"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕСІ



Pdf көрінісі
бет141/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   372
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕСІ 
 
Ғалымқызы Г., Молсадыккызы М.  
əл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
gulim_09.06@mail.ru
 
 
Қазіргі  кезде  дүние  жүзінде  білімнің  əлеуметтік  рөлі  артып,  адамның  болашағы  оның  алған 
білімінің  сапасына,  ойлау  деңгейіне  байланысты  болып  отыр.  Осы  тұрғыда  жаңа  технологияның 
тиімді  əдіс-тəсілдерін  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіре  отырып,  қоршаған  ортаны  қорғау  арқылы 
экологиялық тəрбие беру ұстаздардың басты міндеті болмақ. Ол үшін əрбір ұстаз үнемі шеберлігін 
арттырып отырмаса, бала деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бəрі бір күннің іс-əрекеті емес, оған 
уақыт  керек.  «Адамның  адамшылығы  ақыл,  ғылым,  жақсы  ата,  жақсы  ана,  жақсы  құрбы,  жақсы 
ұстаздан  болады»  деп  ұлы  Абай    атамыз  айтқандай  «білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  оқытудың 
жаңа  технологияларын  енгізу  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  коммуникациялық 
желілерге шығу,  ұлттық жəне  жалпы адамзаттық құндылықтарды  ғылым мен  практика жетістіктері 
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін 
қажетті  жағдайлар  жасау».  Жалпы  білім  беретін  биология  пəнінің  негізі  бастауыш  білім  беру 
сатысында  дүниетану  пəні  негізінде  құрылады.  Бұл  пəн  бойынша  оқушыларға  еліміздің  табиғаты, 
табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мəдениеті, этика, эстетика, адам-адам, адам-қоғам, адам-
табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми стандарттық ұғымдар беріледі. 
Биологияны    оқыту  əдістемесі,атынан  көрініп  тұрғандай,  əдістемелік,демек    жаратылымдық 
емес, қоғамдық пəн болып табылады. Білім салаларының ішінде оған теориялары мен дидактиканы 
оқыту, тəрбиелеу  жəне қызығушылығын арттыру жатады. Бұның айғақ ретінде келесідей жағымды 
өзгерістер динамикасын атай аламыз. 
1.Оқушылар тапсырмаларды жүйелі орындауға үйренеді; 
2.Біртіндеп күрделендірілген тапсырмаларды орындауға дағдыланады. Демек,өмірде кездескен 
танымдық тосқауылдарды, қиындықтарды жеңуге үйренеді; 
3.Оқытуда  пайдаланылатын  проблемалық  сұрақтар  өмірден  алынатындықтан,осындай 
мəліметтерді тəжірибеде қолдану дағдылары қалыптасады
4.Оқушылар 
өз 
білімдерін 
өздері 
бағалап,өз 
деңгейлерін 
анықтауға 
мүмкіндік 
алатындықтан,білім алуға деген жауапкершілікті сезінеді; 
5. Əр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады
6.Айтылғанның  барлығы  оқушыларды  өзіндік  ой  қорытуға,ойын  жүйелеуге,нəтижесін 
шығарып,сыни бағалауға үйретеді. 
Қорыта  келе,  биологиялық  білім  нəтижесінде  –  ойлай  алу,сөйлей  алу  дағдылары,-
эмоционалдық  ерік-жігер,-шығармашыл  əрекет  ету  дағдылары  қалыптасады,дами  түседі.  Осылайша 
білім  алу  нəтижесінде  оқушы  талдауға  (анализдеуге),  жинақтауға(синтездеуге),  білімді  жүйелеуге, 
бақылауға, қоры-тынды жасауға, нəтижені тексеруге үйренеді жəне осы білік-дағдыларын шыңдайды. 
Практикада осындай салаларды қалыптастыруға болатындығына көз жеткіздік.  
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., аға оқытушы  Атанбаева Г.Қ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет