"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЖЫЛДЫҢ ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖҮРЕК ФУНКЦИЯСЫН ЖЖЖ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет186/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   372
Байланысты:
thesis114326

 
ЖЫЛДЫҢ ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖҮРЕК ФУНКЦИЯСЫН ЖЖЖ ЖӘНЕ 
QRS ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША БАҒАЛАУ 
 
Оралканова Ж.О., Сазанова А.А., Толебаева А.Д., Кулбаева М.С. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
zhanerke.93@mail.ru
 
 
Жоғарғы оқу орындарында білім алатын студенттерің денсаулығының бұзылуына ақпараттық 
жүктеме,  тамақтау  режимінің  бұзылуы,    ұйқының  бұзылуы  жəне  гиподинамия  себепкер.  Сонымен 
қатар, білім алушылардың қанайналым мен тірек-қимыл аппаратының өзгеріске ұшырауына оқудың 
жүктемелік басымдылығы жəне жыл мезгілдерінің ауысуы да əсерін тигізеді. Қан айналу жүйесінің 
қоршаған  ортаның  стресс  тудырушы  факторларына  сезімтал  екендігі  белгілі.  Жүрек-қантамыр 
жүйесінің белсенділігі əсерінен жүрек қызметін реттейтін механизмдердің қайта құрылуы организмді 
əртүрлі  жағдайлар  мен  жүктемелерге  бейімдейді.  Жүректің  жиырылуының  жиілігі  мен  артериялық 
қысым  жүрек-қантамыр  жүйесінің  маңызды  көрсеткіші  ретінде,  организмнің  адаптациялық 
мүмкіншілігін бағалауға мүмкіндік береді. Оқу процесі кезінде студенттердің күйзеліске төзімділігі 
жеке тұлғаның комплексті қасиетіне де байланысты келеді.  
Жүрек–қантамыр  жүйесінің  функционалдық  жағдайын  төмен  стрестік  жағдайда,  яғни 
практикалық  сабақ  барысында  жылдың  қыс  мезгілінде  студенттер    жүректерінің  тəулік  бойындағы 
физиологиялық  күйін  зерттеуге  ЭКГ  əдістемесінің  негізінде  жұмыс  жасайтын  Холтер  мониторингі 
əл-Фaрaби  aтындaғы  ҚaзҰУ-ның  биология  жəне  биотехнология  фaкультетінің  биофизикa  жəне 
биомедицинa  кaфедрaсының  «Хронобиология  жəне  экологиялық  физиология»  ғылыми 
зертхaнaсындa  орындaлды.  Зерттеу  жұмысына  19-23  жастағы  9  студент  алынды.  Олардың  жүрек 
функциясын бағалау мақсатында QRS жиынтығы жəне жүрек жиырылу жиілігі анықталды. 
Қыс  мезгілінде  зерттелген  студенттердің  жүрек  жиырылу  жиілігінің  максимальды  мəні  - 
104,5±0,7 соққы/минут сағат 10:00 уақытында тіркелген, ал минимальды мəні – 57,0±5,6 соққы/минут 
түнгі сағат 03:00 уақытында байқалды.  
Студенттердің  жүрек  жиырылу  жиілігінің  тəуліктік  спектрінің  динамикасында  күндізгі  11:00 
мен  түнгі  00:00  аралығында  тербелмелі  ауытқушылықтар  байқалады,  жүрек  жиырылу  жиілігінің 
орташа  мəні  –  70,0±7,1  ÷  103,0±4,2    соққы/минут  аралығында  тербелетіні  статистикалық 
сенімділікпен  (р<0,05)  дəлелденген.  Ал,  08:00–11:00  уақыт  аралықтарында  қайта  жоғарылағаны 
байқалып тұр. Түнгі уақыттың 01:00 сағатынан 05:00 сағат аралықтарында жүректің жиырылу жиілігі 
төмендегені анықталды.  
Əдеби деректерде көрсетілгендей-ақ, жүрек жиырылу жиілігінің төмендеуі ағзаның тыныштық 
күйде  болуынан.  Алынған  нəтижелер  бойынша  күндізгі  мезгілде  ағза  сергек  қимылдауына  тəуелді 
жүрек жиырылу жиілігінің жоғарғы мəндері тіркелген, ал түнгі уақытта ағза демалуына байланысты. 
Ал, студенттердің QRS жиынтығы күндізгі  12:00-ден түнгі 00:00 сағаттар аралықтарында тербелмелі 
ауытқушылықтар  байқалады,  5498,0±520,4÷4070,0±292,7  мəндері  аралықтарында  тербеледі.  08:00–
11:00  уақыттарда  тіркелген  мəндер  6164,0±637,8÷6110,5±222,7  QRS  жиынтығының  қайта 
жоғарылағанын көрсетіп отыр (р<0,05).  
QRS  жиынтығында  алынған  көрсеткіштердің ішінен  максимальды  мəн  6164,0±637,8 құрайды, 
ол таңғы сағат 08:00 уақытында тіркелді жəне 10:00 сағатта 6270,5±62,9 мəні тіркелді, ал минимальды 
көрсеткіші  түнгі  сағат  01:00  уақытында  3616,5±453,2  мəнімен  жəне  сағат  03:00  уақытында 
3444,5±306,1 көрсеткішімен тіркелді. 
Қорыта келе, қыс мезгіліндегі жүрек қызметінің QRS жиынтығы жəне жүрек жиырылу жиілігі 
анықталып, сараптама жүргізілді. Қыс мезгілінде де жүрек қызметінің тəуліктік динамикасы көктем 
мезгілінде  алынған  нəтижелерден  ерекше  өзгеріске  ұшырауы  байқалмайды.  Ағзаның  сергектік  пен 


128 
 
тыныштық  күйіндегі  анықталып  алынған  көрсеткіштері  жүректің  қалыпты  қызметіне  дəлел  бола 
алады. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент м.а. Кулбаева М.С. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет