Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Ғылыми ақиқаттың белгілері мен түрлері



бет88/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   122
2. Ғылыми ақиқаттың белгілері мен түрлері.
Ақиқаттың түрлері. Ақиқаттың түрлерін бір-неше классификациялық белгілер арқылы шығарады: бейнелейтін /танымдық/ объект бойынша; пәндік түрлер бойынша, объекті меңгеру дәреже бойнша т.б.
Бейнелеу объект бойынша:
Әуелі айтып кету қажет, ақиқат ұғымы объекті бағаламайды, оның идеалды бейнесін.
Диалектикалық-материалистік позиция бойынша материалды мен рухани аймақтарға бөлуге болады /объективті мен субъективті/.
Осындай подход бойынша ақиқаттың келесі түрлері айқын: материалды құрылыстың әртүрлі құрылыстық деңгейлері /микро-, макро-, мега әлемдерде/, олар пәндік ақиқаты бойынша пәндік-физикалық, пәндік-биологиялық және басқа түрлерге бөлінеді.
«Рухтың» көп-түрлі аймақтарына қарай – сезім, идеялар, теориялар, рефлексивті қабылдаулар рухани ақиқат деген ұғымды шығаруға болады. Адамдар өздерінің рухани өмірінде сезімдерін, ойларын, іс-әрекетін «ақиқатты» әлде «жалған» деп бөледі, бағалайды. Рухани реалдылық көп түрлі. Сөйтіп, пәндік аймақта сияқты экзистенциалды, когнитивті реалдылықты шығаруға болады.
Экзистенциалды реалдылық адамдардың рухани-өмірлік құңдылықтарын кіргізеді, ігілік идеалын, ақиқат, әсемділік, махабатт сезімі, достық т.б. Адамдар осы мәселер бойынша өздеріні және басқаларын бағалайды, сол тұрғыдан экзистенциалдық ақиқатты қабылдауға болады.
Когнитивтік реалдылықты зерттегенде индивидтердің сенімдеріне сәйкес, діндік догматтардың кешеніне әлде бір адаммен ғылыми концепцияларды, теорияларды дұрыс түсінуде сұрақтар қойылады. Осы жағдайларда концептуалды ақиқат ұғымын қабылдауға болады. Және операционалды ақиқат – субъектің таным туралы әдістер мен тәсілдері туралы дұрыс түсініктер.
Танымдық іс-әрекет бойынша, ғылыми, қарапайым, адамгершілік, өнер, діндік, авторитарлық т.б. түрлерін шығаруға болады.
Құбылыстың түбіне жету тұрғыдан ғылыми және қарапайым ақиқат туралы айтуға болады.
Қарапайым ақиқат – заттардың көрінісімен байланысты, қарапайым эмпириялық танымның нәтижесі. Бұндай таным мәнге жетпейді. Бұл білім тек құбылыстырдың қатынасын білдіреді. Сол констатацияны ақиқат дейміз. Мысалы, «қар - аппақ». Осындай ақиқаттар теория деңгейіне жетпейді, болмыстың заңдылығын ашпайды т.б. Ал, олар арқылы табиғат, қоғам т.б. орталардың қайшылықтарын түсінідіруге ықпал жасасан, ештеңе шықпайды. Олар интуитивті дәлелделмейтін жолмен ашылады.
Ғылыми ақиқат әдістеме арқылы тексерілген дүниенің заңдылыққа бағынуын, тұрақты, универсалды жақтарын шығарады. Оның салдары – жүйелі, теория мен практикамен тексерілген, әр-түрлі зерттеу әдістері мен тәсілдері арқылы жетілген білім.
Сөйтіп, ғылыми білім қарапайым білімге қарағанда абсолютті ақиқатқа жақын. Жоғары абстракцияға көтеріліп адам ғылымда батылдық аймағына көтеріледі.
Өнер, діндік-рухани практика – реалдылықты меңгеру, ақиқатты тану түрлеріне жатады.
Мысалы, өнерде «өнер шындығы» деген ұғым бар. Сол ақиқат кейбір шығармаларда құпия болып сақталады.
Адамзаттың өкілдері діндік ақиқатқа сенеді. Ол объективтіліктің констатациясы.
Енді авторитарлық ақиқат қа келсек, ол идея, пікір әлде ережелер келесі принцип бойынша қабылданылады – «Осылай ұстаз айтты». Тағы басқа пікір – бір кісіге сенуден пайда болады; әлде біреумен таңу /келіседі, бірақ өз еркісін басады/.
Фихте және Декарт ғылыми білім мен ақиқаттың басқа салаларда қолдану туралы көп ойларды ұсынған. Олар ғалымға сенім, ғалымның жауапкершілігі, әлде күмәндәну мәселелерге назар аударған.
Философиялық ақиқатқа келсек /танымдық тұрғыдан/ ол ғылымиға жақын, өзінің жүйелілігімен, құралдарымен, бағыттарымен; философия эксперименталды ғылым емес, ол жалпылыққа, универсалдылыққа жақын: «... философия бізді өмірде білімсіздік түнғиықтың бетінен өткізетін заттар туралы». Философиялық тұжырымдар нақты ғылыми сұрақтарды шешуге емес, парадигма деңгейінде, ғылыми танымның жалпы методология шеңберінде таным процесінің құңдылықтарын дәлелдеуге арналған.
Философиялық таным сонымен қатар, антропоцентірлік бағытымен айқын. Философиялық білім адамнан өтеді, яғни, субъективті, ол үшін ғылымның қаруларын адам өзіне, универсумға зиян келтірмеу түрінде қана қабылдайды.
Философия позициясы «адамнан», «адам арқылы» болғансон философиялық білім альтернативті: «...адам ойы миллион жолмен жүруі мүмкін, және мың сұрақтары қойылатын жауап жоқ».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет