"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ҚАУЫН ШЫБЫНЫНЫҢ  ЗИЯНДЫ ӘСЕРІ



Pdf көрінісі
бет46/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   372
ҚАУЫН ШЫБЫНЫНЫҢ  ЗИЯНДЫ ӘСЕРІ 
 
Жарасбаева Г. Ж. 
Қ. Жұбанов  атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті 
 tarum.65@mail.ru 
 
Қазірде   ауыл  шаруашылық дақылдарының  400-ден  астам    зиянкестері бар,  соның  ішінде  өте 
зиянды 160 түрлі насекомдар жəне 30 түрлі кенелер  


33 
 
 Сондай-ақ  қатерлі  биологиялық   нысандардың   шекарадан еніп  кету жəне таралу  қаупі  жəне 
бар.Соңғы  жылдары  өсімдік  шаруашылығын  əртараптандыруға  байланысты  бақша  дақылдарының 
егіс көлемі өсіп, ол өткен жылы республикамыз бойынша 67,7 мың гектарды құрады. Біздің жағдайда 
бақша дақылдарының үлес салмағының артуының жəне негізгі себептерінің бірі - ол Қазақстан, Ресей 
жəне  Беларусь  мемлекеттерінің  арасындағы  Кедендік  одақтың  құрылуына  байланысты,  өзімізде 
өсірілген  бақша  дақылдарын  Ресей  жəне  Беларусь  мемлекеттеріне  кедендік  төлемсіз  тікелей 
шығаруға мүмкіндік пайда болды. Соңғы жылдары  қауын егістіктерінде, жалпы оңтүстік аймақтарда 
бұрын-соңды  кездеспеген  «қауын  шыбыны»  зиянкесі  пайда  болып,  қиыншылық  туындатты.  Нақты 
айтқанда  зиянкестер  алқаптардағы  қауындарды  тесіп,  жарамсызжағдайғажеткізді.Жалпызиянкестің 
географиялық таралу аймағы Еуропада Ресей, Əзірбайжан, Армения, Грузия мемлекеттері, ал Азияда 
Үндістан, Палестина, Солтүстік Иран, Ирак, Израиль, Ауғанстан жəне Өзбекстан мемлекеттері болып 
табылады. 
Қауын  шыбыны  (Myiopardalis  pardalina  Big)  -  қосқанаттылар  отряды  (Diptera),  алақанаттылар 
тұқымдасына (Tripetidae) жататын қауіпті зиянкес, ол қауын, қарбыз, қияр жəне жалпы мəдени жəне 
жабайы асқабақ тұқымдастарына залал келтіреді. 
Жалпы қауын шыбыны зиянкесі көршілес Өзбекстан Республикасында 2005 жылы пайда бола 
бастаса,  ал  2010  жылы  тек  Қарақалпақстан  Республикасы  аумағының  өзінде  44,5  мың  гектар 
қауынның  20,0  мың  гектарға  жуығын  залалдап,жарамсыз  жағдайға  жеткізген.  Қазіргі  таңда 
өзбекстандық  диқандар  шекараны  түрлі  жолдармен  айналып  өткен  өздерінің  қауын  тұқымдарын 
біздің елге алып келіп көптеп егуде. Көршілес Өзбекстаннан шекара асып өтіп отырған тұқымдардың 
ішінде  өткен  жылға  дейін  біздің  аймақ  үшін  карантиндік  нысан  болған  қауын  шыбынының жалған 
піллəсінің  жоқ  екендігіне  кім  кепіл!  Тұқым  таңдауда,  əсіресе,  өсімдік  қорғау  бағытында  өте  сақ 
болуымыз керек. Сондықтан да ел аумағында өсірілетін бақша дақылдарының басым көпшілігі шет 
елдерге,  əсіресе  Кедендік  одақтағы  Ресей  мемлекетіне  сатылатындығын  ескере  отырып,  аталмыш 
зиянкеспен 
күресу 
шаралары 
күшейтілуі 
тиіс.  
Міне  сондықтан  ауыл  шаруашылықтарына  өз  зиянын  тигізетін  қосқанатты  зиянкестерді  зерттеп, 
анықтау қазіргі таңда өте маңызды жəне өзекті.  
Ғылыми жетекші: аға оқытушы,магистр Абдукаримов А.М.. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет