148
Жұмыстың мақсаты - Алматы қаласындағы жас факторына байланысты жүкті əйелдердің
ұрығына цитогенетикалық зерттеу жүргізу. Зерттеу материалы : хорион талшықтарының
метафазалық клеткалары. Зерттеу əдісі : цитогенетикалық.
Алматы қалалық Адам ұрпағын өрбіту орталығында 2017 жыл аралығында жасы 35-тен жоғары
жүкті əйелдер ұрықтарының кариотиптері анықталды. Зерттеу жұмысы медико-генетикалық
бөлімнің цитогенетикалық талдаулар зертханасында жүргізілді. Инвазивті диагностика жалпы 607
жүкті əйелге жүргізілді. Сол қатардағы 232 жүкті əйелдер жас факторына қатысты болды. Олардың
ішінде 17 əйел ұрықтарында хромосомалық бұзылыстар анықталды, жиілігі 7,3% құрады. Даун
синдромының кариотипі 10 (58,8%) ұрықта анықталды, оның ішінде 7 (41,2%) - 47,ХУ,+21 жəне 3
(17,6%) – 47,ХХ,+21 кариотиптер табылды. Эдвардс синдромының 3 кариотипі (47,ХУ,+18 – 2;
47,ХХ,+18 – 1) табылды, жиілігі 17,6% құрады. Клайнфельтер синдромының кариотипі 3 (17,6%)
ұрықта кездесті: 47, ХХУ; 47,ХХУ/46,ХУ; 47ХУ,+13/46,ХУ. Х-хромосоманың трисомиясы 1 (5,9%)
ұрықта кездесті - 47,ХХХ.
Медициналық, лабораториялық жəне қоғами көзқарас бойынша пренаталды диагностиканы
жүктіліктің неғұрлым ерте апталарында жүргізсе, сол аз уақыт көлемінде нақты сараптама нəтижесін
алып, яғни ұрық дамуының ауытқуы болған жағдайда жүктіліті үзуге мүмкіндік береді. Нəтижесінде
адам популяциясының генофондысын қалыпты болуына апарады.
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к. Қалимағамбетов А. М.
Достарыңызбен бөлісу: