«Фармацевттікөндірістіңтехнологиясы» кафедрасы е 044/270-2021


лекция Идентификациялау үрдісінің жалпы сұлбасы



бет42/68
Дата27.11.2023
өлшемі2,69 Mb.
#129194
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68
10 лекция Идентификациялау үрдісінің жалпы сұлбасы
Мақсаты: идентификациялаудың негізгі кезеңдері, априорлы және апостериорлы ақпарат ұғымдары, идентификациялау сапасынын көрсеткіштері мен критерийлері, идентификациялау әдістерін классификациялау, құрылымдық және параметрлік, активті және пассивті идентификациялау принциптері қарастырылған.


Тезистер
Идентификаттаудың кезеңдер тізімі. Техникалық жүйелерді математикалық модельдеу технологиясы жалпы жағдайда келесі негізгі кезеңдерді орындауды көздейді:
1 Мақсатарды тұжырымдау. Модельдеу проблемасының кез-келген мәселесінің негізінде бізді қандай тәуелділіктер қызықтыратыны, оны пайдалану мақсаттары туралы ақпарат жатады. Бұл мәліметтер өте жуықталған болуы мүмкін, бырақ, әрдайым модельдеу мақсаттарын тиімді тұжырымдау үшін жеткілікті болатын оның кейбір қасиеттерін бейнелейді. Әдетте модельдеу есептерінде мақсаттық функция түрінде берілетін кейбір критерийді максимизациялау немесе минимизациялау арқылы мақсатқа қол жеткізіледі.
2 Объектті зерттеу. Бұл кезде өтетін үрдісті түсіну, қоршаған орта мен объекттің шекараларын анықтау талап етіледі. Сонымен қатар, бұл кезеңде зерттеу объектісінің барлық кіріс және шығыс параметрлерінің тізімі және модельдеу мақсатарына қол жеткізуге олардың тигізетін әсері анықталады.
3 Сипаттамалық модельдеу (концептуальды модельді жетілдіру) – объекттің кіріс және шығыс параметрлерінің негізгі байланыстарын анықтау және сөзбен фиксациялау.
4 Математикалық модельдеу (математикалық модельді жетілдіру) – сипаттмалаық модельді формальды математикалық тілге аудару. Мақсат әдетте мақсаттық деп аталатын функция түрінде жазылады. Объекттің тәртібі қатынастар арқылы сипатталады. Бұл кезеңде зерттелетін проблеманың күрделілігіне тәуелді бір қатар таза математикалық есептер пайда болуы мүмкін. Олар: математикалық программалау, сызықты алгебра, дифференциальды және интегральды есептеулер және с.с.
5 Есепті шешу әдісін таңдау (немесе құру). Бұл кезеңде пайда болған математикалық есеп үшін лайықты әдіс таңдап алынады. Мұндай әдісті таңдау барысында әдістің күрделігіне және пайдаланылатын есептеу ресурстарына назар аудару керек. Қойылатын критерийлер бойынша лайықты әдіс болмаса, онда есепті шешудің жаңа әдісін жетілдіру қажет.
6 Компьютерлік программаларды таңдау немесе жазу. Бұл кезеңде шешудің таңдап алынған әдісін жүзеге асыратын лайықты программа таңдалады. Егер ондай программа бомаса, сондай программаны жазу керек.
7 Есепті компьютерде шешу. Есепті шешу үшін барлық қажетті ақпарат программамен бірге компьютердің жадына енгізіледі. Лайықты программаны пайдаланып, мақсаттық ақпарат өңделеді және ыңғайлы формада есеп шешімінің нәтижелері алынады.
8 Модель адекваттылығын тексеру (модельді верификациялау).
9 Пайда болатын шешімді талдау. Шешімді талдаудың екі түрі бар: формальды (математикалық), алынған шешімнің құрылған математикалық модельге сәйкестігі тексеріледі (сәйкестік болмаған жағдайда программа, бастапқы деректер, ЭЕМ жұмысы және с.с. тексеріледі) және мазмұндық (экономикалық, технологиялық және басқалар), алынған шешімнің модельденген объектке сәйкестігі тексеріледі. Мұндай талдаудың нәтижесінде модельге өзгерістер немесе дәлділіктеулер енгізіліуі мүмкін, одан кейін бүкіл қарастырылған үрдіс қайталанады. Егер модель таңдап алынған критерий бойынша объекттің тіршілігін жеткілікті дәлділікпен сипаттайтын болса модель құрылған және аяқталған деп саналады. Тек осыдан кейін ғана модельді есептеулерде пайдалануға болады.
Техникалық жүйелерді математикалық модельдеу келесі әдістерді пайдалануды көздейді:

  1. аналитикалық;

  2. сандық;

  3. статистикалық (имитациялық);

  4. аналитика-имитациялық.

Нақтылы модельдеу әдісін таңдау көптеген факторларға тәуелді, оның ішінде:

  • модельдеу мақсаттарына;

  • зерттелетін жүйенің күрделілігіне;

  • таңдалған оны бөлшектеу деңгейімен анықталатын модельдің күрделілігіне;

  • зерттелетін сипаттамалардың номенклатурасына қойылатын талаптарға;

  • алынатын нәтижелердің дәлділігіне қойылатын талаптарға;

  • алынатын нәтижелердің жалпыламалығна қойылатын талаптарға;

  • модельдеуге жұмсалатын уақыт шығындарына қойылатын талаптарға;

  • материальдық шығындарға қойылатын талаптарға;

  • модельдеуді орындау үшін арнайы техникалық құралдардың бар болуына;

  • модельдеуді жүргізетін маманның біліктілігіне жне с.с.

Модельдеу әдістерін сапалы деңгейде жасалған салыстырмалы талдау нәтижелері 10.1 кестеде келтірілген (фигуралық жақшалармен әр көрсеткіштің ең жақсы мәндері белгіленген).
Кесте 10.1 Модельдеу әдістерін салыстырмалы талдау нәтижелері

Модельдеу әдісі

Әдістің күрделілігі

Нәтижелердің жалпыламалығы

Нәтижелердің дәлділігі

Уақыт шығындары

Материал шығындары

Синтездеу есептері

Аналитикалық

{+}

{++++}

+

{+}

{+}

{+}

Сандық

++

+++

++

++

++

++

Имитациялық

+++

+

{++++}

++++

++++

++++

Комбинирленген

++++

++

+++

+++

+++

+++

Математикалық модельдеу есептерін шешу үшін бастапқы ақпарат қажет. Оны шартты түрде екі түрге бөледі – априорлы [aprior information] және апостериорлы [aposterior information] ақпарат. Сәйкесінше, бұл кейбір тәжірибе немесе басқа амалдарды орындауға дейін болған деректер, және оларды орындағаннан кейін алынған мәліметтер. Әдетте объект туралы априорлы және ағымдағы ақпараттың толық емес болған және бақыланбайтын түрлі ұйытқулар орын алған жағдайларда жұмыс істеуге мәжбұр болады.


Егер объект «қара щәщік» ретінде қарастырылатын болса, онда әдетте тек апостериорлы ақпаратты пайдаланады.
«Қара щәщік» - берілген есептің аумағында жұмыс жасау механизмі күрделі, белгісіз немесе маңызды емес жүйелерді белгілеу үшін дәл ғылымдарда (системотехника, кибернетика және с.с.) пайдаланылатын термин. Мұндай жүйелер әдетте ақпаратты енгізу үшін бір «кіріске» және жұмыс нәтижелерін бейнелеу үшін бір «шығысқа» ие. Шығыстың күйі әдетте кірістің күйіне тәуелді.
Зерттеу объект туралы априорлы ақпаратты (егер ол қолжетерлік болса) пайдалану көп жағдайларда идентификаттау пробеманы шешуді жеңілдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет