"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ІЛЕ АЛАТАУЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ADENOPHORA HIMALAYANA L.ӨСІМДІГІ



Pdf көрінісі
бет89/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   372
ІЛЕ АЛАТАУЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ADENOPHORA HIMALAYANA L.ӨСІМДІГІ 
ЖАПЫРАҒЫНЫҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Оралова С.
 
əл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ Ұлттық Университеті 
Bekzat.tynybekov@gmail.com
 
 
Жер  шарының  қоңыржай  аймағында  таралған.  Қоңыраугүлділер  энтомофильдер  жəне  басым 
көпшіліге протерандриялы өсімдіктер.Тұқымдас құрамында 70 туыс жəне 2000-нан астам түрлер бар. 
Қазақстанда  қоңыраугүлдер  тұқымдасының 8  туысы жəне  21  түрі өседі. Ең  ірі  туыстарының  біріне 
қоңыраугүлділер жатады. Біздің аймақта бұл туыстың 9 түрі кездеседі. 
Іле  Алатауында  кездесетін  Adenophora  himalayana  L.  қоңыраугүлдер  тұқымдасының 
қоңырауша  туысына  жататын  көп  жылдық  шөптесін  өсімдік.  Adenophora  himalayanar  L.  Тянь-
Шаньда, Іле Алатауында, Тарбағатайда көптеп кездеседі. Бұл көпжылдық жуан тамырлы, биіктігі 40 
см  жететін  өсімдік.  Сабақтың  төменгі  жағындағы  жапырақтар  қанатты  сағақтарымен  ұзындығы 
жұмыртқа тəрізді, жұмыр тəрізді тақталы формалы болып келеді. 
Жиналған  өсімдігін  фиксациялап,  зерттеуге  aлынaтын  Adenophora  himalayana  L.  өсімдігінің 
жaпырaғының  aнaтомиялық ерекшеліктерін aнықтaу үшін толық дaмығaн, зaқымдaнбaғaн өркеннің 
ортa деңгейіндегі жaпырaқтaр іріктеліп aлынaды. Aнaтомиялық кесінділер қолмен жəне тоңaзытқыш 
микротомдa (ТОС-2) дaярлaнaды. 
Жaпырaқ  тақтасының  қалыңдығы  1,094  ±  0,55мкм.  Төменгі  эпидермис  клеткалары,  үстінгі 
эпидермис  клеткаларына  қарағанда  біршaмa  кіші,  клеткалар  өзара  жанаса  орналасқан,  жапырақтың 
төменгі  эпидермис  клеткаларының  қалыңдығы  0,025  ±  0,12мкм,  жоғарғы  эпидермисте  трихоманың 
саны  артқан,  трихома  басқада  дəрілік  өсімдіктердегі  трихома  мөлшерімен  салыстырғанда  біршама 
ұзарғандығын  байқауға  болады.  Сонымен  трихома  саны  көбейген  жəне  ұзарған,  демек  2,760  ± 
0,47мкм  жетеді.  Жапырақ  тақтасының  жоғарғы  эпидермис  қалыңдығы  0,037  ±  0,58мкм  тығыз  бір- 
бірімен тығыз байланысқан. 
Барлық көпжылдық шөптесін өсімдіктерге тəн Adenophora himalayana L.өсімдігінің жaпырaғы 
бағаналы жəне борпылдақ мезофиллден тұрады. Бағаналы мезофилл бір қатар бойымен тығыз бағана 
тəрізді  жанаса  орналасқан,  бағаналы  мезофилл  қалыңдығы  0,464  ±  0,68мкм,  борпылдақ  мезофилл 
қалыңдығы 0,334 ± 0,26мкм.  
Adenophora  himalayana  L.  өсімдігінің  трихомасы  басқада  дəрілік  өсімдіктердегі  трихома 
мөлшерімен салыстырғанда біршама ұзараруы косметикаға пайдаланатын əртүрлі хош иістерді бөліп 
шығару ықтималдылығы бар деп болжам жасауға болады. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., аға оқытушы Б.М. Тыныбеков 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет