"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АҢҒАРЫНДАҒЫ CHENOPODIACEAE ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет91/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   372
СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АҢҒАРЫНДАҒЫ CHENOPODIACEAE ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ 
НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ (ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ) 
 
Осмонали Б.Б. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
be96ka_kz@mail.ru
  
 
Алабұталар систематикалық жағынан қиын жəне үлкен тұқымдасқа жатқызылады, əсіресе шөл 
флорасында,  сонымен  қатар  Қазақстан  аумағында.  Мысалға,  Сары-Ишык-Отау  шөлінде  (Л.П. 
Гоздева, 2003) жəне Сырдария өзені дельтасында (А.Б. Байбулов, 2009) анықталған түрлердің ішінде, 
Chenopodiaceae тұқымдасы саны жағынан бірінші орын алады. 
Бұл  тұқымдастың  өкілдеріне  тəн:  морфологиялық  жағынан  ұқсастық,  ерекше  полиморфизм 
жəне  жасына  байланысты  анағұрлым  өзгергіштігі.  Қазіргі  таңда  көптеген  туыстары  толық 
зерттелмеген  болып  табылады.  Қызылорда  облысының  алабұталарын  зерттеу  теориялық  жəне 
практикалық жағының маңызды орын алады. 
Жалпы  зерттеу  жұмыстарының  мақсаты  -  «Мал  өрісі  жерлердегі  өсімдік  жабынының  түрлік 
құрамына мониторинг – Қазақстанның шөлді жайылымдарын орнықты пайдаланудың ғылыми тəсілі 
(Қызылорда  облысы  мысалында)  грантық  жоба  аясында  (2015-2017  гг.)  экспедициялық  зерттеулер 
кезінде Сырдария ө. аңғарының флорасындағы Chenopodiaceae тұқымдасының тізімін жасау. 
Бұл  жарияланымда  біз  алабұталардың  сол  немесе  өзге  флорасын  сипаттайтын  түрлерге 
тоқталдық. Бір жағынан бұл - өсімдіктер қауымдастықтарының доминант түрлері, ал екінші жағынан 
бұл – Сырдария ө. аңғары флорасының сирек түрлері.  
Əдеби ақпарат көздерімен жəне ҚР БҒМ ҚК «Ботаника жəне фитоинтродукция институтының» 
гербари  коллекцияларымен  қатар,  экспедициялар  нəтижелері  бойынша  біздер  Қызылорда  облысы 
аумағында  Сырдария  ө.  аңғарындағы  алабұталардың  120  түрден  тұратын,  негізгі  түрлер  тізімін 
жасадық.  Бірақ  ескеру  қажет,  бұл  доминанттық  түрлер  антропогендік  бұзылған  аумақтарда: 
азғындалған жайылымдар, ескі егістік алқаптарда жəне т.б. 
Зерттеу  жұмыстарының  нəтижесінде  доминанттық  түрлерге  Atriplex  tatarica  L.,  Chenopodium 
album L., Ceratocarpus utriculosus Bluk., Сlimacoptera aralensis Botsch., Halostachys belangeriana C.A. 
Mey.,  Salicornia  europaea  L.,  Suaeda  acuminata  (C.A.  Mey.) Moq.,  Suaeda  microphylla  Pall.,  S.  linifolia 
Pall.,  Salsola  paulsenii  Litv.,  S.  оrientalis  S.  G.  Gmel.  жəне  т.б.,  ал  сирек  кездетіндерге  Girgensohnia 
oppositiflora  (Pall.)  Fenzl,  Londesia  eriantha  Fisch.  et  Mey.,  Atriplex  pratovii  Suchor.,  Salsola  richteri 
(Moq.) Kar. ex Litv. жəне т.б. жатқызылды.  
Ғылыми жетекшілері: б.ғ.к., доцент, Ахтаева Н.З., б.ғ.к. Веселова П.В. 
 


63 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет