"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


АЯГӨЗ ӨЗЕНІНІҢ ИХТИОФАУНАСЫНЫҢ АЛУАНТҮРЛІГІ ЖӘНЕ БАЛҚАШ



Pdf көрінісі
бет55/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   372
 
АЯГӨЗ ӨЗЕНІНІҢ ИХТИОФАУНАСЫНЫҢ АЛУАНТҮРЛІГІ ЖӘНЕ БАЛҚАШ 
ГОЛЬЯНЫНЫҢ  МОРФОБИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ 
 
Кенес Е. С. 
əл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ Ұлттық Университеті 
k.ereke@list.ru
  
 
Аягөз өзені ихтиологиялық аудандастыру бойынша Балқаш провинциясы, осы аттас округына 
жататын  Балқаш-Алакөл  учаскесінің  құрамына  енетін  (Митрофанов,  1986)    Шығыс  Қазақстан 
облысының  аумағындағы  орналасқан  өзен.  Өзеннің  ұзынды-қысқалы  300-ден  аса  саласы  бар.  Ірі 


39 
 
салаларына  Нарын,  Балықты,  Батпақты,  Айғыз,  Қурайлы,  Таңсық  өзендері  жатады.    Тарбағатай 
жотасының  солтүстік  сілемдерінен  бастау  алады.  Балқаш  көлінің  солтүстік-шығыс  бөлігіне  құяды.
 
Жоғарғы ағысының жағалары тік шатқалды, ал орта жəне төменгі ағыстары кең жайылымды болып 
келеді. Өзен қар жəне жер асты суларымен толығады. Аягөз өзені мен оның салаларында кездесетін 
балықтар:  қабыршақсыз  көкбас,  Балқаш  алабұғасы,  Северцов  талма  балығы,  теңбіл  талмабалығы, 
кəдімгі  гольян,  Балқаш  гольяны,  Зайсан  гольяны  жəне  басқалары  кездеседі.  Аталған  түрлердің 
көпшілігінің    кəсіптік  маңызы  жоқ,  бірақ  Балқаш  гольяны  (
Phoxinus  phoxinus  poljakowi  Kessler) 
 
көптеп кездессе де, оның морфобиологиялық көрсеткіштері аз зерттелген
.  
Балқаш  гольяны–  Балқаш  бассейнінде  (Аягөз,  Кеген,  Шарын,  Қарқара  өзендерінде)  жəне 
Ыстықкөл  (Қаракөл,  Жергалан,  Тюп  өзендерінде)  таралған. 
  Балқаш  гольяны  балығының 
популяциясының осы көрсеткіштерінің ерекшеліктерін зерттеу мақсатында 2017 жылдың күз айында 
ауланған 26 данасы алынды.  
Зерттеу  барысында  алынған  сандық  мəліметтер  биометриялық  талдау  əдістерін  қолдана 
отырып компьютерлік Мicrosoft Excel бағдарламасымен өңделді. 
 
Зерттелген балықтардың салыстырмалы түрде морфобиологиялық көрсеткіштері төмендегідей 
болды: Q - орташасы 1,07 г (0,42-2,23); q - кіші салмағы, 0,85г (0,3-1,78),   L - орташасы 45,65 мм (36-
57).
 l - 
құйрық қалақшасынсыз ұзындығы, 37,77 мм (27-47); Смит бойынша ұзындығы, 41,96 мм (32-
51) жəне басқада меристикалық жəне пластикалық белгілері алынды.  
Зерттеу  барысында 
Балқаш  гольянының 
26  данасының  61,5%  (немесе  16  данасы)  аналық 
особьтар,  38,5%  (немесе  10  данасы)  аталық  особьтар  болды.  Зерттелген  балықтардың  жыныстық 
жетілу  стадиялары  IV  стадияда  9  аталық,  ІІІ  стадияда  1  дана,  ал  аналықтарда  IV  стадияда  10,  ІІІ 
стадияда  1,  ІІ  стадияда  5  данасы  болды.    Зерттеу  нəтижелері  Балқаш  гольянының  Аягөз  өзеніндегі 
морфобиологиялық  көрсеткіштері    басқа  табиғи  ареалдағы  белгілерінен  (В.П.  Митрофанов,  И.В. 
Митрофанов, 1987)  көп өзгеріске ұшырамағанын көрсетті. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Б.Есжанов 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет