Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет7/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82
Байланысты:
методичка 7-8 (1) авг

Топтық өсу кестесі 
Уақыт: 5 минут 
Материалдары: жұмыс дәптері 
Процесі: 
 
Оқушыларға топтағы сезімдері жұмыс барысында өзгеруі мүмкін екенін айтыңыз. Жеке 
топтық өсу кестесін толтыруды ұсыныңыз, осылайша жылдың соңына қарай бір жыл бойы 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 

топтарында не болғанын, өзара қарым-қатынастары қалай өзгергенін талдай алады. Бұл 
олардың жеке пікірі.
Дәл қазір топта өздерін қалай сезінетіндерін түсініп, __ бетіндегі (№ алдын ала қараңыз) 
кестедегі бірінші бағанды толтыруды ұсыныңыз. 
Топтың әрбір қатысушысы бағандарды өз бетінше толтырады. 
Сұрақтарға шын жүректен жауап беруді сұраңыз, өйткені олардың жауаптарын ешкім 
көрмейді. 
Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
 
Үй тапсырмасы: 
Топ мүшелеріне жақын болу үшін олардан не туралы сұрағыларың келетінін ойлаңдар. 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 

«Команда» бөлімі
 
Мақсаты: оқушыларда командалық өзара әрекеттесу процестеріне деген оң көзқарас 
қалыптастыру. 
Қалаулы нәтиже: оқушылар бірлескен әрекеттерді қалай үйлестіру және айналадағы 
адамдармен өзара түсіністікті қалай орнату керектігін біледі; оқушылар командада өзара 
әрекеттесудің 4 негізін біледі; оқушылар синергия және командадағы ынтымақтастықты 
қалыптастыратын құралдармен танысты, оқушылар командада жұмыс істеудің жағымды 
тәжірибесін алды. 
2-сабақ 
Тақырыбы: Команда. 
Ұғымдар: команда, адамдар тобы, командалық жұмыс. 
Сабақтың мақсаты: жаттығуларды мысал ретінде алып, команда туралы әңгімелесу; 
«командалық жұмыс» ұғымын анықтау; командалық өзара әрекеттесу бойынша жаттығу; 
тиімді команда құраушыларын анықтау. 
Әдістері: шағын дәріс, жаттығулар, ой-талқы. 
Ресурстар: жаттығуларға арналған материалдар, плакаттар, маркерлер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет