10
Бүдан өзара тартылыс күші əрекеттескен екі дененің де массасына,
ягни массалардың көбейтіндісіне пропорционал деген қорытынды
туады. Әрине, өзара тартылыс күші денелер арасындағы қашықтыққа
да тəуелді болуы керек.
1, 10, 100 м биіктіктерден құлаған денелердің еркін түсу үдеулері
бірдей
екені тэжірибеден белгілі, яғни, бір қарағанда, күш қашықтыққа
тәуелді емес сияқты. И. Ньютон өзара эсер қашықтығын Жер бетінен емес,
Жер центрінен бастап өлшеу керек деп санады. Ал Жер радиусы - 6370 км.
Сондықтан арақашықтық денелердің өзара тартылысына қаншалықты эсер
ететінін анықтау үшін Жер бетінен жеткілікті алыс қашықтықтағы дененің
еркін түсу үдеуін өлшеу қажет.
Өкінішке қарай, Жер бетінен мыңдаған
километр қашық тұрған денені бақылап, оның еркін құлауын зерттеу қиынға
түседі. Бірақ бұл жерде Қозғалыстың негізгі заңдары табиғаттың өзі көмекке
келіп, тартылыс күші әрекетінен туған центргетартқыш үдеумен Жерді
шеңбер бойы айнала қозғалған дененің үдеуін өлшеуге мүмкіндік берді. Ол
дене - Жердің табиғи серігі Ай. Айдың центрге тартқыш үдеуі - 0,0027 м/с2,
бұл Жер бетіне жақын еркін құлаған денелердің үдеуінен 3600 есе аз. Ал
екінші жағынан, Жер мен Ай центрлерінің арасы - 384000 км,
яғни Жер
радиусынан 60 есе үлкен екені белгілі. Бүл мәліметтерден И. Ньютон
бүкіләлемдік тартылыс күші тудыратын үдеу, олай болса, күьитің
өзі де
өзара әрекеттескен денелер арасындагы қашықтықтың квадратына
пропорционал деген қорытындыға келді. Бүған қоса, Жер мен Айды
араларындагы қашықтықпен салыстырғанДа материялық нүктелер деп
К&растырсақ, мынадай формула аламы?:
Достарыңызбен бөлісу: