А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Әділбекова Э. Түркі халықтарының үйлену салт-дәстүрлері және стильдік сипаты
кімде ұл, кімде қыз боларын білмей-ақ ниет қосып құда болатын. Мұны «бел
құда» дейді [3.1-99].
Некелесудің тағы бір түрі – қызды алып қашып үйлену. Қазақ арасында
қыз алып қашудың ең көп кездесетін түрі - өзінің айттырылған заңды
қалыңдығын алып қашу. Күйеу жағын мұндай іске мәжбүр ететін әр түрлі
себептер болатын: қыз әкесі құдасына не күйеу баласына көңілі толмай
немесе өзіне пайдалы басқа адаммен құдандалы болып, оны өз мүддесіне сай
пайдаланғысы келеді [5.67].
Қыз алып қашудың тағы да бір түрі – біреудің айттырып қойған, қалың
малы да төленген қалыңдығын алып қашуда кездеседі.
Халықтың түсінігі бойынша теңіне қарап қызын ал, соғуына қарап қару
ас, көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық, «шешеге қарап қыз
өсер» дегендей, тіпті текті қыздың белгісін, тәлім-тәрбиесін айқындайды.
Әдетте, текті жердің қызы әдепті, көргенді, инабатты, іске шебер,
қиыншылыққа төзімді болып келеді. Өскен ортасы мен ата-анасының
артынан жаманат сөз ермейді. Сол себепті бабаларымыз: «Аяғын көріп асын
іш, шешесін көріп қызын ал», – деп өсиет қалдырған [3.99-109].
Түркі халықтарының отбасында қыз баланы «үй құты» деп бағалап, оған
ерекше сый-құрмет көрсеткен.
Басы бос бойжеткенді киген киімінен бірден қыз көрушілер қызының
ұнағанын оның әке-шешесіне сөз емеурінімен сездіреді. Қыз шешесі
«қымызды кім ішпейді, қызды кім айттырмайды», «қызымның ұнағаны рас
болса, белгі тастап кет», – дейді. Жігіт әкесі үйдің төріне қамшысын іліп,
70
«Құдалықтың басы осы болсын», – деп шешесі аманат қылған тақия, сырға,
сақиналарын жігіт бойжеткенге ұсынады. Осындай жоралғылардан кейін ол
үйдің қызы «үкілі қыз» атанады да «қыздың басы бос емес, біреудің
қалыңдығы» танылады. Төрдегі қамшы құда түсу тойы болғанша ілулі
тұрады. Қыз әкесі бір немесе бір жарым жыл жаушы күтеді. Осы аралықта
жігіт жағынан еш хабар болмаса, қыз үйі жігіт әкесінің қамшысын кері
қайтарады. Бұл салт «қамшы қайтару» деп аталады да, «қызымның басын
босаттым» деген ишараны білдіреді [6.48].
Жаушы - қыз айттыруға баратын өкіл. Ол жөн-жосықты білгіш, сөзге
шешен, әзілге жүйрік адам болуы шарт. Міндеті – қыз әкесін көндіріп,
бойжеткенге құда түсіп, құдалыққа келер күнді белгілеп қайту. Жаушы сөзі –
түркі тіліндегі ең көне сөздің бірі. «Ұлы тәңір жіберген елшілердің бірі»
деген ұғымды білдіреді [5.28].
Ал, Түркия түріктерінде бұл салт, яғни жаушы жіберу салты-«сөз кесме»
деп аталады. Бұлар арасында тек аталу өзгешеліктері болмаса, араларында
айтарлықтай ерекшелік көрінбейді [7.458].
Жаушы келген соң ет-бауыр, жанашыр туған-туыстары жиналып,
құдалыққа барудың қамына кіріседі. Құда болып барушы адамдардың саны
мен сапасы анықталады. Көргені көп салт-дәстүр, жөн-жобаны жақсы білетін
сөзге шешен, өнерлі адам бас құда болып тағайындалады. Қыз
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Әділбекова Э. Түркі халықтарының үйлену салт-дәстүрлері және стильдік сипаты
аулына 3-4 тен 20-30-ға дейінгі адам жиынын құрып, құдалыққа аттанады.
Бұл сапар «құдаласу тойы», ал оған арнап жасалған той «құда түсу тойы»
делінеді [3.97].
Дәстүр бойынша алдымен ақ жол тілеп, құдалық берік болу үшін бір мал
шалынады. Оны бауыздап, қанына қол батырып, бата бұзбауға серттеседі.
Мал бауыздалғанда бата берген құда «бауыздау құда» деп аталады [8.28].
Құда түсу тойы аяқталған соң, киіттің үлкенін жігіттің әкесіне кигізіп,
өзгелеріне жолының үлкендігіне қарай ат мінгізіп, түйе жетектетіп, риза
қылып шығарып салады.
Есік-төр көрсету тойының мақсаты – қалыңдық жағынан келген
құдаларды күйеудің ағайын, туғандары, ел-жұртының бақ-дәулетімен
таныстыру. Той аяқталысымен жігіт әкесі қалың малдың алғашқы бөлігін
бөліп береді. «Өлі тірілердің сауап-саулығы үшін» деп күйеу әкесі «өлі
тірісіне» бір мал қосады [9.88]. Түркі халықтарының түсінігінде егер қыздың
«өлі-тірісі берілмесе» келін ауру болып қалады деген сенім бар. Бұл дәстүр
Түркия түріктерінде «каршы даветлер» деп аталады [10.67].
Күйеу баланың қалыңдығымен кездесуге баруын «ұрын бару», осыған
орай ұйымдастырылған той-думан «ұрын той» деп аталады. Тойдың мақсаты
– екі жасты оңаша кездестіру, махаббат жайлы сыр шертуге мүмкіндік
туғызады. Олардың келе жатқан хабарын ести сала, кексе әйелдер күйеу
балаға арнайы үй тігуге кіріседі. Күйеу бала алдынан қарсылай шыққан
қыздың жеңгелеріне 20-30 аршын мата – «ентікпесін» береді, үй тіккен
әйелдерге «шатыр байғазысын», балдызын көргені үшін «балдыз көрімдігін»
сыйлайды. Қыз әкесі күйеудің жолдастарын өз үйіне қонақ қылады. Қыз
әкесінің босағасын аттасымен күйеу жолдас тіпті босағаға «ілу» іліп, түрлі
сыйлықтарын ретінше таратып береді. Ауыл үлкендеріне көрінбей, қыз-
71
келіншектердің ортасында отырған күйеу балаға қайын атасының
дастарханынан төс салынған дәстүрлі табақ тартылған кезде, ол иіліп тағзым
етіп, турап таратады да, «төс салар» кәдесін береді [3.275].
Бұдан соң жігіттің әкесі қалың мал берудің қамына, қыз жағы
қалыңдықтың жасауын жасауға кіріседі. Бұл салтанат Түркия түріктерінде
«сөзлерин дуруму» деп аталады [7.28].
Қалың мал – қалыңдықтың жасауына, сәукелесіне, той малына, кәделі
алыс-берістеріне жұмсалатын қаражат көлеміне сай төленетін төлем.
Дәстүрлі қалың мал мынадай бөлімдерден тұрады:
Бас жақсы – түзу мылтық, бөрік сауыт, қашса құтылатын, қуса жететін
бір сәйгүлік, малдығы артық бір түйе немесе олардың әрқайсысының орнына
бес ірі қарадан – 20 жылқы беріледі [11.39].
Қара мал – қалың малдың ең өзекті бөлімі. Ірі қара саны бір жиырмадан
бес жиырмаға дейін (21-25 жылқы) барады.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Ә ділбекова Э. Түркі халықтарының үйлену салт-дәстүрлері және стильдік сипаты
Ілу – қызын тәрбиелегені үшін ұрын барғанда берілетін кәде. Егер ілуге
көп қаражат жұмсалса, тиісінше қара мал саны азайтылады.
Той малы – қыз ұзату тойына сойысқа апарылатын мал, жыртыс және
қалыңдық жасауының шығыны. Той малы жиырма-жетпіс бас жылқыға
дейін жетеді.
Сүт ақы – қалыңдықтың анасына берілетін бір – жеті түйе.
Жігіт түйе – қыз әкесінің ата күшіне төленетін ақы. Бұған екі түйе және
міндетті түрде күйеудің жақсы сырт киімі мен ер-тұрманы беріледі.
Жасау – жігіт жағынан келген қалың мал мөлшеріне шамалас, ұзатылған
қызға міндетті түрде берілетін мал-мүлік. Жасауға жаңа отау құрған екі жас
үшін ең қажетті – ақ отау, төсек орын, киім-кешек, құрал жабық және әр
түрлі сыйлық бұйымдармен қатар, қазан-ошақ, көрпе-төсек, текемет-кілем
беріледі.
«Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз той болмайды» дегендей қалыңдықтың
туған-туысқандары қызын ешқашан жасаусыз үйінен шығармаған. Себебі,
қызына жасау беру әрбір түркі халқының бірінші борышы болып есептеледі.
Бұл Түркия түріктерінде «нишан хадиеси» деп аталады [6.89].
Құдалар бәтуаласқан соң қыздың барлық туған-туысқандары жиналып
қыз-ұзату тойының қамына кіріседі. Той басталарға екі-үш күн қалғанда 5-6
жолдасымен сүт ақы, той малы, жартысымен түрлі кәделерге арналған мал-
мүліктерін алып күйеу келеді. Бір топ қыз-келіншек олардың алдынан
шығып, ауыл сыртынан қарсы алады. Жездесінің атын жетектеп келіп,
көрмеге байлағаны үшін балдызы маталай «ат байлар» сыйлығын алады.
Күйеу бала жолдастарымен оңаша отауға түсіріледі.
Қыз ұзату тойы басталардан алдын екі-үш күн бұрын шақырушылар
жіберіледі. Ауылдың өнерлі жастары ымырт түсісімен киіз үйдің іргесін
түріп тастап, қыздар іште, жігіттер сыртта тұрып, қызу айтысты бастап
жібереді. Кешқұрым жастар жиналып жар-жар айтылады.
Соңғы күні ұзатылар қыз үй-үйді аралап жүріп, ел-жұртымен қоштасады.
Ұзату тойы өткен соң жақын туыстары қыз үйіне шақырылып, дәстүр
бойынша қыздың жасауын көрсетеді. Жасауға ризашылық білдірген
72
құдаларға киіт кигізіп, түйе жетектетіп, ат мінгізеді. Болашақ отаудың көшер
көлігі, сауып ішер сиыры мен биесі де қыз жасауының құрамына кіреді.
Сойыс малы бір-бір жарым жылға мөлшерлеп беріледі. Ежелден келе жатқан
дәстүр бойынша ұзатылған қыз әке малынан әр түлік бойынша «мал құты»
деп есептелетін бір-бір мал, сондай-ақ әке мүлкінен түзу мылтық, берен
сауыт қалауына болады. Дәстүр бойынша, қызы не сұраса да әкесі бетін
қайтармайды. Бас құданың рұқсатымен қыз жасауы буылып, түйіледі. Әр
теңнің арасына әйелдерге арналған кішігірім «тең шешер» сыйлықтары
салынады. Қыз аттанарда қимас ата-анасы, туған-туыстары, құрбы-
құрдастарымен қоштасып «сыңсу» айтады. Бұл Түркия түріктерінде «Гайре
кушагы» деп аталады. Қалыңдық көшіне қыз шешесі, екі жеңгесі және
қосшы жігіт ереді [11.399].
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Ә ділбекова Э. Түркі халықтарының үйлену салт-дәстүрлері және стильдік сипаты
Ел аналары, яғни сол сол әулеттің абыройлы келіндері ақ фатамен беті
жабылып тұрған келіннің қолына май беріп, ыдысқа салынған оттың шоғына
жеті түйір майды салғызып, әруақтарға сиынып, «мен сияқты ел келіні
болғай» деп босағаға оң аяғымен аттатқызып, үйге кіргізеді.
Келін неғұрлым майды көбірек салса, ырысы соғұрлым көп болады деген
ұғым бар. Майды отқа салдырып болғаннан соң, келінді босағаға оң аяғымен
аттатқызып, үйге кіргізеді. Басына орамал салып, «келін келді» деп
шымылдықтың ішіне отырғызады. Қасына жас қыздар бірге отырады.
Келінді «оң аяғымен кіргізу» – «құдай қаласа, оң жолы болсын, аман-есен
осы үйдің адамы болып кетсін» деген мағынаны білдіреді. Үйленуге
байланысты әдет-ғұрыптардың бірі – беташар. Ауыл адамдарымен жаңа
түскен келінді таныстыру үшін «беташар» басталады. Ертеңіне «келін түсіру
тойы» жасалады. Түркия түріктерінде бұл салтанатты рәсім «гелинлик» деп
аталады [12.39].
Үйлену тойының ең бір жауапты кезі – қыз бен жігіттің некесін қию.
Осы ретте қыздың, жігіттің ризашылығы сұралып, неке суы ішіледі. Бұл
Түркия түріктерінде «никах төрени» делінеді.
Дәстүрлі үйлену тойындағы сынды да, шешуші сәт «ақ неке түні» деп
аталады. Бұл дәстүр Түркия түріктерінде «дуғун» деп аталады [13.225].
Дәстүр бойынша келін бала алдымен түскен жерінің үлкен-кішісі ер-
әйелдеріне өзінше ат қоя білуі тиіс. Жас мөлшері мен ерекше белгі-
қасиетіне, туыстық қатынасы мен мәртебесіне қарай қисыны табылып
қойылған әрбір аттан келіннің тапқырлығы мен ақылдылығы танылады. Бұл
дәстүр – жас келінді әдептілікке баулудың бастамасы.
Жас келін барлық жұртта ерте тұрып, кеш жатып, бір тынбай көп іс
бітіреді. Келін баласы тұңғыш баласын босанып, сәбиі ит көйлегін тоздырған
соң, енесі оны өзіне сәлем беруден, босағаға отырудан босатады.
Түркі халықтарының үйленуін, салт-дәстүрлерін жалпы алып қарайтын
болсақ, әдет-ғұрпымыз жағынан ешқандай да өзгешеліктер байқамаймыз
десек те, әр түрлі салт-дәстүрі бар. Бірақ түркі халықтарының салт-
дәстүрлері бір-біріне өте жақын. Бұдан шығатыны түркі халықтарының арғы
ата тегі бір екеніне тоқталамыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
73
1.
Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. -Алматы: 1987.
2.
Қалиев С. Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл. -Алматы: 2000.
3.
Дәуренбеков Ж. Беташар. -Алматы: 1991.
4.
Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. -Алматы: 1996.
5.
Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. -Алматы: 1991.
6.
Садырбаев С. Қазақ халық әдебиеті. -Алматы: 1990.
7.
Folkloristik. Prof. Dr. Dursun Yıldırım Armağanı. -Ankara: 1998.
8.
Сапаралов Б., Дәуренбеков Ж. Той. -Алматы: 1993.
9.
Құралұлы А. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы. -Алматы:1998.
10.
Мұқанов С. Қазақ қауымы. -Алматы: 1995.
11.
Желмая. Мамыр, 2006, №19.
12.
Türk Boylarının Destanları, Prof.Dr. Karl Reichl. Çeviren Doç. Metin Ekici, Ankara, 2002,433 sayfa.
13.
Türk Halk Edebiyatı, El Kitabı, M. Öcal Oğuz, 2 Basım-Ankara, 2004, 422 sayfa.
74
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Ж.Т.БАЙНИЯЗОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы
ЛЕКСИКОГРАФИЯ ТЕОРИЯСЫ МЕН ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ
1
В статье рассматривается вопрос о видах словарей и ее роли в общественной жизни. Кроме того делается
анализ видов и используемых терминов как теоретической, так и индивидуальной лексикографии, а также о
связи между наукой лексикографией с другими предметами. Основное внимание в статье уделяется описанию
научных основ понятия «лексикография».
The author of this article examines different types of dictionaries and their role in the social life. Moreover she
analyses the terms of theoretical and individual Lexicography and the connection between Lexicography and other
subjects. The main attention in the article is given to the description of scientific principles of Lexicography conception.
Адам баласының тілі – негізінен сөздерден тұратын тіл. Осыны
білгендіктен Ф. Соссюр де сөздердің тіл механизмінің өзегін құрайтындығын
айтып еді [1.143]. Осыған ұқсас пікірді орыс ғалымы А.И.Смирницкий де
айтқан болатын: «Сөз – тілдегі сөздік құрамның негізгі бірлігі ғана емес ол,
сонымен қатар, жалпы адамзат тілінің орталық өзегін құрайтын бірлік» [2.183].
Қазіргі кезде лексикографияның негізгі салалары ретінде жалпы лексикография,
терминологиялық лексикография, есептемелік лексикография және оқу
лексикографиясы қалыптасып үлгерді. Олардың өздерінің ішінде де жаңа
салалардың бой көтеруі – табиғи процесс. Мысал үшін терминологиялық
лексикография саласында деректерді автоматты өңдеу мен сөздіктерді машина
(электрондық есептеуіш машиналар) көмегімен түзу қолға алынуда. Осыған
байланысты есептемелік лексикографияда да жаңалықтар көбейе түсуде.
Лингвистиканың қоғам алдында есеп беретін, қоғамға көрсететін басты
өнімі – сөздік. Тіл білімі ғылымынан хабары жоқ қарапайым қоғам мүшесінің
түсінігі бойынша, жалпы лингвистиканың бар болмысын ақтайтын жалғыз өнім
– сөздік.
Адамзат қоғамында практикалық лексикографияның пайда болып,
сөздіктердің түзіле бастағанына төрт мың жылдан астам уақыт өткен. Ал содан
бергі кезеңде жасалған сөздіктердің жалпы саны, ХХ ғасырдың ортасында
жасалған санақ бойынша, он мыңнан асқандығы белгілі. Лексикография
мәселелерін
зерттеушілер
сөздік
түзу
саласында
мол
тәжірибе
жинақталғанымен, сөздік құрастыру тәжірибелерін қорытып, ғылыми талдау
жасаудың, оны жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздемесін даярлау ісінің тым
кеш қолға алынғанын айтады. Расында да, лексикография атты ғылым
саласының XX ғасырдың ортасына дейін жетілген теориясының болмағандығы
да шындық. Осы орайда, лексикография теориясының мәселелерін жүйелі түрде
зерттеп, оны жеке ғылыми пән ретінде қарастырудың XX ғасырдың орта
кезеңіне дейін, яғни академик Л.В.Щербаның еңбегіне дейін [3] жүйелі түрде
жүргізілмегенін айтпай отыра алмаймыз. Теориялық мәселелерді зерттеудегі
кемшіліктер лексикографиядағы практикалық жұмыстардың болашағының
айқын болмауына, сапасының нашар болуына әкелді. Кеңес Одағы тіл
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Байниязова Ж.Т. Лексикография теориясы мен ұғымы туралы
1
Жұмыс «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» қоғамдық қордың демеушілік
қолдауымен жасалды.
75
білімінде лексикография теориясын алғаш рет қарастырған ғалым П.Н.Денисов
болатын. Ғалымның еңбегінде негізінен сөздіктер типологиясы мен сөздіктің
элементтері мәселелері сөз болады [4]. Лексикографияның теориялық
мәселелерін жан-жақты зерттеу ісін оқу лексикографиясы саласында
жалғастырған В.В.Морковкин жоғарыда аталған екі аспектіге тағы да бес
аспектіні қосып, олардың жалпы санын жетіге жеткізеді («лексикография»
ұғымының мазмұнын ашу, сөздіктік лексикология, сөздіктердің типтері туралы
ілім, сөздіктің құрылымдық элементтері туралы ілім, лексикографиялық
құрастырманың негіздері туралы ілім, бастапқы сөздіктік материалдар туралы
ілім, сөздік түзу ісін жоспарлау мен ұйымдастыру туралы ілім). Ғалым
лексикография теориясының құрылымын төмендегі үлгі бойынша бейнелеуді
жөн санайды:
Лексикография
1. теоретикалық лексикография.
1.1 лексикография теориясы.
1.1.1 «лексикография» ұғымының көлемін, мазмұнын, құрылымын
анықтау.
1.1.2 сөздік лексикологиясы.
1.1.3 сөздіктердің жанрлары мен типтері туралы ілім.
1.1.4. сөздіктің элементтері мен параметрлері туралы ілім.
1.1.5 лексикографиялық құрастырма негіздері туралы ілім.
1.1.6 бастапқы материалдар (картотекалар) туралы ілім.
1.1.7 сөздік түзу ісін жоспарлау мен ұйымдастыру туралы ілім.
1.2 лексикография тарихы.
1.2.1 сөздіктер тарихы.
1.2.2 типтік лексикографиялық мәселелерді шешу тарихы [5].
Біз теоретикалық лексикография мәселелері бойынша осы үлгіні қабылдай
отырып, оны негізге аламыз. Сол себепті лексикографияның теориясына
байланысты бұдан арғы зерттеу жұмысы осы жүйе бойынша жүргізіледі.
Лексикографияның теориялық мәселелері күн тәртібіне сөздік түзу ісін ғылыми
тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында қойылған болатын. Бұл саланы жеке
ғылыми пән ретінде қарастырып, теориялық тұрғыдан зерттеудің қажеттілігі
бірінші рет 1817 жылы неміс ғалымы Э.Манн еңбегінде сөз болды [6]. Сол
кезден бері сөздіктер, бір жағынан, лексикографиялық практиканың нысаны,
екінші жағынан, лексикографиялық теорияның зерттеу пәні болып табылады.
Лексикографияның жеке ғылым саласы екендігі, оның өз ғылыми нысаны
болатындығы дәлелденді. Қандай түрлі сөздік болса да оны түзу процесінде,
белгілі бір тілге лексикографиялық сипаттама жасау кезінде лексикограф
күрделі теориялық мәселелерге душар болады. Олардың шешімін дұрыс табу
үшін осы саланың ғылыми-теориялық негіздерін білу шарт. Тіл-тілдегі
жекелеген сөздердің мазмұны уақыт өткен сайын өзгеріске ұшырап, жаңарып
отыратыны тәрізді, сол сөздерді тіркеп, түсіндірумен айналысатын
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Байниязова Ж.Т. Лексикография теориясы мен ұғымы туралы
лексикографияның да ғылыми әдіс-тәсілдері жаңғырып отырады. Осыған
байланысты типтес лексикографиялық мәселелердің шешімдері де әр тарихи
кезеңде өзгеріп жатыр. Жаңалықтар көп. Жаңа кезең жаңа талаптар қояды.
76
Сөздіктердің құрылымы өзгеруде. Олардың жаңа типтері мен жанрлары пайда
болуда. Қазіргі кезеңде лексикография лингвистика ғылымының аясынан асып,
ғылым мен техниканың жүздеген, мыңдаған салаларында қызмет жасауда.
Теориялық проблематикасы бар, демек теориясы бар жеке лингвистикалық
пән ретінде қарастырудың қаншалықты ақиқаттылығын анықтау үшін, ең
алдымен, осы проблематиканың көлемін анықтап алу қажет. Сол үшін де
лексикографияның басқа лингвистикалық пәндермен байланыстарын қарастыру
қажет. Тілдегі сөздік құрамды тіркеп, көрсетудің тәсілдері мен көлемін
зерттеуші теориялық пән ретінде, лексикография, әсіресе, лексикологиямен
тығыз байланыста. Тілдегі сөздік құрамды жүйелі түрде зерттейтін пән
болғандықтан лексикология көбінесе лексикографиялық туындыларда
бейнеленген материалдарды пайдаланады. Тілдегі лексикалық бірліктерге
лексикография тұрғысынан жасалатын тізімдеме мен сипаттама ұзақ уақыт
бойы лексикологиялық зерттеменің бір түрі саналып келді. Шындығында,
лексикология лексиканың жекелеген фактілерін зерттеумен айналысатын болса,
лексикография тілдегі лексикаға жаппай сипаттама жасаумен айналысады. Сөз
мәселесін зерттейтін лексикология лексикография үшін ең маңызды нәрсені:
ұлт тілінің сөздік құрамына толық сипаттама жасауды, ұлт тілінің сипатын
ашатын ерекшеліктерді ашып көрсету ісін жүзеге асыра алмайды. Ұлттық тілдің
толық сөз құрамы тек қана лексикографиялық туындыларда көрініс табады.
Мұндай сипаттама табиғи тіл құралдарының немесе қосымша арнаулы
метатілдің көмегімен жасалады. Лексикографиялық туындыларда лексикалық
бірліктің грамматикалық сипаттамасы да жасалады. Сөздік мақала құрамында
берілетін сипаттамада бірліктің жеке өзіне тән грамматикалық белгілер
(категориялық, парадигматикалық, синтагматикалық) қамтылады. Сөздіктің
көптеген түрлерінде, әсіресе аударма сөздіктерде, бұған қосымша қысқаша
грамматикалық очерк беріледі. Демек, сөздік пен грамматикада да
проблематика ортақтығы бар. Сөзге толық лексикографиялық сипаттама жасау
кезінде оның фонетикалық ерекшеліктері де қамтылады. Тілдің фонетикалық
құрылымы туралы деректердің көлемі сөздіктің көлеміне, мақсаты мен
міндеттеріне байланысты өзгеріп отырады.
Лексикографияның негізгі қызметі лексикалық бірліктің мағынасын
ашу болғандықтан, ол сөздің мазмұндық құрылымының компоненттерін
қарастыратын ғылым ретіндегі семасиологиямен тығыз байланыста дамып
отырады. Осы тұрғыда, мысалы, сөздің басты, лексикалық мағынасынан өзге
мағыналары мен мәндері туралы айтуға болады. Олардың қатарында
лингвоелтанымдық және лингвомәдениеттанымдық мағыналарды атауға
болады. Сөз болған мағыналар тілді тұтынушылар арасында белгілі бір
сөздің мәніне қатысты болатын алуан түрлі мазмұнды белгілер мен
жағдаяттардың жиынтығын береді. Демек, сөз мағынасының құрамы мен
Достарыңызбен бөлісу: |