1.
Ең ескі дәуірлердегі дастандар (“Ер Төстік”, “Ақ Көбек”, “Құла
Мерген”, “Шола Мерген”).
2.
Оғыз-қыпшақ (XI-XII ғ.) дәуірінде пайда болған дастандар
(“Домбауыл”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”) .
3.
Тарихи дастандар (XIII-XIV ғ.). Бұл дәуірдегі дастандар өз ішінде екіге
бөлінеді. Бұлар қазақ соғыстарын “Қобыланды”, “Ер Тарғын” және ол
63
мемлекеттердің құлдырау кезеңін жырлайтын дастандар “Қамбар батыр”,
“Қартуған батыр”, т.б. Бұлар ноғай дәуірінің дастандары деп те аталады.
4.
Жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы мен оларға қарсы жасалған
күрестерді баяндайтын “Қабанбай”, “Бөгенбай”, “Олжабай” т.б.
5.
XIX ғасырлардағы тарихи, лирикалық дастандар [7.96].
Эпикалық дәстүрде жазылған шығармаларды ғылымда “лиро-эпос”,
“ғашықтық эпос”, “романдық эпос”, “дастан”, “тарихи жырлар”, “батырлар
жыры” т.б. деп атау қалыптасқан. Енді соларға тоқталар болсақ, романдық
эпос – стадиялық тұрғыдан қарағанда көне эпос пен қаһармандық эпостан
кейін пайда болған жанр. Бұлардың өзінен бұрынғы эпикалық жанрлардан
тақырыптық жағынан, сюжеттің күрделілігі жағынан әлдеқайда ауқымдырақ
екені байқалады. Бұл шығармалардың бойында көне эпостарға да,
қаһармандық эпостарға да тән белгілер кездесе береді.Бірақ мұнда көне
эпостағыдай дүниенің жаратылысы және т.б. тылсым күштер жөніндегі
түсіндірулер орын алмайды. Сондай-ақ қаһармандық эпостың көтеретін
проблематикасы басқа. Ал мұнда жеке адамның тағдыры, мақсат-мүддесі
бірінші орында көрсетіледі.
Қазақ халқының төл туындысындай болып кеткен бұл жырлардың бір
тобы – сюжеті шығыстан келген эпикалық туындылар. Алайда “Жүсіп-
Зылиха”, “Ләйлі-Мәжнүн”, т.б. жырларын көркемдігі жағынан қазақтың
тұрмыс-тіршілігінен алынған жырлардан бөліп қарауға болмайды.
Шығыстан келген жырларды “қисса-дастандар” деп атап, бұл топтағы
туындыларды жазба әдебиетке қатысты мұра деп санайтын ғалымның бірі –
А.Қыраубаева.
Эпикалық жанрдағы шығармалардың енді бірі – батырлық эпос.
Батырлар жыры елдің сан ғасырлар бойы бастан кешкен тарихын, салт-
санасын өзгеше көркем жинақтап баяндайды. Тарихта орын тепкен белгілі
уақиғалардың дәлме-дәл шежіресі, көшірмесі болмағанымен, тіршіліктің
мәнін аңғартады. Көптеген ғасырлар бойы бұл шығармалардың ұрпақтан-
ұрпаққа ауысып, ұмытылмай келуі – оның көркемдік бітімімен байланысты.
Батырлар жыры өз бойына қиялдау-бейнелеудің алуан түрлі бірліктерін
жинақтаған. Қаһармандық эпосты ел жүрегіне жақындататын ондағы
Отаншылдық идея. Онда ел бірлігі мен тыныштығы, бақытты өмір орнату
мәселесі басты проблема болады. Әрбір жырдың құрылысында, идеялық
бағытында ерлік әртүрлі сипатта көрініс береді. Батырлар жырындағы
ерліктің сипаты өзгеше. Мұндағы қаһармандар ел үшін қандай да болмасын
қауіпке қарсы, неше түрлі әуре-сарсаңдарға, ауыр сындарға душар болады,
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Әділбекова Э. Қазақ әдебиетінде дастан жанрының зерттелуі және эпикалық дәстүр
соңында мұратына жетеді. Қазақтың қаһармандық эпосының ішінен жұртқа
танымал “Алпамыс батыр”, “Қобыланды батыр”, т.б. жырларынан
классикалық батырлар жырына тән бітім-болмысты байқаймыз.
Қазақ батырлар жырында эпикалық жаулар – қалмақ немесе қызылбас
болып келеді. Жаудың сипатынан эпикалық жинақтауды көреміз. Эпикалық
жинақтау тек қана эпикалық жаудың бойынан ғана емес, эпикалық уақыттан
да көрінеді. Батырлар жырындағы эпикалық уақыт та мифтік уақыт сияқты
идеялданған уақыт. Эпикалық уақыт – халық санасында «қой үстіне
бозторғай жұмыртқалаған» тамаша заман еді. Сол халықтық ұғым бойынша
64
заман барған сайын бұзыла түседі. Болашақты “ақыр заман” күтіп тұр деп
саналады. Барлық жақсылық өткен дәуірлерде қалған етіп көрсетіледі.
Эпикалық уақыт – осындай идеялармен сабақтас түсінік.
Эпикалық жинақтау эпикалық сананың керектігін көрсетеді. Өмірде
болған кішігірім істер, күрестердің барлығы халықтың есінде сақтала
бермейді. Өмірде ел есінен мәңгілік кетпестей із қалдырған, жер бетінде бар
болу немесе жоқ болу таласы секілді оқиғалар ғана жырлаушының назарына
ілінеген. Сол себепті эпикалық жырларда нақтылықтан гөрі жалпылық
басым.
Эпикалық сана бойынша, батырлардың соғысы - әділетті соғыс етіп
көрсетіледі. Ал әділетсіздік көрсеткенде батырлар көбіне сәтсіздікке ұшырап
отырады. Мәселен, Қобыланды батырдың Көбікте жасаған шабуылы.
Батырлар жырында қиял көбірек орын алады. Ол әсірелеу түрінде
көрініп отырады. Әсірелеу – батырлар жырына тән бірден-бір көркемдік
құрал. Сондай–ақ метафора, метонимия, синекдоха, теңеу, эпитет, т.б.
көріктеу құралдары батырлар жырында молынан пайдаланылады. Мұндағы
қиял өмірде болған шындық ретінде қабылданады.
Тілдік құралдармен бірге уақыт пен кеңістік батырлар жырында
көркемдік рөл атқарады. Батырлар жырында уақыттың сығымдалып немесе
созылып көрсетілуі – оның көркемдігін арттыра түседі. Мәселен, батырдың
туылуынан ер жетіп аттанғанға дейінгі уақыты жедел түрде көрсетілсе,
жауға ұзақ сапарға аттанып қайта оралғанға дейінгі уақыттың жылжығаны,
өткені байқалмайды.
Барлық түркі халықтарындағы батырлар жырының ұқсастығы – олардың
шығу тегінің бірлігінен келіп шыққандығын айта келе, ғалым Ш.Ыбыраев
өзінің “Эпос әлемі” атты монографиясында жырдың сюжетіндегі
мотивтердің орналасу тәртібіне орай төмендегідей сюжеттік инвариант
жасаған [8.56]:
I сюжет – Батырға тән балалық және кейіпкердің үйленуі:
1.
Ру, тайпа, ата-аналар;
2.
Кейіпкердің ғажайып жаратылысы;
3.
Батырға тән балалық шақ;
4.
Алғашқы ерлік;
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Әділбекова Э. Қазақ әдебиетінде дастан жанрының зерттелуі және эпикалық дәстүр
5.
Қалыңдық туралы хабар;
6.
Қалыңдықпен белдесу, сынға түсу. Күйеулер арасындағы бәсеке;
7.
Жеңіс және батырдың қалыңдығымен оралуы.
II сюжет – Батырға тән ерліктер:
1.
Жаудың шабуылы туралы хабар;
2.
Жорыққа аттану;
3.
Батырдың белдесуі;
4.
Жекпе-жек және кейіпкердің жеңіске жетуі;
Тарихи жырлармен бірге әртүрлі тарихи оқиғалардан елес беретін тарихи
өлеңдер де бар. Тарихи өлеңдердің кейбірі лирикалық түрде, кейбірі баллада
түрінде шығарылады. Бұл – оның тарихи жырлардан басты айырмашылығы.
Тарихи өлеңдер көп жағдайда басқа жанрлармен араласып жүреді. Олар
65
аңыздар мен әпсаналардың құрамында кездеседі. Тарихи өлеңнің көпшілікке
белгілі бір түрі – “Қаратаудың басынан көш келеді”.
Ғашықтық жырлардың негізгі тақырыбы – жастардың бас бостандығы,
ғашықтық, тұрақты махаббат. Мұнда салт-сананың, тұрмыстың көріністері
көбірек көрінеді. Оны романдық сипатқа жақындататын осы қасиеті.
Шығыстан келген ғашықтық жырларда діни ұғымдар көбірек араласады.
Романдық эпос адамдар арасындағы достық пен қастықтың әр алуан жайын
көрсетеді. Тіршіліктің келелі сұрақтарына жауап береді. Онда өмір
қайшылықтарының шығу себебі көрсетілгенімен, әлеуметтік талдау
жасалмайды.
Романдық эпостарда ауыз әдебиетінің түрлі жанрларының басы қосылып
кетіп отырады. Мәселен, айтыс формасы көрініп отырады. Яғни ғашықтық
жырлар арқылы поэзиямызға мол көркемдік бейнелеу сөздері енді.
Шығыстан келген жырларда шығыс поэзиясының өлең үлгілері жиі кездеседі
.
Романдық эпос сүйіспеншілікті жырлап, адамның асыл қасиеттерін
дәріптеп, тазалыққа тәрбиелеумен ғана емес, көркемдік қасиетімен де аса
құнды. Мұның ауқымы кең. Онда фольклордың жоқтау, естірту, қоштасу,
жар-жар, айтыс сияқты өзге де жанрлары сыйып кете береді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – осы уақытқа дейінгі зерттеуші-
ғалымдардың эпикалық дәстүрде жазылған дастан, ғашықтық жырлар,
батырлық жырлар, тарихи жырлар, тарихи өлеңдер, т.б. қаншалықты
дәрежеде зерттегеніне қарамастан кейінгі толқын әлі де зерттеу үстінде.
Зерттеледі де. Бұдан ұққанымыз - түркі халықтарына ортақ сарындардың
басымдығы. Соған қарамастан, қазақ ауыз әдебиеті болсын, жазба әдебиеті
болсын өзіне тән ерекшелігін сақтап қала бермек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Бердібай Р. Дастан – халық қазынасы. -Анкара: 2002.
2.
Бердібай Р. Қазақ эпосы. -Алматы, 1982.
3.
Ауезов М. Қобыланды батыр. Таң дергісі. №2. 1925.
4.
Ыбыраев Ш. Эпос. -Алматы: 1986.
5.
Мұқанов С. Батырлар. -Алматы: 1939.
6.
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиетінің тарихы. -Алматы: 1948.
7.
Марғұлан Ә. Қазақ халық эпикалық әңгімелері. Канд. Дисс. -Алматы-Москва: 1945.
8.
Ыбыраев Ш. Дастан құрылымы. -Анкара: 1998.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
М.С.ОШТАНОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы
АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫЊ МАЊЫЗЫ
В этой статье рассматривается особенности и значения самостоятельной работы студентов по
английскому языку.
This article deals with the importance and peculiarities of the student’s self-study work at the English
lessons.
Қазіргі заманның талабы жоғары. Бұл болашақ мамандардан белсенді
болуды, шығармашылық бағытта іздене білуді қажет етеді. Мұнда оқыту
формасының шығармашылық стилі бар маман даярлауда өзіндік жұмыстың
маңызы өте зор. Өйткені, олар білімдер жиынтығын тек қана дәрісханалық
сабақтарда ғана емес, өзіндік жұмыс барысында да жинақтайды. Өз бетімен
66
қабылдаған біліктіліктің анағұрлым терең болатындығын жеке айтып жатудың
қажеті жоқ.
Нарықтық экономикаға сәйкес белсенділікке төтеп бере алатын маман
даярлау үшін өздігінен білім алумен қатар оқыту формасының осы түрін
ұйымдастыра білудің мәні зор.
Өзіндік жұмыстың жалпы оқу үрдісіндегі маңыздылығы мынадай
ерекшеліктері бойынша сипатталады:
-
өзіндік жұмыс студент ойларын жазабаша түрде көрсете білуімен қатар
шығармашылық ойлауының және зерттеу жұмыстарының негізін бекітуін
қамтамасыз етеді;
-
дәрістен алған білімдерін кеңейтіп, тереңдетумен қатар теориялық,
түпнұсқалық материалдарды талдау дағдысын қалыптастырады;
-
оқу бағдарламасына сәйкес студенттің қаншалықты белсенділік,
шығармашылық бағытта өсуін бақылауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, өзіндік жұмысты орындаудың тәрбиелік мәнін де атап
көрсету керек. Студенттердің ынтасын, маман ретінде алдына қойған мәселесін
табандылықпен орындау дағдысын қалыптастырады. Өкінішке орай, барлық
студент жайлы осындай ойлар айта алмайсың. Өйткені студенттердің 30-40
пайызы ғана өзіндік жұмысты дер кезінде орындауға тырысады. Ал қалғандары
«ертеңге» қалдыра береді
1
.
Студенттердің өзіндік жұмысын зерттеумен айналысатын көптеген авторлар
оның негізгі қызметі студенттердің жеке тұлға ретіндегі қасиетттерін,
шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймайды, қайта оларды танымдық
дербестіктің жоғары деңгейіне көтеру деп санайды
2
.
Көптеген зерттеулердің нәтижесі қазіргі білім беру жүйесіндегі
студенттердің білім, білік және дағдыларында кездесетін негізгі кемшіліктер
мектептердегі білім беру, олардың өзіндік жұмыс жасау біліктерінің
төмендігінен деген қорытынды жасауға тіреп отыр. Бұлай деуге негіз, теориялық
тұрғыдан алғанда оқу үрдісін дамытатын кез-келген мәселені шешу арнайы
ұйымдастырылған өзіндік жұмысынсыз жүзеге аспайтындығымен түсіндіріледі.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Оштанова М.С. Ағылшын тілі пәні бойынша студенттің өзіндік жұмыстарыныњ мањызы
Қазақстан Республикасында жүріп жатқан ғаламдану, әлеуметтік,
экономикалық және саяси өзгерістерге байланысты шет ел тілін білуге, өз
бетінше үйренуге деген құлшынысты арттырып, оның ролін күшейтіп отыр.
Әлемдік білім алу кеңістігінде (шет ел тілін оқыту) интеграциялық процестердің
тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында шет ел тілін оқыту өзекті біліктілігі
жоғары дәрежеде маманданған, білімі жағынан бәсекеге түсе алатын, өзін
халықаралық еңбек жәрмеңкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар
дайындау мәселесінің бөлінбес бөлігі болып табылады
3
.
Жоғары оқу орныныда шет ел тілін оқыту өзіндік мән-мазмұны, құрылымы
бар толық аяқталған курс болып табылады. Қазіргі заман тілдері: тіл үйрету,
оқыту, бағалау, Еуропа одағы қолдаған жалпы еуропалық біліктілік стандартына
қол жеткізуге бағытталған. Жоғары оқу орнымен қатар, мектепте оқылатын шет
ел курсы мен жоғары оқу орнында оқылатын курстың жалғасын табуын
қарастырады. Демек, мектеп қабырғасында шет ел тілін үйренудің негізі
қаланса, ал университетте болашақ мамандарға шет ел тіліне кәсіптік бағдар
беріледі
4
.
67
«Шет ел тілі» курсының құрылымы Қазақстан республикасының
мемелекеттік стандартына сәйкес барлық жаратылыстану-гуманитарлық
саласындағы мамандықтардың бәріне бірдей 6-8 кредит белгіленген. Бір кредит
15 аудиториялық сағатқа және 30 сағат өз бетінше жұмыс істеуге белгіленген,
соның ішінде 15 сағат мұғаліммен өз бетінше жұмыс істеуге берілген.
1-семестр – 2 кредит – міндетті аудиториялық сабаққа – 30 сағат,
оқытушымен жұмыс істеу және өз бетінше жұмыс істеуге – 60 сағат белгіленген.
Мұғаліммен бірге жұмыс істеуге – 30 сағат.
2-семестр – 2 кредит – 30 сағат – міндетті аудиториялық сабаққа – 30 сағат,
оқытушымен жұмыс істеу және өз бетінше жұмыс істеуге – 60 сағат белгіленген.
3-семестр – 2 кредит – 30 сағат – міндетті аудиториялық сабаққа – 30 сағат,
оқытушымен жұмыс істеу және өз бетінше жұмыс істеуге – 60/120 сағат
белгіленген.
Бұдан байқалатыны өздік жұмыстың сағаты едәуір көбірек. Әрине, бұл
кәдімгідей ойланатын жәйт. Ендеше өздік жұмысқа жұмыс бағдарламасы
бойынша көбірек тақырыптарды қалдыруға болады.
Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында өздік жұмыстың екі түрі бар.
Дәстүрлі, яғни, СӨЖ, студенттің бос уақытында, қалаған уақытында,
аудиториядан тыс орындалатын жұмыс. Екінші түрі – аудиторияда оқытушының
басшылығымен студенттің өз бетінше орындайтын жұмысы (ОБСӨЖ). Бұл
көбіне кеңес беру түрінде өтеді. Студенттің өзіндік жұмысы шет тілін оқытудың
белсенді формаларының бірі болып есептеледі. Өзіндік жұмыс еңбектенуге
үйретеді. Өзіндік жұмысты сәтті орындау үшін жоспарлау және оқытушы
тарапынан бақылау қажет, сонымен қатар, мамандық шығарушы кафедралар,
оқу бөлімі, т.б. басқа әдістемелік бөлімдер студенттің өзіндік жұмысын
жоспарлайды және бақылайды
5
.
Өзіндік жұмыстың түрлі анықтамалары бар. Соның бірі, өзіндік жұмыс –
бұл студенттің жоспарлы жұмысы делінген, оқытушының тапсырмасы мен
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Оштанова М.С. Ағылшын тілі пәні бойынша студенттің өзіндік жұмыстарыныњ мањызы
әдістемелік басшылығы арқылы орындалады. Жоғары оқу орнының орта мектептен
басты айырмашылығы негізінен оқу жұмысының әдістемесі және студенттердің өз
бетінше әрекеттенуі. Оқытушы студенттердің танымдық іс-әрекеттерін тек
жоспарлайды. Өзіндік жұмыс оқу жұмысының барлық түрлерінің мақсаттарын
біріктіреді
2
.
Шет тілін үйрену көп еңбектенуді қажет етеді. Өзіндік жұмысты дұрыс
жоспарлаудың маңызы зор. Бәрінен бұрын студенттер пәнді меңгеруге аса зор
құлшынысы болып, өз уақыттарын тиімді пайдаланып, жауапкершілікті сезініп, ең
алдымен меңгерген білімдеріне қанағаттануы тиіс. Шет тілін меңгеруде сабақ
үстіндегі белсенділікпен қатар, тапсырмасын мұқият орындап, пысықтаудың
арқасында жақсы нәтижеге қол жететіні құпия емес. Күнделікті тілді қолдануға
жаттығу жақсы нәтиже береді. Өзіндік жұмыс сәтті орындалу үшін, берілген
тапсырмаларды қалай орындау, не үшін орындау қажеттілігін жан-жақты түсіндіру
қажет.
Шет тілін үйренуде өз бетінше жұмыстың әр түрі бар. Ең алдымен бұл жүйелі
оқу. Мәтінді оқу барысында сөздік қор молаяды, грамматикалық материал
пысықталады және жалпы білім толығады. Оқу барысында алынған мағлұматтар
шет тілін әрі қарай меңгеруге қызығушылықтарын арттырады және тезірек
меңгеруге мүмкіндік береді
6
.
Студенттердің өз бетінше жұмысы студенттердің оқу әрекетінің өз бетінше
орындайтын дидактикалық тапсырмаларды істеу, танымдық әрекеттерге деген
68
қызығушылығын қалыптастыру, шет ел тілі саласы бойынша білімін тереңдету.
СӨЖ студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту, оқу материалын
меңгеруге ізденіс тұрғысынан қарауды қамтамасыз ететін практикалық мақсаттарды
іске асырумен байланысты.
Біздің тәжірибемізде ағылшын тілі сервистік пән ретінде әр түрлі
мамандықтарда оқытылады. Осыған орай, өзіндік жұмыстың әр мамандықтарда өз
ерекшеліктері бар. Мысалы тарих мамандығында оқитын студенттер үшін: “Kazakh
Khans”, “History of Kazakhstan”, “Great People in the Kazakh History”, “Ancient Cities”,
“Historical Monuments”, “Historical Towns in the South Kazakhstan”; журналистика
және тіл мамандықтары үшін: “Journalism in Kazakhstan”, “Newspapers in
Kazakhstan”, “Magazines in Kazakhstan”, “Kazakh Writers”, “My Favourite Writer”, “My
Favourite Book”, “Modern Writers of Kazakhstan”; құқық мамандығы үшін: “At a Law
Court Trial”, “Criminal Cases”, “Civil Cases”, “Courts in Kazakhstan”, “Types of
Crimes”, “Criminals”, т.б.
Қорыта келе, қазіргі оқытудың кредиттік технологиясына байланысты
студенттердің өзіндік жұмысына көп көңіл бөлінуі қажет. Студенттердің
шығармашылық белсенділігі дамуы үшін, мамандық шығаратын кафедралар заман
талабына сай, бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандар даярлау барысында
ағылшын тілін меңгеруді жақсарту мақсатында өзіндік жұмыс сағаттарын оқу
жүктемесіне енгізіп, єр студентке келетін кеңес сағаттарын ұлғайту қажет деген
пікірдеміз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Есеева Р. ¤зіндіктіњ ж±мыстыњ мањызы зор // Ќазаќстан мектебі №4, 2004.
2.
Педагогика и психология высшей школы. Формы организации учебного процесса в ВШ. Ростов на Дону. Феникс 1998.
3.
ҚР Мемлекеттік Білім Стандарты. Жоғары кәсіптік білім беру. ГОСО РК Негізгі қағидалары. 3001-2000. Астана, 2000.
4.
Тлепина Ш. Аудиторные формы самостоятельной работы студентов // Қазақстан Жоғары мектебі. № 2, 2001.
5.
Жалпы білім беру пәндері бойынша типтік оқу бағдарламалары. Єл-Фараби атындағы ҚҰУ. Алматы, 2005.
6.
Левочкина М.В. Самостоятельная работа – важнейший этап овладения иностранным языком // Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері.
№4, 2005.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Э.ӘДІЛБЕКОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті,
«Түркі тілдер» кафедрасының меңгерушісі
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҮЙЛЕНУ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ
ЖӘНЕ СТИЛЬДІК СИПАТЫ
В этой статье рассматриваются обычаи и традиции свадебного обярда тюркского народа.
The author of this article describes wedding customs and traditions of Turkic peoples.
Әлемнің кең байтақ жерін мекендеген түркі халықтарының некелесу
және үйлену тойын өткізу салт-дәстүрі жайында мол деректер бар. Ел
арасында қазірге дейін сақталып келе жатқан дәстүрлер жайында кәрі құлақ
қариялардың айтқандарына, ауыз әдебиетінің мұраларына сүйене отырып,
белгілі бір тұжырымдар жасауға болады.
Түркілер арасында жастай некелестіру ертеден келе жатқан дәстүр. Кей
уақытта қыздарды 13-14 жасында ұзатса, ер балаларды 15-16 жасында
балиғатқа толды деп үйлендіре берген. Бұл дәстүр халық арасында ашық
көрініс тапқан. Халық түсінігі бойынша неғұрлым жастарды ерте үйлендірсе,
олар әрбір жағымсыз қылықтардан аулақ болып, ұрпақтары көп, мықты
болады деген сенімде болған [1.39].
Түркі халықтарының арасында жеті атаға қыз алыспау себебін халық
өзінше топшылайды:
69
а) Қандастық, жақындастық некелескен уақытта ұрпақтың болмауына не
аз болуына, тіпті оның азып, тәуір қасиеттерден жұрдай болуына әсер етеді
деп ескерткен.
ә)Қандас туыстар арасында жыныстық қатынастарға байланысты
сескенетіндіктен.
б) Жеті атадан бергі ұрпақтардың өзара туыстық қатынастары созыла
берсе, жеті атадан асқан аталастар мен қыз алысу арқылы жақындасып,
құдандылық қарым-қатынас бірлікті ұлғайта береді деп қараған [2.98].
Түркі халықтарында некелесудің ең негізгі түрі қалыңдықты қалың мал
төлеп алуға негізделген құдалық арқылы неке құру болды. Сонымен қатар
әмеңгерлік, балдыз алу ғұрпы бойынша неке құру әдеті де өте жақсы
сақталған. Әр түрлі жағдайларға байланысты ел арасында қыз-
келіншектерді алып қашып некелесу де бар. Бұларға тоқталар болсақ,
қалыңдықты қалың мал төлеп алуға байланысты құдалық арқылы
некелесудің өзі оны жан-жақты қарап, сан-алуан сипаттарын еске ала
отырып, толық қажет етеді [3.99].
«Құдалық» деген сөздің өзі некелесудің бір түрінің тек ата-әке не басқа
туыстар еркіне байланысты, тіпті, күйеу өз тізгінін өзі алған адам болған
күнінде де оның атынан сөйлейтін кісі тарапынан жүргізілетіндігі
көрсетіледі [4.69].
Әр әке өзінің шама-шарқына қарай мүмкіндігінше өзіне тең адамды
таңдайды. Алайда құда болудың бірнеше түрі бар. Кей тағдырларда
ұштасып, достасқан екі адамның әйелдері екі қабат болса, босанбай тұрып,
Достарыңызбен бөлісу: |