Ферменттер



бет3/6
Дата15.10.2022
өлшемі4,58 Mb.
#43341
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6

Ферменттер атаулары

  • Жүйелік атау: әр ферменттің номері (шифры) болады, ол төрт саннан тұрады.
  • бірінші сан ферменттің класын білдіреді,
  • екінші сан класс тармағын,
  • үшінші сан – класс тармағы бөлігін,
  • төртінші сан өз тармағындағы номерін көрсетеді. Мысалы, 2.7.1.2.АТФ: глюкоза-6-фосфотрансфераза.
  • Тривиалдық атаулар екі жолмен пайда болады:
  • 1) Фермент әсер ететін субстрат атауына –аза жұрнағы қосылады. Мысалы, мальтозаны екі молекула глюкозаға гидролиздейтін фермент мальтаза.
  • 2) Фермент катализдейтін реакция атауына –аза жұрнағы қосылады (оксидаредуктаза).
  • Кейбір ферменттердің тарихи қалыптасқан атаулары бар. Мысалы, пепсин, трипсин, папаин,эластаза,т.б.

Ферменттер жіктемесі:

Ферменттер әсерінің теориясы

  • Фермент өзінің субстратын айырып таниды. Э.Фишердің айтуы бойынша “құлыпқа дәл келетін кілт сияқты”, субстрат та активті орталыққа дәл келуі керек
  • Қатал іріктеп өзіне ғана тән реакцияны катализдейді.
  • Теория бойынша фермент әсері екі сатыдан тұрады:
  • 1)фермент пен субстрат арасында комплекс – фермент-субстрат түзіледі
  • 2) фермент-субстрат комплексі ыдырайды да, реакцияның соңғы өнімдері түзіледі, ал фермент босап шығады.

Ферменттік реакциялар кинетикасы

  • Ферменттік реакциялар кинетикасы деп реакция жүру жылдамдығын айтады.
  • Реакция жылдамдығын белгілі бір уақыт өлшемінде фермент әсерімен түзілген өнім бойынша (немесе субстраттың жойылу мөлшері бойынша) есептейді.
  • Л.Михаэлис пен М.Ментен бойынша: фермент концентрациясы тұрақты кезде реакция жылдамдығы субстрат концентрациясына байланысты.
  • Реакция жылдамдығы субстрат концентрациясына пропорционал болмайды.

Ферменттердің қасиеттері

  • Ферменттік реакциялар жылдамдығына температураның әсері;
  • Ортаның рН көрсеткішінің әсері;
  • Фермент әсерінің ерекшелігі;
  • Фермент активаторлары мен ингибиторлары;
  • Проферменттер және оларды активтендіру;
  • Изоферменттер;
  • Мультиферменттік жүйе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет