Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ


MVP – өміршендігі ең төмен өнімнің сипаттамасы



бет42/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   152
4.4. MVP – өміршендігі ең төмен өнімнің сипаттамасы
MVP (немесе өміршеңдігі минималды өнім) — бұл негізгі құндылықтарды аудиторияға жеткізу және оларды бірінші пайдаланушыларға тексеру үшін жеткілікті қажетті функцияларға ие өнімнің ең бастапқы нұсқасы. Жалпы алғанда, MVP кері байланыс жинауға және тұтынушыларға жалпы өнім қажет пе, жоқ па деген ұсынымдарды қалыптастыруға бағытталған. Бірінші тұтынушылар өзінің функционалдылық көзқарасымен бөлісе алады, бұл әзірлеушілерге өнімге түзетулер енгізуге және пайдаланушылардың қалауы туралы алынған деректер негізінде кейінгі жаңартуларды жоспарлауға мүмкіндік береді. 
MVP стратегиясы әзірлеу құнын азайтады,сондай-ақ нарыққа қажетсіз өнімді жеткізу нәтижесінде қаржылық құлдырау тәуекелдерін төмендетеді. 
MVP стратегиясы қысқа мерзімді мақсатқа жету үшін шағын өнімді құру туралы емес екенін түсіну маңызды. Әдіс көпшілікке қолдануға болатын өнімнің бірінші, неғұрлым жеңілдетілген нұсқасын әзірлеуді болжайды. Осы нұсқаға енгізілген жақсартулар әрқашан кері байланысқа негізделген. MVP құру мақсаты - пайдаланушының мақсатты тобына өнімнің қандай функцияларды ұсынуы тиістігін анықтау.
Сіздің компанияңыз таңдауға тиіс болатын MVP түрі ресурстарға байланысты (штат, уақыт және қаржы), сіздің аудиторияңызға және жобаның ауқымына байланысты.
MVP ең көп таралған түрлері:
1. Жоспар-схемалар
Егер сіздің уақытыңыз бен қаражатыңыз жетпей жатса және сіз MVP техникалық жағынан жоғары деңгейде ұсынсаңыз жоспар-схемалар MVP тамаша таңдауы болып табылады. Егер сіз болашақ тамаша жобаны елестете алатын адамдарға бағдарлансаңыз, план-схема - қауіпсіз әрекет. Егер сіз осы категорияға жатпайтын клиенттер тобына ұсынсаңыз, сіз MVP графикалық кеңейтілген түріне инвестиция жасай аласыз.
Егер сіз суши-мейрамхана ашуды жоспарласаңыз, сіз оның мәзірін жасай аласыз және таныс және бейтаныс адамдарға олардың өздерін қызықтырған позицияларын таңдау үшін көрсете аласыз.
2. Макеттер
Егер сіз дерексіз түсініктерді визуализациялау тәжірибесі жоқ аудиториямен жұмыс істесеңіз, макеттер қауіпсіздеу. Өз мақсатыңызды бейнелеу үшін Sketch сияқты бағдарламадағы бірнеше макеттерді әзірлеңіз. Оларды болашақ өнім бойынша экскурсия өткізетін гидтер деп ойлаңыз. Кейбір адамдар үшін үшін сурет мыңдаған схемадан маңыздырақ.
Егер сіздің өз стоматологияңызды ашқыңыз келсе, қызметтер ұсынылған веб-сайт жасаңыз және клиенттердің қабылдауға қаншалықты жазылатынын анықтаңыз.
3. Жылдам прототиптер
Кейде адамдарға жай ғана қозғалатын нәрселерді көру керек, көзге түсетін суреттері мен түрлі-түсті көріністері бар басуға болатын батырмаларды қарау керек. Сізге аудитория функционалдылыққа тым көп назар аудармауы үшін оларға мұның өнімнің жұмыс нұсқасы емес екенін анықтап түсіндіру керек, дегенмен, жылдам прототиптер көзге елестету үшін қосымша көмекті қажет ететін аудиторияға қолайлы болады.
Егер сіз жаңа жылдық сыйлықтар бойынша бизнес ашқыңыз келсе, сіз бір тестілік жинақты алып, оны жарнамалауды бастаңыз. Осылайша сіз оның сатып алушыларды қаншалықты қызықтыратынын түсіне аласыз.
Егер сіз өзіңіздің маникюр салоныңызды ашқыңыз келсе, екі танымал түсті лак сатып алып, жұмысыңызды бастай аласыз. Процесс кезінде сізге қандай лак пен қосымша жабдық сатып алу керектігін түсінесіз.
4. Өнімнің жеңіл (light) нұсқасы
Егер командада жеткілікті құралдар мен адамдар болса, сіз MVP жеңіл нұсқасын жасай аласыз. Бұл жоба нарықта жеткілікті қызығушылық туғызса, жалғастыру үшін негіз болатын бірнеше негізгі функциялары бар оңай орындалатын нұсқа болуы тиіс.
Егер сіз балмұздаққа сеппе өндіруді қаласаңыз, сіз сеппенің бір нұсқасын жасап, оның дәмін көру үшін және өз пікірін айту үшін адамдарға ұсына аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет