"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЖЕДЕЛ ГИПОКСИЯ КЕЗІНДЕГІ ЛИМФА АҒЫСЫ ЖӘНЕ ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІНІҢ



Pdf көрінісі
бет160/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   372
Байланысты:
thesis114326

 
ЖЕДЕЛ ГИПОКСИЯ КЕЗІНДЕГІ ЛИМФА АҒЫСЫ ЖӘНЕ ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІНІҢ 
ЖИЫРЫЛУ БЕЛСЕНДІЛІГІ 
 
Жұмабаева А. М., Исаева Н. Б., Рагипова Ф., Атанбаева Г.К. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
zhumabaeva_aynur2@mail.ru
 
 
Қоpшаған  оpтаны  ластаушы  химиялық  заттаpдың  iшiнде  адам  денсаулығына  үлкен  қауiп 
төндipетiндеp  бейоpганикалық  улы  заттаpмен  қатаp  өндipiстiк  токсиканттаp:  ұшқыш  оpганикалық 
қосылыстаp:  тетpахлоpметан  немесе  төpтхлоpлы  көмipтек  (CCl
4
),  бензол,  толуол,  бензепеpин  жəне 
басқалаp.  Жүpгiзiлген  зеpттеу  жұмыстаpының  нəтижиелеpiнде,  кадмий  иондаpының  лимфа 
ағысының  жылжуы,  лимфа  тамыpлаpының  жиыpылу  белсендiлiгi  мен  иннетвациясына  əсеpi 
анықталған.  Кадмий  иондаpының  лимфа  ағысына,  лимфадағы  белок  құpамына  жəне    ұлпалаpдың 
пpотеолитикалық белсендiлiгiне кеpi əсеpi туpалы мəлiметтеp баp.
 
Жедел гипоксия – сыртқы тыныс 
жүйесі  қанның  қалыпты  газдық  құрамымен  қамтамасыз  ете  алмайтын,  ентігу  байқалатын 
патологиялық  жағдай.  Тыныс  бұзылысының  себептері:  центрогенді,  жүйке-бұлшықеттік, 
торакодиафрагмальды,  бронхөкпелік,  диффузиялық.  Жедел  гипоксия  патогенезі  альвеолярлы 
вентиляция,  альвеоларлы  мембрана  арқылы  газдық  диффузия  бұзылысы  нəтижесінде  ағзаның 
оттегілік  ашығуы  жəне  жүйелер  мен  мүшелерге  оттегі  таратылуының  тепе-теңдік  бұзылысына 
негізделген. 
Зерттеу  жұмысының  мақсаты:  жедел  гипоксия  кезінде  лимфа  ағысы  мен  лимфа  түйіндерінің 
жиырылу  белсенділігін  зерттеу.  Зерттеу  объектісі  жəне  əдістері:  бақылау  жəне  тəжірибелік 
егеуқұйрықтар,  барокамера,  физиологиялық,  биофизикалық,  биохимиялық,  гистохимиялық 


109 
 
микроскоптық  əдістер,  реограф  Мицар-РЕО  (Ресей),  Доплер  Саномед-300,  микроскоп    Флуовал-2 
Цейс.  Зерттеу  нəтижесі:  Жедел  гипоксия  кезінде  тəжірибелік  жануарлардың  лимфа  ағысының 
төмендеуі, лимфа мен қанның реологиялық көрсеткіштері өзгерістерге ұшырайтындығы, лимфа мен 
қанның  тұтқырлығының  жоғарылауы,  қанда  тромбоциттер  артуының  нəтижесінде  лимфа  ағуын 
тежейді. 
Қорыта  келе,  жедел  гипоксия  барысында  лимфа  ағысы  төмендейді,  лимфа  мен  қанның 
тұтқырлығы жоғарлап,қандағы тромбоциттер артады. 
Ғылыми жетекшілері: б.ғ.к. аға оқытушы Атанбаева Г.Қ., б.ғ.к. Әбдірешов С.Н. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет