"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ІЛЕ АЛАТАУЫНДАҒЫ REHUM WITTROKII ӨСІМДІГІНІҢ



Pdf көрінісі
бет72/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   372
ІЛЕ АЛАТАУЫНДАҒЫ REHUM WITTROKII ӨСІМДІГІНІҢ 
ЦЕНОПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 
 
Мұқашева Қ.М. 
 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
kundyz_mukasheva@mail.ru
 
 
Қазақстан  флорасындағы  эндем  жəне  Қызыл  Кітапқа  енгізілген  өсімдіктерді  зерттеу 
биологиялық алуан түрлілік туралы конвенцияны іске асырудың маңызды аспектісі болып табылады. 
Биологиялық алуан түрлілік туралы конвенция кез-келген түрдің құндылығын болжайды. 
Rheum  wittrockii  өсімдігі  құрамында  көмірсулар,  органикалық  қышқылдар,  таниндер, 
антрахинондар  бар  жəне  де  бұл  өсімдік  ұзақ  уақыт  бойы  дəрілік  өсімдік  ретінде  халық 
медицинасында қолданылған. 


50 
 
Іле Алатауындағы Rheum wittrokii өсімдігінің ценопопуляцияларының жай-күйін бағалау. 
Жұмыстың  барысында  Rheum  witrickii  өсімдігінің  ценопопуляцияларының  эколого-
ценотикалық  ұштастығымен  қатар,  құрамында  Rheum  wittrockii  кездесетін  өсімдіктер 
қауымдастықтарының    флоралық  құрамы  анықталды.  Витрок  Рауғашы  өсімдігінің  екі  популяциясы 
табылып  зерттелді:  бірінші  популяциясы  Үлкен  Алматы  шатқалындағы  шыршалы    белдеуден  ал, 
екінші популяциясы Кіші Алматы шатқалындағы шыршалы белдеуден табылды.  
Жалпы  1  популяциядағы  өсімдіктер  қауымдастығының  флоралық  құрамы  27  тұқымдастан  86 
туыстан  97 түрден тұратындығы анықталды. 
Таксономиялық құрамы келесіше көрініс табады: Pinopsida класы 2 түрмен көрсетілген, 76 түр 
Magnoliposida класына жатады, 19 түр   Liliopsida класына тиесілі.  Poaceae жəне Asteraceae жетекші 
тұқымдастар болып табылады жəне əрқайсысы 10 түрден тұрады (бірге 24,1%). Келесі кезекті яғни 
екінші орынды Ranunculaceae тұқымдасы 8 түрмен алып отыр (9,6%).  
Жалпы  2  популяциядағы  өсімдіктер  қауымдастығының  флоралық  құрамы  25  тұқымдасты  66 
туысты  97  түрді  құрайды.  Liliopsida  класына  20  түр    жатқызылатын  болса  81  түр  Magnoliposida 
класына тиесілі.  
Қорытынды:  Сонымен  құрамында  Витрок  Рауғашы  кездесетін  өсімдіктер  қауымдары 
флорасына 
талдау 
жасалынды. 
Екі 
популяциясы 
табылып 
олардың 
құрамындағы 
ценопопуляциялардың  саны,  тығыздығы  жəне  жастық  спектрі  анықталды.  Нəтижесінде,  төрт 
ценопопуляциядағы  əр  жастық  күйінің  пайыздық  мөлшері  анықталды.  Нəтижесінде,  бірінші 
популяцияда  жас  генеративтік  дарақтар  тобы  басым  екендігі  (42,5%)  ал  екінші  популяцияда 
виргинильдік  дарақтар  тобы  (46,1%)  басым  екендігі  анықталды.  Бір  дараққа  шаққанда  тұқым 
өнімділігінің орташа көрсеткіштері екі популяцияда бірдей екендігі айқындалды. 
Rheum  witrickii  өсімдігінің  тамырларының  шикізат  ретінде  алынуы,  сабақтарының  азықтық 
өсімдік ретінде жиналуы, өсімдіктің мекен ететін  жерлерінің бұзылуы нəтижесінде өсімдіктер саны 
табиғатта азаюда. Сондықтан келешекте бұл өсімдікті табиғатта сақтап қалу үшін Іле-Алатау ұлттық 
паркіне қорғау шараларын күшейту қажеттігі туралы ұсыныс жасалынады. 
Ғылыми жетекшілері:  б.ғ.д., проф. Мухитдинов Н.М., PhD.Карашолакова Л. Н.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет