Ф-об-012/060 №2 практикалық сабақ



бет9/15
Дата10.02.2022
өлшемі70,57 Kb.
#25199
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Ескерту! Жұмыс үстелі манипуляция кезінде қанмен ластанса 6% сүтегінің асқын тотығы ерітіндісі және 0,5% жуушы ерітіндіге малынған шүберекпен (2 рет – арасы 15 минуттан) өңдеу қажет.

Жұмыс аяқталғаннан соң жұмыс үстелі 2 рет 3% хлораминмен өңделеді, шүберек 3% хлораминге 60 минутқа салып қойылады.



Медициналық құралдары тазарту кезендері.Емдеу бөлмелерін жинастыру турлері.Мейірбикенің жұмыс орнын жұмысқа дайындау

Дезинфекция.

Дезинфекия (зарасыздандыру) – қоршаған ортадағы инфекциялы аурулардын коздырғыштарын жоюю. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегегативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физиқалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады.

Дезинфекцияның мақсаты: емдеу сауықтыру мекемелерінің палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын кетіру жэне жою.

Зарасыздандырудың екі түрі бар: алдын алу жэне ошақты.

Алдын алу (профлилактыкалық) зарарсыздандыру емдеу сауықтыру мекемесінде АІИ алдын алу үшін жүргізіледі.

Ошақты зарасыздандыру инфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі.

Ошақты зарарсыздындару үш түрге бөлінеді: күнделікті, қорытынды, соңғы.

Күнделікті- үйде немесе емдеу сауықтыру мекемелерінде бірнеше рет ылғалды зарарсыздандыру ерітіндісімен жууды айтамыз,Эпидемиялық ошақта күніне бір рет жасалынып отырады, Мысалы: палата күніне екі рет,процедуралық бөлмеде 3 рет,асханада әр тамақтан кейін,әжетханада ластанған сайын,манипуляциялық әр бір манипуляциядан кейін зарарсыздандыру жүргізіліп отырады.

Қорытынды-науқас емделіп жақсы болып ауруханадан шыққаннан соң,науқасты бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырғаннан кейін немесе қайтыс болғаннан соң бір трет өткізілетін шара.Зарарсыздандыру мақсаты эпидемиялық ошақты инфекциядан толық бір жолата тазарту.ОЛ 1 рет жасалынады,қалалық жерде 5-6 сағат ішінде,ауылдық жерде 12 сағат ішінде келесі жағдайларда жүргізілу керек.



  1. Науқасты ауруханаға орналастырғаннан кейін,ауруханаға дейінгі науқас тұрған үйін толық бір жолата тазарту керек.

  2. Науқас жазылып шыққаннан кейін,ауру емделген палатаға зарарсыздандыру шарасын жасау керек.

  3. Науқас басқа бөлімшеге ауыстырылғанда палатаға жасалуы керек.

  4. Науқас қайтыс болғанда үйінде немесе палатада жасалуы керек.

Соңғы- терапия бағыттағы бөлімдешелерде айына бір рет, ал хирургиялық бағыттағы бөлімдерде және байлаптаңу бөлмесінде,босану залдарында, жаңа туылған балалар, шала туылған балалар,операция бөлімшесінде аптасына бір рет жалпы жинастыру жүргізіледі. Мейірбике орамалды байлап, халат немесе алжапкышты кию керек. Бөлмеде барлық заттарды ортаға жинап,есік, терезелерді,қабырғаларды 2% сабын ұнтағы, содалы ертінділермен жуу қажет. Ол үшін 200 гр сабын, 200 гр кальциленген сода, 9 л 600 мл су қажет. 1% гипохлорид ерітіндісіне шүберекті малып алып, таза сумен шаямыз, әрбір затты сүртеміз, заттарды орнына қоямыз. Ультракүлгін сәулесін 2 сағатқа қоямыз. 2 сағаттан соң сөндіріп 30 минуттан соң жұмысқа кірісеміз.

Зарарсыздандырудың әдістері: механикалық, физикалық, химиялық, аралас.



Механикалық – жуу, шаңсорғышпен өңдеу, желдету, кір жуу, ылғалды жинау, қолды жуу.

Физикалық әдістің неғізінде – қайнату, ыстық, құрғақ ауа, сулы бумен әсерлеу, ультракүлгін сәулемен әсер ету.

Қазіргі таңда қолданылатын физикалық әдісқе жататындары:



  • Күн сәулесін қолдану;

  • Ультракүлгін сәулелерді қолдану;

  • Қалдыктарды өртеу;

  • Қайнату, пастеризация (6-7 күн аралығында 60°С температурада бірнеше рет пастерилизациялау, экспозия – 1 сағат);

  • Дистелденген суда қайнату – 30 минут, ас содасы қосылған жағдайда 15 минут қайнату. Қайтадан заттарды органикалық қалдықтардын тазалау қажет. Тазалау жеке ыдыста эпидемияға қарсы шараларды сақтаған жағдайда жүргізіледі, ағынды суды зарарсыздап, қоқыс арнасына құйылады.

Зарарсыздаудың ауалы әдісі (ыстық ауалы шкафта 120°С температрада, 45 минут). Бұл әдіспен шыныдан, металл, резина, латекстен, термотөзімді полимерлі металдардан жасалған заттар ,органикалық заттармен ластанбаған жағдайда зарарсызданады; Булы әдіс-жоғарыда көрсетілген заттар алдын ала тазартуды қажет етпеген жағдайда қолданылады.Зарарсыздаушы агент:0,5 атм қысымды су буы.Зарарсыздау режімі: 110 С температурада экспозиция – 20мин,стерилизациялық ыдыстарда ,бикстерде және дезинфекциялық камерада,автоклавта сирек қолданылады.

Физикалық әдіс- қызметкерлер үшін зиянды,бірақ өте сенімді әдіс.

Химиялық әдіс- химиялық заттарды қолдану арқылы орындалады,1-ші кесте түрінде көрсетілген.


Химиялық тобы

Препараттары

1.Құрамында галогені бар қосылыстар

Құрамында хлоры бар:хлорамин Б,хлоргексидин биглюконаты,

Йодты:йодтың спиртті ерітіндісі,люголь ерітіндісі,йодинол,йоданат,йодопирон



2.Тотықтырғыштар

Сутегі асқын тотығы ерітіндісі,калий перманганаты

3.Ауыр металл тұздары

Сынап:сынап дихлориди(сулема),сынаптың сары тотығы.

Күміс:күміс нитраты,проторгол,колларгол.

Мырыш:мырыш сульфаты,мырыш тотығы.

Мыс:мыс сульфаты

Висмут:ксероформ,дерматол.


4.Альдегиддер мен спирттер

Формальдегид,гексаметилентетрамин,этил спирті.

5.Фенол мен оның туындылары

Таза фенол(карбол қышқылы) ихтиол

6.Нитрофуран туындылары

Фурацилин

7.Бояғыштар

Брилиантты жасыл,метилен көгі,этакритин лактаты

8.Қышқылдар мен сілтілер

Қышқылдар:бор,салицил

Сілтілер:аммиак ерітіндісі



9.Детергенттер

Церигель,дегмицид,роккал,жасыл сабын

10.Табиги препараттар

Тұнбалар,тұндырмалар және басқа да препараттар:календуланың,жапон сафо-расының,түймедақ гүлінің,шалфейдің,эвкалиптің,шайқұрай,сарымсақ,птяз және т.б.Антисептикалық өсімдік жинақтары:эктерицид,лизоцим,бализ-2.

ЕСҰ-да зарарсыздаудың химиялық түрінің толық батыру әдісі жиі қолданылады.Науқаспен қарым-қатынаста болмайтын заттар,оның бөліктері үшін дәке ,бөз шүберекті зарарсыздандырушы ерітіндіге малып,2 рет сүрту әдісі қолданылады,

ЕСҰ-да дезинфекция үшін тек ғана Денсаулық сақтау министрлігі ,сан-эпид бақылудың рұқсат етілген ерітінділері қолданылады.Адам ағзасына жоғары токсикалық әсер ететіндігінен сүрту үшін кейбір дезинфекциялық ерітінділерді қолдануға болмайды(мысалы:сайдекс,формалин,глутарал,дезюксон-1)

Зарарсыздандырудың химиялық әдісіне жататындары:



  • суландыру

  • сүрту

  • толық батыру

  • шашырату

Зарарсыздандырудың комбинациялық (аралас)әдістері.

Аралас әдіс-бірнеше тәсілдерді қосып пайдалану арқылы жүзеге асырылады және арнайы зарарсыздаушы камераларда жүргізіледі.

Булы-ауалы 110 С температурада ылғалды ауамен,0,5атм қысым,экспозиция 20 минут.

Параформалинді – 0,5атм режимі,температура 90 С,экспозиция 30 минут.

Камералы дезинфекцияда заттар ыстық ауамен белгілі температурада жоғары қысыммен ,кейде будың әсерін күшейту үшін қосымша формальдегидті (формалин) камераға жіберу арқылы зарарсызданады.

Жұғыш лизоформин ерітіндісін дайындау үшін қолданылады:



  1. 0,5% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 40 мл лизоформин;

  2. 1% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 80 мл лизоформин;

  3. 2% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 160 мл лизоформин;

  4. 3% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 240 мл лизоформин;

Лизоформин сұйық көгілдір түсті пластмасс ыдыста шығарылады.Суда жақсы ериді.Сулы ерітінділері көгілдір және мөлдір,хощ иісті болады.Дайындалған ерітіндінің сақталу мерзімі 14 күннен артық болмауы керек.Түсі өзгергеніне қарай ауыстырылып отырады.

Хлорамин ерітінділері- тура пайдалану алдында қолданылады.



  1. 0,5% дайындау үшін 1 л суға 0,5 г хлорамин;

  2. 1% дайындау үшін 1 л суға 10 г хлорамин;

  3. 2% дайындау үщін 1 л суға 20 г хлорамин;

  4. 3% дайындау үшін 1 л суға 30 г хлорнамин;

Зарарсыздандырушы заттардың негізгі сипаттамасы

Хлормин Б-суда ериді,50-60 С жылытылған ерітіндісінің зарарсыздандыру әсері күшті.Медициналық заттарды зарарсыздандыру ,ошақты және алдын алу зарарсыздау үшін (ішек таяқшалары,вирустар,туберкулез қоздырғышы,саңырауқұлақтар)қолданылады.

Кальцийдің нейтральды гипохлориді-шамалы лайланған ерітіндісін дайындағаннан соң 30 минуттан кейін қолдануға болады.

Натрий гипохлориді - 0,5% жұмысты ерітіндісі 60 минут экспозициямен вирусты инфекцияларда шыны, пластмасса , силиконды резинадан жасалынған заттарды толық батыруда қолданылады .0,25 ерітіндісі бактериалды инфекцияда (туберкулезден баска) 15 минут экспозициямен толық батыруда қолданылады.Бөлмелерді зарарсыздандыру үшін 0,125 %ерітіндісі жуушы ерітінді құрамында қолданады.

Хлориксидин биглюконат -20% мөлдір ,иісі жоқ ерітінді.Хирургиялық құрал саймандарды, хирург, мейірбике,акушеркалардың қолдарын өңдеу үшін қолданылады.

Сутегінің асқын тотығы - 3- 4% ерітінді 80-180 минут экспозициямен жуғыш ерітінді құрамында құрал –саймандарды тазалауүшін қолданылады.

Деохлор таблеткалары - таблетка тірінде шығарылады,әсер

ететін заттар ретінде натрий тұзды дихлориоциануриялық қышқылдар және 1,5 г (44,2 )белсенді хлор кіреді. Деохлор суда жақсы ериді.Сулы ерітінділері түссіз және мөлдір,хлор иісі болады.сақтау мерзімі Шығарылған күннен бастап 3жылды құрайды.Дайындалған ерітіндінің сақтау мерзімі 3 күннен артық болмауы керек.Деохлор таблеткасының суда еріген ерітіндісі бөлме ішіндегі заттардың үстін,санитарлық техникалық құралдарды, киімдерді ,ыдыстарды, ойыншықтарды, науқас күтіміне арналған заттарды дезинфекциялауға арналған.

Зарарсыздандырушы заттардың жарамдылығын бақылау түрлері;

1.Визуальды (көзбен) бақылау – дезинфекциялық станция қызметкері (лаборант,дәрігер) жүргізеді. 2.Бактериологиялық бақылау – дезинфекциялық станция лаборанты жүргізеді(құрал-саймандардан 1 мөлшерде жағынды алынады). 3.Химиялық бақылау – құрғақ зат және дезинфекциялық ерітінді сынамалары алынып,дезинфекциялық лабораторияға жиберіледі.

Зарарсыздандыру шараларын өткізуге арналған заттар және ол заттарга қойылатын талаптар:

Зарарсыздандыру шараларын жүргізу үшін белгіленген , рұқсат етілген заттар (эмаль ыдыстар ,пластмасса контейнерлері , стерилизаторлар) қолданылып , төмендегідей талаптар қойылады;

1.Ыдыстардың қақпағы болу керек

2.Ыдыстар мен қақпақтар маркерленіп , зарарсыздандырушы ерітіндінің концентрациясы , тағайындалуы , дайындалған уақыты жазылуы қажет. 3.Қымбат құрал – жабдықтар(эндаскоптар, т.б) қосымша инструктивті- әдістемелік құжаттарга сай зарарсыздандырылады.

Зарарсыздандыру ерітінділерін қолдану ережелерінің негізі болып табылады;


  1. Адамға зиянды болмауы

  2. Өткір иісті болмауы

  3. Жуу қасиеттерінің болуы

  4. Бұйымдардың бетін бүлдірмеу қажеттігі

  5. Биологиялық заттардың қоспаларында белсенділігінің жойылмауы

  6. Аз уақытта микробтарды тез жоя алу қабилеттілігі

Зарарсыздандыру ерітінділерін қолданғанда медицина қызметкерлерінің қорғану ережелері;

  1. Құрамындағы хлоры бар ерітінділермен жұмыс жасағанда медицина қызметкерлері қолғаппен жұмыс істеуі қажет.

  2. Дезинфекциялық ерітінділер теріге немесе жара қабықтарына тигенде оларды ағынды судың астында жуу қажет.

  3. Дезинфекциялық ерітінділердің ыдыстары ,ерітіндінің атауы ,оның концентрациясы ,дайындау күні көрсетіліп белгіленуі керек.

  4. Дезинфекциялық ерітінділерді науқастардың қолдары жетпейтін арнайы бөлінген бөлмелерде(санитарлық бөлме) сақтау қажет.

Медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарсыздандыру тәсілдері;

Зарасыздандырудың химиялық тәсілі 2 нұсқада берілген; 1)қанмен, науқастың кілегей қабатымен және биологиялық сұйықтықтармен қатынаспаған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін;

2)туберкулез инфекциясымен қатынасқан бұйымдарды зарарсыздандыру үшін.

Зарарсыздандыруды алжапқыш және биялай киіп жүргізу тиіс.Зарарсыздандырудан соң бұйымдарды толығымен батыру әдісімен ағынды суда зарарсыздандыру ерітіндісінің иісі толық кеткенше жуу керек.Зарарсыздандыру ерітіндісі тек бір рет қана қолданылуы тиіс.

Қөп рет қолданылатын құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру тәртібі;


  1. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар №1 ыдыста құрал –жабдықтарды бірнеше рет жуу керек,мақсаты қанның және дәрінің қалдықтарынан тазалау.

  2. Құрал- жабдықтарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар №2 ыдыста 60 минутқа жібітіп қоямыз.

  3. Құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру ерітіндісінің иісі кеткенше ағынды суда жуу керек, сонан соң көп рет қолданылатын құрал- жабдықтарды залалсыздандыруға дейінгі тазалықтан өткізуге жібереміз.

Қолға қан тигенде жүргізілетін өңдеу;

Қолды екі минут ішінде антисептикалық ерітінділер мен мол дымқылданған тампонмен а)0,1 дезоксон ерітіндісімен ;б)70 С этиль спиртінде малынған тампонмен өңдеп, 5 минуттан соң ағынды су мен шаю қажет.

Залалсыздандыру(стерилизация ) дегеніміз медициналық құрал-жабдықтардағы микроорганизмдерді және оның спораларын ,токсиндерін түбегейлі жою.Залалсыздандыруға медицинада дәрілер мен диагностикалық препараттар,тігіс және таңғыш материалдар,жаймалар,пациенттің күтіміне арналған заттар жіберіледі.Залалсыздандыру асептиканың негізгі тәсілінің бірі. Залалсыздандырудың технологиялық барысы төмендегі кезеңдерден тұрады;


  • Медициналық құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру.

  • Залалсыздандыруға дейінгі тазалау.

  • Стерилизаторға материалды дайындау және жайғастыру.

  • Залалсыздандырудың өзін жүргізу.

  • Залалсыздандыру сапасын бақылау

  • Залалсыздандырылған материалдарды сақтау. Залалсыздандыру алдындағы тазалау 7 кезеңнен тұрады

1.кезең.Медициналық саймандарды қолданып болғаннан соң 1 лизоформин (дезинфекциялық ерітінділердің басқа да түрлері)ерітіндісіне 22 С 1 сағатқа салып қоямыз.

2 кезең. 1 сағаттан соң медициналық құрал-саймандарды ағып турған судың астында 30 секунддан жуамыз.

3. кезең. Медициналық құрал-саймандарды жуңыш ерітіндіге 15 минут салып қоямыз.

4. кезең.Жуғыш ерітіндінің ішінде құрал-саймандарды мақталы тампонмен инелерді мандренмен тазалаймыз. 5. кезең.Медициналық құрал-жабдықтарды жуғыш ерітінділерден алып,ағып турған судың астында жуып шаямыз.Жасалынып болғаннан кейін медициналық құрал-жабдықтардың тазалық сапасын тексереміз

Медициналық құрал-саймандарды залалсыздандыру алдындағы тазалығын тексеру (көзге көрінбейтін қанды жуғыш ерітінділерді,дәрі -дәрмектерді ,тат басқанды)

Азопирам сынамасы

-Жаңа дайындалған 1 азопирамның ерітіндісін 2 сағат ішінде қолдану;

-Азопирамды сақтау мерзімін бұзбау;жабық ыдыста 4 С температурада 2 ай сақтау.

Сынама жүргізу:

1.Бетпердені кию,қолды жуып кетіру, қолғапты кию.

2.Азопирамның 1 ерітіндісі және 3 сутегінің асқын тотығы бірдей мөлшерде жеке пипеткамен алынып бөтен ыдысқа араластырылады ,сыртына азопирамның 1 жұмысшы ерітіндісі деп белгіленеді.

3.Бақылауға алынатын құрал-саймандарды мақта үстінде ұстап ,үстіне азопирам тамыздырылады.

-Егер де ерітіндінің түсі көк-күлгін түске өзгерсе,құрал-саймандардың құрамында қан қалдықтарының болғаны.Мұндай жағдайда 3-4-5- кезеңді қайталаймыз.

-Егер де ерітіндінің түсі ашық қызыл түске өзгерсе құрал- саймандардың құрамында жуғыш ерітіндінің қалдықтарының болғаны.Бұндай жағдайда 5-кезеңді қайталаймыз.

-Егер де ерітіндінің түсі қоңыр түске өзгерсе құрал-саймандардың құрамында ерітіндінің қалдықтары ,дәрі-дәрмектер,тат басқан жағдайлары болғаны.

Фенолфталеин сынамасы

Бұл тексерістің көмегімен шприцтердің жуып-шайылғанын анықтауға болады.Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1 спиртті фенолфталеин ерітіндісіне суланған мақтамен сүртеді. Жуу ерітіндісінің қалдығында 30 секунд ішінде көкшіл-күлгін түс пайда болады.Егер тексеріс оң болса, ағынды суық су астында қайтадан қайталау керек.

Ескерту!»Прогресс»,»Биолот» жуу заттарын қолданғанда фенолфталеин тексерісі қолданылмайды.

6 кезең . Медициналық құрал-саймандардың құрамындағы тұздарды жою мақсатында дистилденген сумен жуып шаямыз.

7 кезең. Медициналық құрал-саймандарды кептіргіш шкафтың ішінде 85 С салып кептіреміз. Тазалаудан толық өткізгеннен соң медициналық құрал-саймандарды крафт пакетке,бөз орамына орап ,бикске саламыз. Емдеу бөлмелерін (палаталар,дәліз,дәретхана,жуынатын бөлме)жинастырудың ерекшеліктері:

Бөлмені ағынды жинастырудан өткізудің мақсаты:санитарлық-гигиеналық талапты сақтау,ауруханаішілік инфекцияның алдын алу.Емдеу сауықтыру мекемелерінде ағынды жинастыру 2 рет ылғалды әдіспен ,кей жағдайларда жиірек жүргізіледі.Ол үшін қажетті заттар:шелек,швабра,шара,еден жуу үшін шүберек,таза шүберек(шаң сүртуге),зарар сыздандыру ерітіндісі,халат,орамал ,алжапқыш,резеңке биялай,өлшемі бар ыдыстар.

Іс-әрекеттер:Орамалды байлап,халатты, алжапқышты,резеңке биялайды кигеннен соң зарарсыздандыруды ерітінділерінің бірін әзірлеп,таза шүберекті ерітіндіге малып,жиһаздарды ,терезенің алдын сүрту арқылы бөлмеге ылғалды жинастыру жүргізеді.Еденді мынандай тәртіппен жуу қажет:қабырғадағы заттарды бөлменің ортасына жинаймыз,содан соң төрден төмен қарай жуамыз,Ылғалды жинастырудан соң бактерицидты шамды 30 минутқа қосамыз,терезе есікті 10-15 минутқа ашып желдетеміз.

Коридор (дәліз) жинастырудың өзіндік ерекшеліктері бар.Себебі бұл барлық жатқан науқастар ,науқастардың туыстары,медицина қызметкерлерінің және көрінуге келген науқастардың бәрі жүретін жер.Оның өзінің шелегі,швабрасы,шаңдарды сүртуге (терезе,есік)арналған шүберегі,еденді жууга арналған шүберегі болады және бәрінде белгісі болуы керек.Күніне 2 рет ылғалды жинау және ластануына қарай тазалау керек.Бактериоцидты шамды 30 минутқа қолданады.Аптасына бир рет қорытынды жуу,бактерицидти шамды 1 сағатқа қою.

Дәретхана –аурухананың әр бөлімшесінде бірнешеуі болуы керек,себебі:медицина қызметкерлеріне арналған,ер адамдарға және әйел адамдарға арналған болады.Бөлімшенің санитарлық гигиеналық бөлмесіне жақын жерде орналасқан болуы керек .Дәретхана ішінде дезинфекциялық ерітіндісі бар үлкен ыдыс болуы керек,оған дәрет ыдыстарын 1 сағатқа салып қою қажет және терезесі ашылатын желорай болуы шарт.Қолданылған әжетхана қағазын салатын шелек,еден жуатын шелегі,шүберек,швабрасы қолдану мақсатына байланысты белгіленеді.Дәретханада ағатын су қысымы жоғары болуы қажет.Күніне бірнеше рет жуылады және ластануына қарай сүртіледі.

Жуынатын бөлмені тазарту ерекшеліктері:бір айда бір рет қорытынды жуу,күніне екі рет ылғалды жуу.Аяктың астына ағаштан жасалынған тор таяқша немесе резеңке төселінуі керек.Терезесі ашылатын,жарық әрі әйнектерден адам бойы көрінбейтіндей етіп бояу жағылуы керек.Бөлме термометрі ,су термометрі және жеке сабын,жеке жөке,жеке сүлгі және жеке сыртқы киімдеріне арналған шкаф болуы қажет.Дезинфекциялық ерітінділермен толтырылған ыдыс,арнайы су кұйғыш болуы керек.Медициналық шкафта қайшы,стакан,станок тағы да басқа керекті заттар әр науқасқа бір біреуден болуы керек.

Тұтас (генеральный)жинау ерекшеліктері

Емдеу бөлімшесінің палаталары кең,жарық көп дегенде 6 адамға есептелген болуы керек.

Қабырға майлы бояумен боялып,еденге линолеум төселінеді,палаталар ең қажетті жабдықтармен(төсек,үстел,тумба,орындықтармен)жабдықталады.Төсектер ыңғайлы болуы тиіс.Ауруханалық жиһаздардың беті жұмсақ,жеңіл жуылатын болу керек.

1-2 адамдық палаталарға бірінші кезекте ауыр науқасты емделушілер жатқызылылады.

25-30 емделушіге бекітілген мейірбикелік бекет болады.

Бекет орнында дәрі-дәрмек құралдарына арналған шкаф, тез бүлінетін дәрі-дәрмек құралдарына арналған мұздатқыш, дәрі-дәрмек құралдарын тарататын жылжылмалы үстелше, әртүрлі манипуляцтялар дайындайтын үстелше, шүмекті раковина болу керек. Меірбикелер бекетінінен барлық палаталар көрініп тұруы керек. Бекет орны ауыр науқасты емделушілермен байланысты болу керек. Бекетте барлық ауруханалық бөлімшелердің телефон тізімінің болғаны дұрыс.

Физикалық және химиялық заттармен микроорганизмдерді және олардың спораларын жою залалсыздандыру арқылы орындалады. Жарақаттармен жанасатын, қан немесе инъекциялық препараттар мен қатынаста болатын, қолдану кезінде кілегей қабықтар мен жанасатын, олардың жарақаттануына алып келуі мүмкін болған медиициналық саймандарды залалсыздандыру қажет. Залалсыздандыру мақсаты асептика ережелерін сақтау

Залалсыздандыру екі түрге бөлінеді:

1. Физикалық: қайнату, ылғалды бу, ыстық ауа, гамма сәулесі.

2. Химиялық: газбен ,салқын әдіспен.

Қазіргі уақытта ЕСҰ- да залалсыздандырудың бірнеше түрі қолданылады.

Ауамен залалсыздандыру (ыстық, құрғақ ауамен), автоклавтау (ыстық будың қысымымен), химиялық залалсыздандыру (түрлі химиялық заттарды қолдану), газды залалсыздандыру (гамма сәулесімен жүргізілетін залалсыздандыру).

Залалсыздандырудың ең көп тараған түрі автоклавтау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет