№9 практикалық жұмыс. Негізгі неврологиялық белгілер мен синдромдар.
тапсырмалар:
1. Неврологиялық бұзылулардың белгілері мен синдромдары.
2. Мотор функциясының бұзылуы
3. Парез түрлері: монопарез, гемипарез, тетрапарез, гиперкинез
4. Орталық және перифериялық сал ауруының белгілері (парез).
1. Неврологиялық бұзылулардың белгілері: бас ауру, бас айналу, ж.рек айну, омыртқа бағанасы бойынша ауру сезімі, көрудің нашарлауы, жадының, қимыл-қозғалыс пен сезінудің, сөйлеу қабілетінің бұзылуы,кекештену, естен тану, талып қалу, әлсіздік, ұюды немесе шаншуларды сезіну,қол қалтырауын және басқада еріксіз қимылдардың болуы, босаң жүріс, құрысу мен тырысулар, бас с.йектерінің үлкеюі, жылауықтық, ұйқының бұзылысы, қызбалық, ашушаңдық, себепсіз қорқыныш, қорқақтық, бетінің қызаруы, тершеңдік, тынысының жиілеуі.
Ең танымал неврологиялық синдромдары:
Вестибулярлық синдром – ішкі құлақтың тепе теңдік органының вестибулярлық жүйесінің дисфункциясы нәтижесінде пайда болатын неврологиялық ауру. Ол әр түрлі белгілермен сипатталады: айналадағы кеңістіктен бас айналу,, жүрек айнауы,тепе-теңдіктің сақтаудың қиындауы, тұрақсыз қозғалыс, жүрудің қиындауы, кеңістікте бағдарланудың болмауы, тыныштықта тұрақсыздық пен тепе-теңдікті жоғалту сезімі.
Бульбарлы синдром – ядролары сопақша мида орналасқан бас сүйек нервтерінің зақымдануы. Бульбарлы синдромымен дизартрия мен дисфагия айқын көрінеді. Дизартрияның басты көріністеріне сөйлеу тілі дыбыстардың бұзылуы, дауыстың пайда болуындағы кемістіктер, сонымен бірге сөйлеу шапшандығындағы, сарынындағы өзгерістер жатады. Дисфагия – жұтынудың қиындауын білдіреді.
Балалардың церебралдық синдром – туылғанға дейінгі, туу кезінде және ерте неонатальды кезеңде мидың зақымдалуынан пайда болатын, клиникалық тұрғыдан қимылдау бұзылыстарының көрінуімен, психика, сөйлеу, көру, естудің өзгеруі, құрысқақтық жіне құрысқақсыз талмалармен қатар келген полиэтиологиялық ауру.
Созылмалы шаршау синдромы – бұл бүкіл денеге ісер ететін, ауырсынумен қатты шаршау тудыратын күрделі , ұзаққа созылатын ауру.
Достарыңызбен бөлісу: |