Ф 11-19 Турекулова Ж. Е



бет65/98
Дата21.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31837
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   98
Тақырып 11. Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері

Дәріс 11

Қарастырылатын мәселелер


1. Саяси биліктің мәні, оны анықтаудағы түрлі әдістер (бихевиористік, телеологиялық, жүйелік, релятивистік).

2. Саяси биліктің объектісі мен субъектісі, қайнар көздері, қорлары.

3. Билікті жүзеге асырудың түрлері мен әдістері.

4. Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.

1.Билік - саясаттанудағы негізгі түсініктердің бірі. Оны саяси құрылым, саяси қозғалыс ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар саясатты түсінудің кілті деуге болады. Билік түсінігінің анықтамасы, оның мәні мен сипаты мемлекет пен саясаттың табиғатын танудың маңызды шарты. Билік бүкіл қоғамдық қатынастарда саясат пен саяси қатынастарды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан қазір тәуелсіз, дербес мемлекет болып өз алдына отау тігіп, өз саясатын жүргізіп жатқан кезде ел билеудің, билікті іске асырудың баламалы мүмкіндіктерін жан-жақты ойластырып жатқан кезде, жастарымызды билік туралы ұғым түсініктердің қыр-сырымен қаруландырудың маңызы зор. Осыған орай осы оқу құралында бұл мәселенің тоериялық тұстарын жұртшылық назарына ұсынбақпыз.

Билік туралы түсінік күнделікті өмірде, ғылыми әдебиетте кеңінен қолданылады. Мәселен, фәлсафашылар ол туралы қоғамдық биліктің объективті заңдылығы, әлеуметтанушылар әлеуметтік билік, экономистер-шаруашылық билік, саясаттанушылар саяси билік, жаратылыстанушылар табиғатқа деген билік, психологтар-адамның өзіне деген билігі, ата-аналар отбасы билігі, діндарлар тәңір билігі туралы айтуға бейім тұрады. Сонымен қатар құқық, атқарушы, қазы биліктері туралы түсінік бар. Сонымен билік дегеніміз не? Қазіргі ғылыми әдебиетте биліктің бес анықтамасы бар:



Бихевиористік анықтама бойынша, билік адамдардың мінез-құлқына әсер ету мүмкіндігіне негізделген айрықша мінез-құлық түрі болып табылады.

Теологиялық анықтама бойынша, билік құдайдың күшімен түсіндіріледі.

Инструменталистік билік анықтамасы бойынша билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады, мәселен зорлық, күштеу т.б.

Структуралистік билік анықтамасы бойынша, билік жүргізушілер мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.

Конфликтілік билік анықтамасы бойынша иеліктерді даулы жағдайларда бөлісуді үйлестіру құралы ретінде түсіндіріледі.

Жалпы алғанда билік дегеніміз тап, әлеуметтік топ мемлекет, жеке адам т.б тарапынан өзіндік ерік жігерді іске асырудағы қабілеттілік пен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел, күштеу құралдары арқылы әсер ету деп түсіндіруге болады. Бұл анықтама биліктің мәнін қайсыбір субъектінің өз мүмкіндіктері арқылы өзінің ерік-жігерін түрлі саяси әлеуметтік қатынастардағы алатын қасиеттері негізінде ашатын билік жөніндегі Вебердің белгілі анықтамасына өте жуық.

Ғылыми әдебиетте кеңінен белгілі американ саясаттанушысы Г. Саймонның пікірі де осыған саяды. Ол билікті былай деп түсіндіреді: Егер В-ның мінез-құлқын А өз талаптарына бағындыра білсе, В-ның үстінен А билік жүргізеді . Демек билік оның барлық анықтамасында өз ерік-жігерін әртүрлі(бедел, заң, күштеу) құралдары арқылы іске асыру тәсілі мен мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі.

Қоғамдық қатынаста биліктің пайда болуы мен жүзеге асырылуына төмендегідей бөлшектердің болуы шарт:



Кем дегенде билік қатынасының жеке адамдар немесе топтан тұратын екі өкілі болуы керек;

Билікті жүзеге асырушының бағынбаған жағыдайда жазалау шараларын қолданатындығыжөніндегі бұйрығы болуы тиіс

Билікті жүзеге асырушыға билікке бағынатын адамдардың илануы керек.

Бұйрық берушінің оған құқы бар екендігін айқындайтын қоғамдық ережелердің болуытиіс, ал бұл бұйрықтың кімге қатысты болса, оның билікті жүргізушіге бағынуға міндеттілігі айқын болуы тиіс.

2. Билікті жіктеудің негізгі белгілері төмендегідей:

қызметі саласы бойынша (саяси, идеологиялық, әлеуметтік, экономикалық т.б.);

деңгейінің көлемі бойынша (мемлекеттік, халықаралық т.б.);

билік субъектісі бойынша (таптық, партиялық халықтық және бастық мәселен президенттік, әке билігі, ұстаз билігі т.б.);

Құрылымдық – формальдық белгілері бойынша (институттық, институттық емес, жеке билік жүргізу, екі жақты немесе көп жақты жүргізу );

Жүзеге асыру тәсілі бойынша (үстемдік, күштеу, мәжбүр ету, сендіру);

Билік жүргізушінің билік ету шеңбері бойынша (жеке билік жүргізу, коллегиялық топтық басқару);

Басқару тәртібі бойынша (қаталдық, беделдік, демократиялық, бюрократиялық).

Кесте № 2. Биліктің негізгі түрлері, жүзеге асу құралдары, басқару мен іске асу формалары






3. Биліктің жіктелуін зерттеуде ХХ ғасырдың ірі ойшылы М.Вебер жасаған биліктің типологиясын қарастырудың жөні бар. Бірден айтарымыз М.Вебер биліктің жүзеге асырылуын оның маңызды құраушысы деп санаған. Ол биліктің кең түрдегі түсінігін жеке субъекті белгілі бір қарсылықтардың болуына қарамастан әлеуметтік қатынастардың аясында өз еркіндігін жүзеге асыру мүмкіндігі деп есептеген. Оны нақтылай келе үстемдікпен ауыстыруға болады деген тұжырым жасауға болады. Үстемдік - дегеніміз белгілі бір топты белгілі нұсқауларға бағындыру мүмкіндігі.

М.Вебер үстемдікті жіктеуді заңдылық негізі бойынша үш түрін айқындайды:



Ашық, жария үстемдік. Оның негізі қабылданған немесе күштеп енгізілген заңдарға деген сенім болып табылады. Үстемдіктің бұл түрінде биліктің белгісі ұтымды заңға бейімделу болып саналады.

Дәстүрлік үстемдік. Ол дәстүрдің киелілігіне деген сенімге негізделеді.

Харизматикалық үстемдік. Ол қауымдастық мүшелерінің өз көсемдерінің шамадан тыс қабілетіне деген сенімге негізделеді.

Биліктің жария, ашық ұйымдастырылуы жалпыға бірдей қабылданған нормаларға сәйкес іске асырылады және оның ақылға қонымды, парасатты негізі болады. Осыған орай саяси көсемдер билік басына сайлау немесе заңда көрсетілген басқа да тәртіптер бойынша келеді.

Дәстүрлі билік әдетте жеке адамның қолында болады. Мәселен жоғарғы дәрежелі әмірші, мұрагерлікпен берілетін билік түрі - хан т.б.

Саяси биліктің харизматикалық түрі халық бұқарасының соқыр сеніміне негізделген биліктің мейілінше ерекшелігін, қайталанбайтындығын мойындауға негізделген. Мұның өзі дәстүрлі биліктен ұтымды билікке өту кезеңіне сай келеді.


Кесте № 3. Саяси билік түрлері (М.Вебердің теориясы бойынша)

4. Саяси биліктің әр түрлі саяси институттар мен саяси қатынастардың жүйесімен сипатталатын үш дәрежесін білеміз:

Макробилік (макро-көлемді, ірі) мемлекеттік орталық институттарының жоғарғы дәрежесі (президент, парламент, министрлер кабинеті);

Мезобилік (мезо-орташа) саяси биліктің орташа дәрежесі;

Микробилік – қоғамдағы шағын билік жүргізу процестері.

Биліктің құрылымдық бөлшектеріне не жатады? Оған:



үстемдік мүдде;

оны танытатын ерік (заңдар, саяси шешімдер т.б.) ;

мүддені іске асырудағы қамтамасыз ететін құралдар (материалдық- моральды-психологиялық).

Билік көзі адамдардың біркелкі еместігі, олардың міндет-қызметінің бөлінісі бар екендігін білдіреді.

Адамдар ролінің әркелкілігінен, өзін танытуға арналған қосымша еркіндік пен біреулерге екінші біреулердің үстемдік жүргізетін артықшылық жүйесінен билік туады. Билік жүргізушілер биліктің субъектілігі мен объектілігі симметриялы еместігін күшейте түсетін позивтивтік (ерікті бағынуда қалыптастыратын)және негативті (мәжбүр ету арқылы іске асыралатын) тұжырымдарды пайдаланады. Мұндай бөлу билік жағыдайында қалыпты нәрсе, бірақ оның нақты шегі болуы керек. Бұл билік қызметінің өкілеттілігінің аталмайтын шегімен анықталады.

Билік адамдарға тікелей немесе жанама әсер ету жолы арқылы оларды біріктіру және алшақтату мақсатын көздейді:



құрылымның бұзылуына, дағдарысқа, құлдырауға қарсы шығу, жанжалдар мен ушықтыруды бейтараптау;

қоғамның жоғары тұрақтылығына ұмтылу, оның жетілуіне, нығаюына және прогресіне жағдай туғызу. Мәселен, қазір Қазақсатан Республикасы нарықтық қатынастарға шығудың өтпелі кезеңінде тұр.

Өндірістің құлдырауы, адамдардың өмір сүру деңгейінен төмендеуі және басқа келеңсіз жағдайларды ала келген әлеуметтік, экономикалық ірі реформалар іске асырылуда. Бұл тұста билік иелері қоғамда тұрақтылықты сақтап, жанжалдарды болдырмауға тырысуда. Бұл жолда олар түрлі құралдарды қолдануда, мысалы, аз жалақыны және басқа да нашар тұрмыста тұратын әлеуметтік жапа шегіп отырған топтарға көмек көрсетумен бірге билік басындағылар бүкіл Қазақстан халқына әлеуметтік реформаны қолдауына, әлеуметтік-саяси тұрақтылық пен келісімді сақтауына үлкен үміт артуда.

Егер билік әлеуметтік бастамалар, шешімдер қабылдау мен оны негіздеу сияқты қызметтерді бірыңғай жүзеге асыруға қол жеткізсе, онда ол қатал орталықтанған билік түріне ие болады. Егер билік өрісі шектеулі болса, оның іс-әрекет шеңбері шектелген болса, өкімет билігі диференциалдық режимде әрекет етеді. Демек қоғамдық өмірді билік арқылы реттеу шеңбері барынша кең, оның шекара нүктелері: бір жағынан абсолютті – мейілінше күрделенген мемлекеттік немесе жеке (авторитаризм) билік, екінші жағынан – анархия, билік факторының әлеуметтік тағасын жоққа шығару болып табылады. Билікті түгелдей топтастыру немесе билікті жоққа шығару төзуге болмайтын әлеуметтік саяси оғаштық болғандықтан, әлемдік өркениеттің тарихи дамуы өмірге биліктің неғұлым жұмсақ түрлерін (демократия, конституциялық монархия т.б.) келтірді.

Биліктің объектісін білудің де маңызы зор. Осы уақытқа дейін біз саяси қызметті әміршіл-әкімшіл жүйе тұрғысынан айтқан болатынбыз. Мемлекеттегі биліктің негізгі міндеті меншік, әлеуметтік әдлеттілік мәселелері, сонымен қатар рухани мәдени байлыққа қол жеткізу сияқты қатынастардын неғұрлым толық және еркін дамуына, олардың ғылыми негізде дамуына қажетті қоғамдық режим қалыптастыру болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет