БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
11
Табиғатта синергияның мысалдары өте көп: мәселен, ұсақ
балықтар акуланың терісін
жабысқан паразиттерден тазартады.
Акула өзін жеңіл сезінеді, ал
балықтар әрдайым
қоректенеді.
Адамдардың арасында да синергияның керемет үлгісі бар – ол жеке түрде шығара алмайтын
дыбыстарды бірлесіп шығаратын музыкалық топ.
Қазіргі әлемде командалық ойыншы болу қабілеті жеке
еңбекке қарағанда жоғары
бағаланады.
Айырмашылықтарды бағалай білу – командалық жұмыстың негізі.
Синергияға жету үшін келесі жоспарға сәйкес әрекет ету керек:
- Мәселені немесе мүмкіндікті тұжырымдау.
- Барлық қатысушылардан шешімді қалай көретіндерін сұрау.
- Өз нұсқасын айту.
- Ой-талқы жүргізу.
- Барлық ұсыныстардың артықшылықтарын қамтитын шешім табу.
Әрине, синергияның мектепте, үйде, ата-аналар, достар және жақын адамдармен байланыста
тиімді екені сөзсіз. Ол адамдармен қарым-қатынас жасағанда әрқашан тиімді болады.
Синергияның тағы бір артықшылығы – басқалармен қарым-қатынастың жақсаруы.
Жаман
емес, солай ма?
«Пілдің суретін сал» жаттығуы
Уақыт: 15 минут
Материалдары: плакат, маркерлер
Процесі:
Плакатқа 5х5 кесте сызыңыз. Топқа плакаттың алдына тұруды ұсынып, әрқайсысына маркер
беріңіз. Олардың міндеті – пілдің бір бөлігін кезекпен-кезек салу.
Әдетте сурет топ мүшелерінің қарым-қатынасын көрсетеді.
Балалардың қалай және қайда
сурет салатыны кейінгі талқылау тақырыбы болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: