"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ПРОБИОТИКО-ФЕРМЕНТАТИВТІ ЖЕМДІК ҚОСПАЛАРДЫ АЛУ ҮШІН



Pdf көрінісі
бет300/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   372
ПРОБИОТИКО-ФЕРМЕНТАТИВТІ ЖЕМДІК ҚОСПАЛАРДЫ АЛУ ҮШІН 
БАЦИЛЛАЛАРДЫ БӨЛІП АЛУ 
 
Маханбетова Н.Ж., Батықова Ж.К. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
mahanbetova_n@mail.ru
  
 
Құстардың  асқазан-ішек  жолын  коррекциялау  жəне  əр  түрлі  ауру  түрлерін  емдеуде  дəстүрлі 
түрде  антбиотиктер  мен  химиялық  препараттарды  пайдалану  дəрі-дəрмекке  төзімді  ішек 
инфекцияларының  қоздырғыш  штамдарының    пайда  болуы  мен  жинақталуына  алып  келеді.  Құс 
шаруашылығы  өнімдерін  пайдалану  барысында    қоздырғыш  штамдарының  жұғу  қауіпінен  бөлек, 
адам  ағзасына  антибиотиктердің  де  енуі  мүмкін.  Ал  бұл  тағам  өнімдерінің  экологиялық 
қауіпсіздігінің  заманауи  талаптарына  қарама-қайшы.  Осыған  байланысты  препараттарды  жасау, 
соның  ішінде  альтернативті  жемдік  антибиоткитерді  алу-ғылыми-өндірістік  маңызды  міндеттердің  
бірі. 
Микробиологиялық  қоспалардың  ішінде  құрамы  мен  қасиеті  жемдік  ферменттер  мен 
пробиотиктерге  ұқсас  препараттар  бар.  Олардың  құрамына  енетін  микроорганизмдер    жоғарғы 
сатыдағы  жануарларда  болмайтын  ферменттерді  синтездейді.  Сондай  препараттардың  бірі-
құрамында Bacillus туысына жататын бактериялар бар пробиотико-ферментативті жемдік қоспалар. 
Bacillus  туысына  жататын  бактерияларды  пайдалану  аймағы  кең.  Бациллалардың  көптеген 
түрлері топырақтың құнарлылығын жоғарылатуға қажетті биопрепараттар өндірісінде, фитопатогенді 
саңырауқұлақтар  жəне  насекомдармен  күресуде,  қалдық  жəне  құбыр  суларын  тазарту  сияқты 
экологиялық  мəселелерді  шешуде,    ластанған  топырақ  биоремедиациясында,  тағам  өндірісінде 
консерванттар  ретінде,  медицина  мен  ветеринарияда  пробиотиктер  ретінде  белсенді  түрде 
пайдаланылады.       
 Əдістер:  бациллаларды  бөліп  алуда  селективті  қоректік  орталарда  жинақтық  дақыл  алу  əдісі; 
антагонистік    белсенділікті  анықтау;  протеолитикалық  белсенділікті  анықтау;  целлюлозалитикалық 
белсенділікті анықтау; идентификация – баканализатор Vitek; токсинділікті, вируленттілікті анықтау. 
Аэробты  спора  түзуші  бактtриялардың  90  түрлі  дақылдардың  нысана-микроорганизмдерге 
қатысты  антагонистік  белсенділігі  зерттелді.  Балапан-бройлер  мен  мекиен  тауықтардан  бөлініп 
алынған  нысана-микроорганизмдер:Salmonella  typhi,  Salmonella  typhimurium,  Citrobacter  aerogenes, 


205 
 
Escherihia  coli,  Proteus  vulgaris.  Энтеробактериялардың  25  түрлі  антагонистік  штамдары  таңдалып 
алынды. 
Таңдалып 
алынған 
25 
түрлі 
антагонистік 
штамдардың 
протеолитикалық 
жəне 
целлюлозалитикалық  белсенділігі  анықталды.  Зерттеу  жұмысы  бойынша  белсенді  штамдарды  
целлюлозада  дақылдау  барысында  гидролиз    процесі  жүзеге  асып,  бактериялар  синтездейтін 
өнімдердің  жоғары  мөлшердегі  нəтижесін  үшінші  тəулікте  алуымызға  болады.  Бациллалардың 
целлюлозды комплекстегі ферменттер арқылы анықталған жоғары протеолитикалық белсенділігі  бар 
7 түрлі штамынан құралған жұмыс  коллекциясы  жасалды. 
Бациллалардың 7 штамының идентификациясы жүргізілді. Нəтиже бойынша ПМ4, ПМ11, Ж16, 
Ж30  Apiweb  штамдары  Bacillus  subtilis  түріне,  ал  ПМ15,  Ж35,  Ж44  штамдары  Bacillus  lichinіformіs  
түріне жатады. Барлық штамдар ферментативті белсенділікке, патогенді факторлар ассоциациясына 
ие емес жəне лабораториялық жануар ағзасына токсинді əсері жоқ. 
Ғылыми-жетекшісі: б.ғ.к., доцент Кистаубаева А.С. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет