Фармакологияның даму тарихы. Атақты фармакологтар. Фармокология және фармакопея комитеттері, олардың қызметі. Жаңа дәрілер табу жолдарының принциптері


Мына терминге анықтама беріңіз. Адреномиметикалық заттар–



бет10/35
Дата17.06.2023
өлшемі90,57 Kb.
#101939
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
7. Мына терминге анықтама беріңіз. Адреномиметикалық заттар– бұл адреномиметикалық дәрі-дәрмектер адренорецепторларды қоздырады. Адренорецепторлар α және β-адренорецепторларға бөлінеді. α және β-адренорецепторлар барлық ағзда болып, адренорецепторлардың аталған біртүрі басым болады. β-адренорецепторлардың екі түрі бар: және -адренорецепторлар. -адренорецепторлар жүрек бұлшықеттерінде орналасқан, олардың қозуында жүрек жиырылуы жиіленеді және күшейеді, жүрек құлағынан қарыншаға импульстардың өтуі жеңілдейді, жүрек автоматизмі жоғарылайды. -адренорецепторлар қан тамырлары және бронхтарда орналасқан. Олардың қоздырылуында қан тамырлары кеңейеді, бронх бұлшық еттері босаңсиды. Адреномиметикалық дәрі-дәрмектер 3 топқа бөлінеді:
1.α-адреномиметикалық дәрі-дәрмектер (норадреналин, мезатон, нафтизин, галазолин)
2.β-адреномиметикалық дәрі-дәрмектер (1-добутамин, изадрин, орципреналин, 2-сальбутамол, фенотерол)
3.α және β-адреномиметикалық дәрі-дәрмектер (адреналин)


8. Мына терминге анықтама беріңіз. Адреноблокаторлық заттар – бұл адреноблокатрлық дәрі-дәрмектер адренорецепторлар қызметін төмендетеді. Адреноблокаторлық заттар α-адреноблокаторлар және β-адреноблокаторларға бөлінеді.
α-адреноблокаторлық заттар қан тамырларын кеңейтеді, артериалды қысымды төмендетеді. α-адреноблокаторлық заттарға жатады:
Фентоламин-перифериялық қан тамырларды кеңейтеді, сондықтан да мүшелер мен ұлпаларда қан айналымын жақсартады, артериалды қан қысымды төмендетеді. Бірақ гипертония ауруында препараттың гипотензивті әсері аз болады. Перифериялық қан тамырларының түйілуінде (спазмында), аяқ-қолдың трофикалық жарасын емдеу үшін фентоламинді ішуге тағайындайды. Жанама әсерлері. Тахикардия, бас айналу, мұрынның бітеліп қалуы.
Тропафен фентоламин сияқты парентеральды енгізіледіжәне де гипертензивті кризді жою үшін қолданалады. Тропафенді енгізгеннен кейін ортостатикалық гипотензия болмауы үшін науқас 1 сағат төсекте жатуы тиіс.
Прозазин (минипресс) гипертония ауруында артериалды қысымды төмендетеді және де фентоламинге қарағанда тахикардияны аз дәрежеде болдырады. Препарат ішуге тағайындалады.
α-адреноблокаторларды жүрек және қан тамырларының органикалық өзгерістерінде беруге болмайды.
β-адреноблокаторлық дәрі-дәрмектер β және -рецепторлардың қызметін төмендетеді. β-адреноблокаторлық заттарға жатады:
анаприлин (пропранолол) β және адренорецепторлар қызметін төмендетеді.β адренорецепторлардың әсерінен жүректің жиырылуы сирепжәне әлсіз болады, жүректің оттегіні қабылдауы төмендейді. Препараттың бұл қасиеті стенокардияны емдегенде қолданылады. β адренорецепторлардың әсеріненжүрек автоматизмі төмендейді, бұл жүрек аритмиясын емдеу үшін қолданылады. Анаприлин артериалды қысымды төмендетеді, сондықтан артериалды гипертензияны емдеу үшін қолданады. Препаратты тағайындағанда жүрек қызметінің әлсіреуі, бронх тонусының жоғарылауы, импульс өткізгіштігінің қиындауы,ұйқысырау, депрессия (көңіл-күйдің төмендеуі), жүрек айнуы, іш өтуі сияқты жанама әсеріболуы мүмкін. Анаприлинді тағайындауға қарсы көрсетпе: жүрек жетіспеушілігі, перифериялық қан тамырларының түйілуі (спазм), бронх демікпесі. Кардиоселективті адреноблокаторларға метопролол, атенолол және конкор препараттары жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет