Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет49/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер (1)

4 болжам - дәстүрлі деп саналады. Бұл версия бойынша Жаңа заман ғылымының бастамасы жалпы еуропалық тұрғыда /16- 7 басы ғғ./, Коперниктің талпарысы, Галилей мен Ньютонға негізделген классикалық механиканың заңдары, дүниенің ғылыми бейнесі.
Польша астрономы Николай Коперник /1473-1543/ Краков университетінде оқыған /1491-1496/. Содан кейін Италияға астрономия, медицина, философия мен құқық салаларында білім алуға барған; сол жерде грек тілімен бірге ежелгі авторлардың космогониялық идеяларын меңгерген. Өзінің «Әлемнің жаңа механизмі» /1505-1507/ атты шығармасында математикалық түрде Аристотель-Птолемейдің теориясының жалғандығын дәлелдейді. Оның өмірінің ең жоғарғы нәтижесі мен мақсаты – «Аспан деңелердің қозғалысы туралы» өлгеннен кейін шықты. Сол шығармасында Коперник гелиоцентірлік жүйе туралы теориясын ұсынды; осыдан бастап телеологиялық-организмиялық дүниегекөзқарасқа қайшы детерменистік-механистикалық дүниегекөзқарас бастамасын алды. Жер басқа планеталар сияқты «қарапайым» екен.
Қорыта айытқанда, осы позиция бойынша, ғылым жас, оның жасы 400 ж. астам. А. Уайтхедтің «Ғылым және қазіргі заман» шығармасы бойынша, 16 ғ. батыс христиандықтың құлдырауына және қазіргі ғылымның шығуына куә болды. Ғылымның дамуы адам санасына жаңа түстер еңгізді, ойлау әдістердің жаңа түрлерін жаратты. Ол біздің санамыздың метафизикалық негіздері мен образдық мазмұның өзгертті. Грек ойшылдары математикаға қызыққан. Олар негізгі ережелерді, дедуктивтік әдіске сүйеніп теоремаларды шығарды. Олардың ойлары жалпылауға тырысқан. Олар анық және батылды идеяларға, одан шығатын қатал тұжырымдарға сұраныс берген. Бұл жетілгендіктің белгісі, бұл гениалдылық, идеалды түрде жасаған дайындық жұмыс. Бірақ, осыны әлі таза түрде ғылым деп санауға болмайды».
Аристотель мен схоластикалық дәстүрде ғылымның ережелерін екі /диадикалық схема/ элементтен тұратын схема бойынша көрсеткен: реалдылық, объективтік дүние; сол туралы ғалымдармен жасалған дүниенің ғылыми бейнесі. Ақиқатты реалды өмірдің заттары мен интеллектің келісімі; индукцияны кейбір кезде лингвистикалық бақылау материалды құрастыратын әдіс деп санаған; ғылымның женісін нақты аналитикалық сөйлемдердің шығуы байланыстырады; содан сон ғылым триптикалық схема негізімен түсінілген: бақылау объектісі, жаратушы ғалым, дүниенің бейнесін шығаратын таңбалар. Логикалық позитивистер осы екінші мен үшіні элементтердің өзара қатысына назар аударған. Оның нәтижесі ғылымның семантикалық сапасы деп аталған. Үшінші элементтердің арасындағы қатынастар - логикалық компонентті құрады.
Индуктивтік әдістердің тарихы – ғылымды жаңалық ашу тарихы деп аталады; ал индуктивтік әдістердің философиясы – идеялар мен концепциялардың тарихы. Табиғаттың бір қалыптығын бакылай отырып, біз индукция арқылы табиғаттану заңдарының үстемдігіне келеміз. Жаңа заман ғылымының белгісі – эмпиризм мен математикалық жалпылау. Эмпиризм атынан эмпирикалық философиясының бағдарламасымен Френсис Бэкон шыққан. Ал рационалистік принциптің атынан математик Рене Декарт шықты. Ағылшын эмпиризмнің бастаушы Гарвей Бэконды индукциямен лорд-канцлер сияқты айналысты деп тұжырымдаған, яғни, тек нұсқаулар берген деп; Декарт болса ақиқатқа жолды метафизикалық пен схоластикалық ойлаулар мен пікірлер емес математика ашады деген. Осы философияның математикалық реформасы ғылыми әдістің негізгі принциптері ретінде нақтылық пен анықтылықты сұрайды. Сонда, олар сандық анықтамаларға сұраныс жасап, сезімге негізделген сапалық анықтамаларға қарай жылжыды.
1662 ж. Лондонда Корольдің хартиясымен бекітілген табиғатты зерттеушілердің патшалық қоғамының ашылуы ғылымның туылу жылы деп санайды. 1666 ж. Парижде Ғылым Академиясы жарияланған. Лондондық патшалық қоғам ғалымдарды ерікті ұжымға біріктіреді, оның уставы Роберт Гукпен жасалған. Қоғамның мақсаты – «эксперимент арқылы /богословияны, метафизиканы, моральді, саясатты, грамматика мен риториканы, логиканы кірістірмей/ табиғаттану пәндер, қажетті өнерлер туралы білімді жетілдіру». Патшалық қоғам экзальттірілген эмпиризімді қолдауға тырысты, басқа норма мен жасалған жұмыстар қарастырылмаған.
17 ғ. табиғаттанушының жаңа ролі анықталған – табиғатты жаратушының геометрия тілінде жазылған «Табиғат кітабы» арқылы ашу /Галилей/. Галилейлік типтік ғалымдар табиғат кітабын рационалдық түрде оқыған.
Жаңа заманның ең жоғарғы жетістігі – ойлаудың ғылыми тәсілінің қалыптасуы, экспримент ғылыми әдіс түрінде математикалық әдіспен бірігіп және теориялық табиғаттану - оны негіздейді. Галилей мен Декарт сезімнің аржағында математикалық заңдарды көрген. Экспериментке қызығушылық орта ғасырдағы қатып қалған рационалдылыққа берілген баға. Мысалы, Галилейдің инерция принципі идеалдық эксперимент арқылы ашылды. Галилей парадоксалдық образды тұжырымдайды – шексіз шеңбердің бойынша қозғалыс шексіз сызыққа тең; бүкіл қызықты жағдайларда теориялық идеализация мен қарапайым тәжірибенің, теориялық құрылыс пен тікелей бақылау арасында сәйкестік жоқ, олар қайшы. Ғылыми-теориялық ойлаудың мәні байланыс-затарды іздеуден, бақылау жағдайларды өзгертумен, эмпириялық материалды ассимиляциалаудан, басқа пәндік аймақты шығарудан басталады. Теоретикалық идеализация, теоретикалық конструкт қатал табиғаттанудың тұрақты бөлшегі; олардың мысалдары: математикалық нүкте, сандар, графиктар, абстрактылық автоматтар т.б.
Ғылымның пайда болуымен бірлестіретің жағдайлар мен оқиғаларға келесілер жатады: дәулет пен бос уақыт, университеттердің таралуы, кітаптарды басып шығаруы, Константинопольді қармау, Коперниктің, Васко да Гамның, Колумбтің шығуы, телескопты құрастыру т.б. А. Уайтхедтің хронологиясы бойынша: 17 ғ. басында, 1605 ж. Бэконның «О достоинстве и приумножении наук», Сервантестің «Дон Кихоты»; 1604 ж. Шекспирдің «Гамлеті», 1616 ж. 23 ақпанда Сервантес пен Шекспир дүниеден кетті, сол жылы Гарвей Лондонның дәрігерлік колледжде қан айналым теориясын ұсынды, Галилей өлген жылда Ньютон дүниеге келді /1642/, Коперниктің шығармасының шығуынан 100 ж. кейін, 1641 ж. Декарт «метафизикалық ойларды» шығарған, 2 жыл кейін – «Философияның бастамасын». Жаңаеуропалық ғылымның басында тұрғандар: Бэкон, Гарвей, Кеплер, Галилей, Декарт, Паскаль, Гюйгенс, Бойль, Ньютон, Локк, Спиноза, Лейбниц.
А. Уайтхед өзінің ғылыми ізденісін былай тұжырымдайды: «Қазіргі ғылым Еуропадан шыққан, бірақ оның үйі – бүкіл әлем».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет