Ғдебиет сабаєындаєы шыєармашылыќ жҢмыстар


ХҮ. Әдебиет сабағындағы шығармашылықтың ең күрделі де қиыны –



бет11/17
Дата04.11.2022
өлшемі240 Kb.
#47375
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Әдебиет туралы

ХҮ. Әдебиет сабағындағы шығармашылықтың ең күрделі де қиыны
шығарма.
Шығарма оқушылардың танымдық белсенділігін , ойлау жүйесін
арттыруға көмектеседі. Мектеп практикасында шығарма жазу
жұмысында көптеген кемшіліктер кездесіп жатады.Олқылықтар
мынадай мәселелерден туындайтыны да өзімізге белгілі:
Шығарма тақырыбының ашылмауы,тақырыптан ауытқушылық,
Құрылған жоспар мен жазылған жұмыс арасында алшақтық
болуы;
Негізгі бөлімнің аз қамтылып, шығарманың кіріспе және
қорытынды бөлімнің көп жазылуы;
Сауатсыз жазылуы;
Оқушының өз пікірінің , көзқарасының айқын көрінбеуі;
Сын мақалалардан көшірілгендігі;
Оқушы эмоциясының , ішкі сезім тербелісінің байқалмауы;
Ғылыми-сыни мақалалармен , көркем туындылармен жұмыс
жасай білмеуі.
Шығарма әдебиет сабағында оқытудың құралы мен пәні ретінде қызмет атқаруы тиіс, оны өзіндік жүйесі бар біртұтас дүние деп қарауы керек. Бұл жұмыста тіл дамыту мәселесімен бірге оқушыны өмірге бейімдеу проблемасы да жатады.Шығармадан әрбір шәкірттің өзіндік көзқарасы, эстетикалық және жалпы адамгершілік танымы, эмоциясы және пікірі, оны талдау,қорытындылау,салыстыра білу тәрізді жекелік қасиеттері де жазба жұмысынан аңғарылып тұруы қажет деп білеміз.
Оқушылармен жүргізілген зерттеу сауалнамаларының сұрақ-жауаптарының қорытындысы шығарма жазуды бастауыш сыныптан бастаған пайдалы екенін байқатты. Шағын әңгіме, ой толғау, салыстырмалы мінездемелер жазу, кейіпкерлер портреті тәрізді жанрлар төңірегінде шығармашылық жұмыс жасату -жоғары сыныптарда оқушылардың құнды шығармалар жазуына бастайтын саты.Оқушының шығарма жаза білуі үшін әдебиетті оқыту жеткіліксіз деп санауға болады, шығарма жақсы жазылуы үшін оған дайындық ретінде алдын ала жүргізетін арнайы жаттығулар жүйесі болуы керек сияқты. Жоғарғы сыныптардағы әдебиет сабақтарында үлгілі шығармаға қол жеткізу үшін төменгі сынып оқушыларын әр түрлі жанрдағы шығарма жазуға төселдіруіміз керек.
Осы сөз оқушылардың шығарма жазар алдындағы көкірегіндегі сөзі болуы керек қой деймін. Себебі оқушылар мұғаліммен: “Сен ол туралы нақты жазбапсың”, “Тақырыпты ашпапсың”, “Сенен ол туралы жазу талап етілген де жоқ”, “Өз ойыңды, көзқарасыңды жұмыста көрсете алмапсың” деген ескертулерді жиі естиді.
Шығарма тақырыбы дегеніміз – шәкірт шығармасында не туралы айтқысы келеді – осы мәселе. Ал жұмыстың негізгі ойы-тақырыпқа қойылған сұраққа жауап. Кейде тақырыптың өзі сұрақ сияқты болып келеді. Мысалы: “Досым деп кімді санайсың?”.
Автор қойылған сұраққа жауап бере отырып хабарлама түрінде өз жұмысын жазып кетеді, яғни шығарманың негізгі ойын баяндап кетеді. Әрбір шығармада автор (оқушы) өзіндік көзқарасын, ойын көрсетуі шарт. Туындының идеясына Н.Г. Леонтьев былай анықтама береді: “Разрешение темы, ответ на проблему, на поставленный вопрос-это и есть идея произведения” (Книга – хорошая она или плохая? Л., 1971. 12б.)
Кейде негізгі ой шығарманың аты да болып келеді.
Мысалы: “Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды”, “Жайнай бер, көркейе бер, туған мектеп!”. Шығарма – мектептегі тіл дамыту жұмыстарының ішіндегі күрделі түрі.
Бұдан шығар ой – шығарма жазарда мұғалім тарапынан шәкірттерге дұрыс бағыт, бағдар, сілтеу болуы, жұмыстың табысты жазылуы тек шәкірттерге ғана байланысты емес, оған жөн көрсетіп, ақыл айтқан ұстазға да қатысты екендігі.
Мұғалімдер практикасында кездесіп жүрген көп кемшіліктің бірі - шығарма кезінде оқушыларға толық еркіндіктің берілуі, бұл жерде мұғалім шәкірттерге шығарма жазудың тәртібі туралы ешқандай нұсқау бермей, “қалай жазсаңдар, солай жазыңдар” деген немкеттілік танытады. Еркіндік, әрине, қажет бірақ мұғалім шығарманың табысты жазылып шығуына өзі де себепкер болуы қажет.
Мектепте көп қолданылып жүрген шығарманың түрлері:

  1. Әдебиетті оқытумен байланысты жазылатын шығарма (әдеби тақырыптағы шығарма).

  2. Еркін тақырыптағы шығарма.

Еркін тақырыпта шығарма жазған баланы өзінің жеке толғанысын, өз пікірін, көзқарасын сөзбен шебер бере білетін ойлы авторлар деп бағалауға әбден болады.
Әдеби тақырыптағы шығармалар өзіндік мән-мағынасы бар көркем туындыға жатады. Шығарма оқушыға өмірдің мәнін түсінуге, ойы мен тілін дамытуға, мәселені талқылап, оны шеше білуге, ойын нақтылап жеткізе білуге көмектеседі. Шығарма жас ұрпақтың жалпы мәдениеттілік, дүниетанымдық, адамгершілік, эстетикалық көзқарастарының қалыптасуына әсер етеді. Шығармамен жұмыс жасау мұғалімге балалардың “әлемге көзін ашуға”, олардың жан дүниесін дамытуға мүмкіндік береді.
Әдеби тақырыптағы шығарма белгілі бір көркем туындыны оқып зерттеуден кейін жазылады, бұл жерде оқушыда сыни мақаларды пайдалану мен әдеби материалды талдау –салыстыру білігі болуы керек. Шығарма оқушы бойында нақты білім мен әдебиет теориясының мықты іргетасын болуын, туындыны талдай білу білігінің қалыптасуын талап етеді. Шығарма жазбастан бұрын оқушыларға аталған шығарманың мәні, ерекшелігін ұғындыруымыз керек.
Шығарма жазатын оқушының бірінші міндеті – тақырыпты түсіну. Бұл үшін әуелі жоспар құрып, шығарманың негізгі ойын ұғынуы керек. Оқушымен жұмыс белігі тақырыптың негізгі ойын анықтаудан басталуы қажет.
Шығарма идеясымен жұмыс жасай отырып, мұғалім оқушыларға тақырып ұсынады, оқушылар идеяны қалыптастырумен жұмыс жасайды. Бұндай жұмыс реті оқушының шығарма тақырыбын түсінуге, оның идеясын, өз ойын ажыратуға көмектеседі де, нәтижесінде шығарманың сәтті жазылуына бастама болады.
Шығарма жазудың өзіндік біліктері бар. Егер оқушы бойында аталған біліктер қалыптасқан болса, жұмыс мазмұнды жүрер еді. Біліктер қатарына алғашқы кезеңде жатқызатынымыз:

  • анықтай білу білігі (шығарма көлемі мен шекарасын ойлану)

  • шығарманың негізгі ойын тану, тақырыбын түсіну;

  • шығарма үшін материал жинау;

  • жиналған материалды жүйелеу, тәртіпке келтіру, негізін іріктеу;

  • әр түрдегі шығарманы (хабарлама, бейнелеу және талқылау – ойды көрсету) құрып және жоспарын жасау;

  • әдеби-сыни мақаламен жұмыс жасау, көркем туындыны талдау, салыстыру, қорыту, шешімін дәлелмен көрсету;

  • тілдік категориялар ережесін білу.

Әрине, бұдан да басқа шығарма жазуға ұсынылатын білім біліктер дағдысы бар, алғашқы кезең үшін жоғарыда аталған біліктер оқушы бойында қалыптасқан болса, шығарма жазу жұмысының іргетасы қаланар еді.
Шығарма – мазмұндаманың заңды жалғасы. Бұл да сұрақтар мен тапсырмалар жазбаша жауап бергенде, әңгімелеу кезінде, үйрету мәнді арнайы сабақ үстінде үйге берілген тапсырмларды орындауда жазба жұмысының – шығарманың негізі қаланады.
5-ші сыныпта оқушылар болған оқиғаны мазмұндап қана қоймай, оның себептерін, сыр-сипаттарын, адамдар арасындағы қарым-қатынас, әлеуметтік жағдайды суреттеп жазуға үйренеді. Мысалы: “Хан уәзірлерінің Кендебайға жасаған қастандықтарының сыры неде?” Хан жаманнан неге қол үзіп кете алмады? “Тың” атты айқас мекені деуде қандай мән бар? – тәрізді ойландырғыш сұрақтар болашақ шығарманың тақырыптары да бола алады.
Шығарма жазуды неден бастау керек” –деген сұрақ оқушылар тарапынан мұғалімдерге жиі қойылады. Еріксіз ойланып қаламыз, шығарма тақырыбы ойланып таңдалады, идея анықталды, материал іріктелді, жоспар құрылды, тек шығарманы бастап жазу ғана қалды. Не істеу керек? Ұстаздық тәжірибеде оқушыларға шығарма бастамай тұрып, өзіне ұнаған не сыншының жазғалы отырған туынды немесе жазушы –ақын жөніндегі ерекше бір пікірін шығармаға барар бағыт ретінде жазап қоюын өтінемін , кейде кітаптан цитата алуға болады, бұл шығарма тақырыбымен байланыста болып, шығарманың соңына дейін қызықтыра жетелеп отыратын темірқазықтай қызмет атқарып отыруы қажет.Оқушы кездегі көп шығармаларыма эпиграф ретінде Н.Хикмет: “Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап
Біз жанбасақ лапылдап,
Туар азат күн қашан?!
деген афоризмге айналған шумағын жазып қоюды ұнатушы едім.Неге екенін білмеймін, осы шумақ шығарманың соңына дейін мені қуаттандырып, рух, жігер беретін. Мүмкін , шығарма идеясын мен осы шумақтар мазмұнына бағындыратын болуым керек, әйтеуір өз ойым мен материалды байланыстырғанда да шумақтар маған қызмет жасайтын.
Шығарманың сәтті шығуы оқушылардың мәтін мазмұнын жақсы игеруіне, талдау жұмысына белсенді араласуына байланысты. Оның үстіне шығармаға жоспары жасалса, ол жұмыстың сәтті орындалуына оқушының сенімі молдау болады. Себебі жоспар жасау барысында тақырыптың шегі аяқталады, жоспар тармақтарын ашу үшін қажетті материалдар күн ілгері сұрыпталады. Осы әзірлік жұмыстардан кейін шығарманы жазу балаға қиындық келтірмейді.
Жазба жұмысының көбіне – көп оқушылар үшін пайдасы зор, олардың сөздік қоры көбейіп, жаңа сөзбен танысады, тілдегі сөздердің орнымен қолдануға жаттығады, сөйте келе олар актив сөзге айналады, жазу мәдениеті артады, әр оқушының өзінің стилі қалыптасады.
Шәкіртті шығарма жазуға үйрету – қиын да күрделі жұмыстардың бірегейі. Шығарма жазу сөз мәдениетін және сөзге деген талғампаздықты талап етеді. Жалпы шығарма жазу жұмысы кім-кімнен де зерделілікті, білідарлықты, ұтымды байламдарды логикалық шеберлікті, дәл түйіндеуді, көркемдегіш сөз үлгілерін көп білуді талап етеді.
Тартымды шығарма жазу үшін еңбексүйгіштік, терең білі мен үлкен сауаттылық қажет. Әрине, шығарманың құндылығы оның жалаң тақырыпты қамту аясында тұрған жоқ, белгілі бір тақырыпты аша алуын да, жинақы, тұжырымды көркем түрде жаза білуінде. Шығарма жаздыру – оқушыларды байқау, үйрету әдісін ұстанады.
…”Мектепте шығарма жаздыру дегеніміз – келешек талантты жазушыны тануымыз және де танып қана қоймай, талаптандыруымыз,” - деген болатын В.Белинский өз сөзінің бірінде.
Біле білсек, шығарма жаздырудың іргетасы бірнеше талаптан тұрады. Әйтпесе өтілген материалды ауызша немесе жазбаша мазмұндама түрінде ала салмаймыз ба? Шығарманың мазмұндамадан айрымашылығы оқушы шығарма арқылы өз ойын жазу тілінде мазмұны толық әрі көркем, нақты да айқын, саутты да дербес бере білуге үйретеді. Шығарма шәкірттің жазу мәдениетін арттырады.Десек те оқушы тамаша шығарма жазу үшін ең алдымен мұғалімнің сол тақырыптың идеясы мен формасына терең тоқталуы қажет.
Оқушы шығарманың ішкі айтар ойы мен берілу стилін өз санасында толық қорытындылай келе ғана өз айтпағын тұжырымдап бере алады.


Шығарма жазбастан бұрын оған арқау болатын материалды іріктеуді жүргізу керек. Өз тәжірибемде қолданып келе жатқан, көңіліме қонатын бір тиімді тәсіл бар. Біз шығармамыздың бір бөлігін ғана алып, оған шартты түрде М. Әуезовтың “Бүркітші” әңгімесіндегі Бекбол бейнесі деп тақырып қояйық. Кейіпкер бейнесін толық ашуда әуелі оқушылармен бірігіп жұмыс жасаймыз. Әуелі Бекболдың қасиеттерін айтып пікірлесеміз, сонда мынандай схема шығады:

Схеманың ішкі мазмұны дәлелдемелер мен дәйек арқылы төмендегідей болып толыққанды кейіпкер суреттемесі шығады.




Бекбол ---ақылды ---- Ожарға беттеуі
- сақ --- Жәнібекті ескертуі
--- сабырлы --- жау арасында,
бандалардың айласы
---- бүркітші, аңшы - -- - қызылбалақ,қаракер
- - тәжірибелі жылқышы ---- қасқа атты сынауы
----намысқой ---- жауға үн қату
--- атақты, беделді колхозшы --- халықтың сөзі
----- бір сөзді, табанды ----- Ожар сапары
------- барлаушы - ----- тез жүру ,Қабансайға
бұрылуы
------сергек, сезімтал -----құлын,тайдың ізін
байқауы
----байқампаз ------ шашылып
түскен,сынған
шөп, тас,тамырымен
ұшып түскен көде,
қалқып өткен
құстар,Ожарды
беттеген жауды аңғару
және түтінді байқауы;
----сөзге шешен ----- Сәтбекке жауаптары
-----айлакер, тапқыр ---- -Қаракерді жіберуі,
бейбіт аңшы бола
қалуы, Қаракерді
ұшыру,Сәтбектіалғаш
көргендегі әңгіме,отқа
шөп салып үрлеуі;
---қайратты -------жауға аттанардағы сөз,
Сәтбекпен жекпе-жек;
---істің адамы ------ Оспанқұлға тапсырма
беруі,
Бұл да материалды іріктеуге жатады.Шығарма жазудың бұдан кейінгі бөлімі- жоспар құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет