әлсіз спецификалық антитденелер микробиология және эпизоотология ғылымында зерттелінеді. Спецификалык емес антиденелерді кейде толық емес антиденелер деп атайды және олар көбінесе пурин, феналин туындыларының әсерінен, витаминдік, гормональдық әсер беретін заттардың ықпалынан пайда болады. Бұл бағытта айқын спецификалық әсер амин қышқылдары, спецификалық қан сарысуы, ұлпалық препараттар және бактериялдық препапаттар ықпалынан болады. (С.Ш.Саханян, В.И.Исаев т.б.).
Гистидин - Histidinum. Суда жақсы еритін, спиртте біршама еритін, ұсақ кристалды ұнтақ. 5 мл ампулаларда 4 % - дық ерітінді түрінде шығарылады. Метиоиил тәріздес ғистидии де алмастырылмайтын амин кышқылдарына жатады. Гистидиннің жануар организміндегі биологиялық ыдырауы кезінде гистомии түзіледі. Препарат малдың өсуі баяулаған кезде, асқазан және ішек қызметтері төмендегенде, анилин туындыларымен уланған кезде жақсы емдік әсер көрсетеді. Официналдық ерітіндінің бұлшық етке енгізілу мөлшері бұзауларға (1 жаска дсйінгілер) - 5-8 мл; иттерге - 3-5 мл.
Глутамин қышқылы - Acidum qlutaminicum. Ак түсті, иіссіз, қышқыл дәмі бар, суда нашар еритін, әлсіз қышқыл және сілті ерітінділерінде жақсы еритін қиыршық ұнтақ. Қыздырғанға төзімді глутамин кышқылы көп мөлшерде ми ұлпасының кұрамында кездеседі. Ол азоттық және көмірсулар алмасуына қатысады, аденозин үшфосфорлы қышқылы мен ацетилхолиннің пайда болуына жағдай жасайдьі; аммиакты байланыстыра отырып денедегі дезинтоксикация кұбылысына қатысады
Қолданылуы: депрессия кұбылыстары арқылы өтетін аурулар кезінде, мал әлсірегенде, дененің созылмалы улануы кезінде, бұлшык ет дистрофиясы кезінде және жүйке жүйесі тозған жағдайларда. Ішкізу және венаға енгізу үшін тағайындалынады.
Ұлпалық препараттар. 1933 жылы академик В.П.Филатовтың ұсынуы арқылы практикаға енгізілген. Автор денеден бөліп апынған жануар ұлпалары бірден өліп кетпейтіндігіне, оларда зат алмасу құбылыстары біршама уақыт сақталатындығына назар аударған.
Мұндай зат алмасу ұлпалардың қандай жағдайларда . ұсталынуына байланысты әртүрлі өтеді. Әртүрлі колайсыз жағдайлар әсерінен мұндай зат алмасулар кезіндс В.П.Филатовтың «Қарсыласу заттары» немесе биогендік стимуляторлар деп атаған биологиялық белсенділігі жоғары заттар пайда болады . Мал организміне енгізілген осындай ұлпалық препараттар метаболизмді күшейтеді, орталық жүйке жүйесінің реттегіш остерін жақсартады немесе қалыпқа түсіреді, организмнің фуикционалдык қызметін және әртүрлі жағымсыз әсерлерге қарсылығын күшейтеді.
Биогендік стимуляторлар әртүрлі жолмен өңделген ұлпалар немесе олардың сығындысы (экстрактісі) болуы мүмкін. Мал шаруашылығында бауыр, бұлшық ет, аналық-аталық бездер, қан, ұйқы безі, көк бауыр және т.б. жануар ұлпалары қолданылады
В.П.Филатов әдісі бойынша препарат дайындау оңай. Асептикалық жағдайда алынған жануар ұлпалары керекті мөлшерде ұсақталынады да банкілерге салынып 4-5 тәулікке тоңазытқышта + 2-4°С-да ұсталынады. Сонан соң, оларға белгілі бір пішін беріледі де арнаулы нұсқау бойынша қолданылады: Ұлпалық препараттарды тек кана стерильденген түрде, зиян еместігі және жоғары белсенділігі тексерілгеи coң ғана пайдалануға рұксат етіледі. Кей кездері препарат дайындау үшін бірнеше ұлпа немесе мүше (бауыр, өкпе, көк бауыр) әртүрлі арақатынаста бірге алынады.
Ұлпалық биостимуляторлар әртүрлі дәрежеде организмнің физиологиялық, фуикционалдық қабілетін арттырады. Мұндай әсер орталық жүйке, жүйесі қызметінде ферменттік процестердің вегетатиівтік иннервациясы, гормональдық және секреторлы қызмет, иммунобиологилық. жағдайда, қан пайда болуының белсенді түрінде күшті байқалады. Ұлпалық препараттар сау оргаиизмдегі физиологиялық құбылыстарды біршама арттырып, оның жағымсыз әсерлерге деген қарсылығын айтарлықтай күшейтеді.
Мал ауырған кезде физиологиялық-кұбылыстардың қалыпқа түсуіие ықпал жасайды; емдік әсер біртіндеп - дамиды және препараттың аз молшері әсерінен заңды түрде қалыптасады. Бұл әсер ұзаққа созылған науқас кезінде күштірек болады... Ұлпалық препараттардың органикалық қосылыстары ыдырай отырып жаңадан тітіркендіргіш заттар түзеді. Ыдырау процессі бірнеше тәулікке созылатындықтан куаттандырғыш әсер де ұзақ болады. Алмасу құбылыстарына жалпы әсер препараттың Лз мөлшерін колданатын кезде айқынырақ білінеді. Ал көп мөлшерде қолданған жағдайда олар зат алмасу кұбылыстары мен орталық жүйке жүйесі арасыидағы рефлекторлық байланысты бұзып емдік, алдын ала , куаттандырғыш әсер етудің орнына зиянын тигізуі мүмкін.
Себебі қанда әртүрлі биохимиялық комплекстер мен қорганыштық және стимуляциялық әсер беретін заттардың ең көп мөлшері шоғырланған. Сонымсн бірге, қан паремтеральдық белоктық қоректендірудегі ең бір бағалы зат болып табылады. Кез келген сау малдың қаны өте күшті стимулятор болады, .сондықтан да медицинада, ветеринарияда аутогемотерапия мен кан құю өте бағалы емдік фактор болып есептелінеді.
Жануарларға қанның өзін таза күйінде, немесе оның әртүрлі спецификалық сарысуларын қолданады. Қан сарысуларының ішіндегі ең маңыздыларының бірі аитиретикулярлық цитотоксикалық қан сарысуы (АЦС).
АСҚС-антиретикулярлық цитотоксикалық қан сарысуы организм реактивтілігін арттыру мақсатымен А.А.Богомолец ұсынған препарат. Ол көк бауырдан жасалынған антигенмен иммунизацияланған малдың қан сарысуы. Сарысу белсенділігін Борде-Жангу әдісі бойынша комплимент байланыстыру реакциясымен (РСК) анықтайды. Алынған сарысуды глицеринмен стандартты белсенділікке дейін араластырып (.1:110-150) ампулаларға құяды да, стерилизациялайды. АСҚС организмге тітіркендіргіш тәрізді әсер етеді,аз мөлшерде ол қуаттандырып, ал кем мөлшерде - қолайсыз әсер етеді.
АСҚС - жануар организмнің гипореактивтілік жағдайына да айқын әсер етеді. Ол қорғаныс, пластикалық, трофикалык функциялардың белсенділігін арттырады. АСҚС-тің айқын белсенділігін ондағы белоктар және а-глобулиндер . көрсететіндігі анықталынып отыр. Олар ұлпалардың антиген - антидене принципі бойынша және қанның белоктік компоненттерімен өзара әсерлеседі. Ал бұндай әсерлесуден пайда болған жаңа қосылыстар (немесе ыдыраған запар) биохимиялық құрылымдар үшін жаңа бір тітіркендіргіштер ретінде әсер стеді. АСҚС -. жануар организмінің әртүрлі ауруларға қарсылығын күшейтеді, жаралардың жазылуын тездетеді және әөртүрлі кабьшу процестерінің. қалыпты жағдаиға енуіне әсерін тигізеді
Бактериалдық препараттар. Атақты орыс галымы И.И.Мечников жануарлар және адам өмірі үшін ас қорыту жолындағыы физиологиялық микрофлораиын зор маңызы бар екендігін дәлелдеді. Ол ұсынған айран тектес ацидофильді таяқша бактерия өсімі емдік және алдын - aлa макеатпен адамдарға да, малдарға да табысты қолданылып жүр.
Ацидофильдік таяқша - органмзмге зиянсыз, ас қорыту жолына оңай коныстанатын, көмірсуларды ыдырата отырып сүт қышқылын түзетін микроорганизм. Бұл жағдайда асқазан мен ішек бездерінің секреторлық қызметі бірқалыпты болып өндіріледі, перистадьтикалык қозғалысы күшейеді, ферментгік ұлғаяды. Мұндай әсер ас қорыту жүйесінің физиологендік қызметін жақсартады, қоректік заттардың қорытылуы, сіңірілуіп арттырады, гоксиидердің залалсыздануына әсерін тигізеді, аурулар микроорганизмдер үшін колайсыз жағдайлар туғызады.
Ацидофиль таяқшасы қалыпты жағдайларда ас қорыту жолындағы микрофлораның . Алайла көптеген аурулар кезінде және азықтандыру ережелері бұзылған кезде оның ішектегі саны айтарлықтай жаңа туынан төлдерде және туылғаннан соңғы алғашқы күндері мөлшерде (кейде тіптен жоқ болады) ғана болады.
Ал, мұндай кездері жануар организімінің жалпы жағдайы нашар болатындығы, әртүрлі уытты заттар әсеріне қарсылығының әлсіз болатындығы түсінікті. Ас қорыту жолына енген микроорганизмдер айтарлықтай қарсылыққа ұшырамайды және көбінесе әртүрлі аурулардың туындауына себепкер болады.
Айран ішіндегі ацидофильдік таяқша (культурасының) бактерия өсінінінің бір колайсыздығы сол, ол өте тұрақсыз болады ас қорыту жолында 6-10 сағаттап кейін жойылып кетеді. Осы жағдай ескеріле отырып ацидофиль таяқшасын ет сорпасында өсіру әдісі қолданылады; препарат - ЛСК ацидофиль сорпалық культура деп аталынады. Әртүрлі тәжірибелер жасау арқылы препаратқа аңидофиль таяқшасымен бірге В тобының витаминдерін, оның ішінде, В12 (ционкоболамин) витаминін айтарлықтай мөлшерде өндіретін кабілеті бар пропион қышқыл бактериясын қосып, препараттың биологиялық қасиетін арттыруға болатындығы анықталынды.
Мұндай жүйелі препарат ПАСК -пропионацидофиль сорпалық культура деп аталынады. ПАСК препараты АСК препаратына қарағанда малдың өсіп - өнуіне, буаздылықтың дамуына, қорғаныштық қасиетін арттыруға жақсырақ әсер етеді.
В12 витаминінің биологиялық препараты (ПАСК) пропион қышкыл бактериялары және ацидофиль таякшалаларының байланыстырылған культуралары болып табылады. Пропионацидофиль культурасы малдар мен құстардың ішек - қарнындағы іріңдеткіш микроорганизмдерді, соның ішінде қылау (паратиф) тудыратын бактерияларды жоятын пайдалы сүт қышқылды бактериялары оте көп препарат. Бұл препараттың тиімділігі құрамындағы екі түрлі культураларға (бактерияларға) және В тобындағы витаминдер жүйесімен байланысты. Препарат оның құрамындағы В12 витаминінің мөлшеріне байланысты мөлшерленеді, ал ол витаминнің мөлшері прспаратта 1000 мкг/л-ден кем емес.
В12 витаминінің биологиялық препараты (ПАСК) В тобындағы авитаминоздарды емдеуге, асқазан-ішек аурулары кезінде, алиментарлық анемияны емдеу және алдын алу үшін, жануарлар организмінің тез өсіп-жетілуі үшін қолданылады.
ПАСК препаратын таза күйінде қүс балапандарының пуллоразы, жіті індет пайда Полғанда тендей бөлікте сүтпен немесе көк сүтпен араластырып ауьп су ретінде беруге; торайлардың қылау (паратиф) індет кезінде, бұзаулар дизентерия және де басқа асқазан-ішек ауруларына ұшыраған жағдайда 25-30 мл-ден күніне үш рет, 4-5 күн қатарынан беруге кеңес беріледі.
Препаратгың пайдалану мерзімі-2-10°С температурада, құрғақ, қаранғы жерде сақталынып, дайындалынған уақытынан бастап үш ай, Көбінесе препарат жемге қосылып беріледі.
Жаңа туылған жас торайларды жұқпалы емес аурулардан сақтандыру үшін және іштегі мал ұрығынын жақсы дамып - жетілуі үшін препарат торайлағанға дейінгі екі ай мерзімде әр қайсысы 10 күннен екі рет және жана туған мегежіндерге туғаннан кейінгі алғашқы бес күндігінде қолданылады. Препаратты алғаш торайлағанға дейінгі 60 күнде, ал кейінгісін 10 күн қалғанда тағайындау қажет.
ПАСК препаратын қосу арқылы сүттен немесе көк сүпен ұйытылған ірімшік те жоғары емдік - алдын ала әсер етеді. Ол бұзау торай, құс балапандарының азықтық рационына қосымша азық ретінде енгізіледі де, көптеген аурудардың алдын алуға жоғары ықпал жасайды. Ацидофиль ірімшігін кез келген шаруашылык, жағдайында дайындауға болады. ПАСК-ны буаз мегежіндерге беру торайлардың тірі туылын 7-10 %-ға арттырады.
Мұндай мегежіндерден торайлар шымыр болып туылады және алғашқы кездері өлім-жітім 5 - 15 %-гм кемиді, сүттен айырған көздегі салмағы басқа торайларға қарағанда 12 - 19 -ға жоғары оолады. ПАСК-ны торайларға, бұзауларға, балапандарға беру, торайлардың тез - өсіп жетілуіне жақсы әсер етеді. Әлсіреген торайларға қуаттандырғыш қуат әсері айқынырақк болады және олардың организмдегі қан пайда болатын мүшелер жұмысы жақсарады, В12 витаминінің жинақталуы артады. Ac қорыту мүшелерінің қызметі бұзылған торайлрға бергеннен кейінгі 3-5 күнде асқазан мен ішек - қарын моторикасы қалпына келеді, ал 6-14 күннен соң ауру белгілері байқамай кетеді, өлім-жітім мұндай жағдайларда 5-36 есе азаяды. Препарат дәл осындай жағдайда бұзауларға, қозыларға және құс балапандарына да жақсы әсер береді.
Препарат құрамындағы В12 витаминінің мөлшеріне байланысты стандартталады да, бір ай көлемінде 3-4 рет тағайындалады.
Буаздық жағдайын жақсарту және төлділікті арттыру үшін препарат буаз мегежіндерге әрқайсысы он күннен арасына 40 күн салып екі курс және торайлағаннан кейінгі алғашқы бес күн бойына жемге араластырып беріледі. Препараттың тәуліктік мөлшері В12 витамині бойыпша 50 мгк беріледі.
Туылғаннан кейінгі 60 күн аралығында торайлар мен бұзаулардың жетілуін жақсарту және төзімділігін арттыру үшін ПАБК-мы мөлшері В12 витамині бойынша 1 кг тірі салмакқа 5 мгк-нан 10 күн қатарынан жемге араластырып беру керек. Жасы 2-4 айлық торайларға жоғарыда көрсетілген мөлшерде арасына 20 күн салып 2-3 курс тағайындау керек. Жұқпалы емес асқазан - ішек аурулары кезінде, Е - гиповитаминозы кезінде ПАБК-ны В12 витамииі ссебімен 1 кг тірі салмаққа 5-10 мгк мөлшерінде тәулігіне екі peт беру ұсынылды. Емдеу мерзімі 5-10 күн аралығында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет