"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ИНТРОГРЕССИВТІ ЖҰМСАҚ БИДАЙ (TR. AESTIVUM L.) ЛИНИЯЛАРЫН АЛУ  ЖОЛЫ



Pdf көрінісі
бет218/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   372
ИНТРОГРЕССИВТІ ЖҰМСАҚ БИДАЙ (TR. AESTIVUM L.) ЛИНИЯЛАРЫН АЛУ  ЖОЛЫ  
ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ 
 
Ғани А.  
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
aiko1213@mail.ru
 
 
 
Алшақ  будандастыру  негізінде,  жабайы  түрдің  құнды  қасиеттерін  мəдени  түрдің  генотипін 
жақсартуға қолданып,  экологиялық жерсіндіруіне,  көптеген  аурулар  түріне  тұрақтылығына, дəндегі 
белоктың жоғарлауына  қол жеткізуге болады.  Экологиялық сыртқы орта жағдайларына байланысты 
жұмсақ бидайдың гендік қоры, аталған құнды белгілерден төмендеп, селекция үрдісінің мəселелерін 
ауқымды  шешуге  кедергі  жасайды.  Сондықтан,  селекцияда  генетиканың  классикалық  əртүрлі 
будандастырулар əдістерін қолданумен қатар, түраралық, яғни жабайы түрлерімен будандастырудың 
селекция үшін маңызы зор. Өйткені, жұмсақ бидайды Tr.timopheevi жабайы түрімен шағылыстыруда, 
оның  селекция  үшін  құнды  белгілерінің  (тат  аурулары  түріне  төзімділігі,  суыққа,  құрғақшылыққа, 
өнімнің сапасына) мəдени түрге берілуінің сенімділігін анықтайды.  
Əріден  будандастыру  əдісі  жаңа  гендерді  интрогрессиялау  арқылы  жұмсақ  бидай  геномының 
гендік  қорын  ұлғайтады.  Мұндай  бөгде  генетикалық  материалымен  генотип  белгілі  бір  дəрежеде 
полиплоидты  түрлердің  эволюциялық  процестерін  модельдейді,  көбінесе,  генетикалық 
материалдарымен алмасады.  


150 
 
Түраралық будандастырудың маңыздылығына қарамастан дəн байлауға кедергі болатын түрлі 
аномалиялардың  (тұқымның  толық  қалыптаспауы,  алғашқы  будандық  ұрпақтың  стерильділігі,  оған 
себеп  болатын  мейоз  үрдісіндегі  бұзылыстар  т.б.)  шешілу  жолдарын  іздестіру  қажет.  Осындай 
мəселелерді шешу түраралық будандастыру тəсілін қолдана отырып, рекомбинантты формалар алуға 
мүмкіндік  береді.  Берілген  бітіру  жұмысында  кафедраның  бидай  генетикасы  мен  селекция  ғылыми 
зерттеу лабораториясының қызметкерлерімен алшақ будандастыру негізінде алынған материалдарға 
зерттеулер жүргізілді.  
Кафедраның гендік қорында сақталған интрогрессивті 340-шы линияны қысқа сабақты сары тат 
ауруына  тұрақты  к-48196  донор  үлгісімен    будандастыру  нəтижесінде,  интрогрессивті  линияның 
екінші  компонентке  бере  алатын  донорлық  қасиетерін:  буданды  ұрпақтағы  негізгі  масақтың 
ұзаруынан,  масақтағы  масақшалар  санының  артуынан,  негізгі  масақтағы  дəн  санының  көбеюінен, 
1000  дəннің  салмағының  артуына  байланысты  анықталды.  Керісінше,  к-48196  бидай  үлгісінің 
қатысуымен  алынған  интрогрессивті  F

ұрпағының  өсімдіктеріне      сары  тат  ауыруына  төзімділік 
қасиетінің  берілгендігі  анықталып,  доминантты  тұқым  қуалайтындығы  зерттелді.  Осыған 
байланысты,  340-шы  линияны  сары  тат  ауруына  төзімді,  өнімділік  параметрлерінен  жоғары  жəне 
донорлық қабілеті жағынан құнды материал ретінде селекция тəжірибесіне ұсынылды.  
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.д., профессор Шулембаева К.К. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет