Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011



Pdf көрінісі
бет41/44
Дата08.01.2017
өлшемі3,67 Mb.
#1421
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Ерназаров Г.Б. Кәмелетке толмағандардың пайдакүнемдік сипаттағы қылмысы 
 
 
Егер  қылмыстар  топтамасына  қылмыстық  озбырлық  объектісін  негізге 
алса,  онда  жасөспірімдер  қылмысының  бүкіл  массивін  төрт  негізгі  топ 
ретінде көруге болады: 
- мүлікке қарсы қылмыс – 78,7%; 
- қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыс – 7,2%; 
- халықтың денсаулығы мен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс – 6,1%; 
- өмір мен денсаулыққа қарсы қылмыс – 3,8%. 
Топтаманы  қылмыстық  озбырлық  бағытына  қарай  құру  мынадай 
нәтижелерге алып келеді: 
- пайдакүнемдік қылмыстар (ұрлық, алаяқтық) - 67%; 
-  күш  қолдану  арқылы  жасалған  пайдакүнемдік  қылмыстар  (тонау, 
қарақшылық) – 10,6%; 
-  күш  қолданып  жасалған  қылмыстар  (кісі  өлтіру,  денсаулыққа  зиян 
келтіру, зорлық) – 2,7%; 
- басқа да – 12,7% [4]. 
Келтірілген  классификация  кәмелетке  толмағандардың  қылмысының 
екінші ерекшелігін – оның көбіне пайдакүнемдік мүліктік сипатын белгілеуге 
мүмкіндік береді.  
В.Якубсон 1923 ж. Мәскеу қаласындағы түзету-еңбек үйіндегі кәмелетке 
толмаған  қылмыскерлердің  контингентін  зерттеуді  аяқтай  келе  кәмелетке 
толмаған  қылмыскерлер  дәл  сол  ересектер  жасаған  қылмыстарды  жасады 
деген  тұжырымға  келеді,  бұл  ретте  мүлікке  қарсы  қылмыс  бойынша  олар 
ересектерден  басып  озды:  осылайша,  бас  бостандығынан  айрылып  жаза 
тартқандар  арасында  «қарапайым  ұрлық»  үшін  сотталған  ересектер  31,3% 
болса, кәмелетке толмағандар арасында 79,5% тіркелген болатын.  
Кәмелетке  толмағандар  қылмысының  құрылымында  ұрлық  жасаудың 
жыл сайынғы үлесі тұрақты және орташа есеппен 60%-ы құрайды. Бұл ретте 
олардың  үлес  салмағы  1993-2003  жылдар  бойы  кәмелетке  толмағандар 
қылмысының  барлық  құрылымында  да,  барлық  тіркелген  ұрлықтардың 
құрылымында да тұрақтылықты сақтайды, бірақ тіркелген ұрлықтардың саны 
дәл  осы  кезеңде  қысқарады  (осылайша,  1993-2001  ж.  аралығы  кәмелетке 
толмағандардың  және  олардың  қатысуымен  жасалған  ұрлық  саны  22%-ға 
қысқарды). 
Осылайша 
ұрлық 
жасау 
кәмелетке 
толмағандардың 
пайдакүнемдік қылмысының заңды тұрақты сапалы түрі болып табылады.  
Бүгінгі  таңда  кәмелетке  толмағандардың  күш  қолданған  қылмыстарын 
жасау кезінде пайдакүнемдік мотивтердің кең тарауының ұлғаю тенденциясы 
байқалады.  
Егер  қылмыс  классификациясының  негізіне  жасаған  қылмыстың 
ауырлық  белгісін  қойса  (РФ  ЗК  15  бабына  сәйкес)  онда  кәмелетке 
толмағандар  қылмысының  құрылымы  былайша  көрінетін  болады:  1) ауыр  
 
 
 
 

321 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Ерназаров Г.Б. Кәмелетке толмағандардың пайдакүнемдік сипаттағы қылмысы 
 
 
емес  қылмыстар  -  8%;  ауырлығы  орташа  қылмыстар  -  13%;  3)  ауыр 
қылмыстар 74%; 4) айрықша ауыр қылмыстар - 5%. 
Кәмелетке  толмағандардың  қылмысының  жалпы  өсуінде  оның 
құрылымында  ауыр  және  айрықша  ауыр  қылмыстың  көрсеткіштері  артуда 
(1999  ж.  олар  80%-дан  аса,  2003  ж.  57,8%  құрады).  Осыдан  кәмелетке 
толмағандардың  жасаған  қылмыстарының  үшінші  ерекшелігі  –  тіркелген 
қылмыстардың көбісінің білікті ауыр түрі туындайды. Егер де қылмыс түрлі 
пункттерге бөлінетін болса, онда кәмелетке толмағандардың қылмысы ауыр 
түріне жататынын айта кеткен жөн [5]. 
Сондықтан  қылмыс  жасаудың  топтық  сипаты  кәмелетке  толмағандар 
қылмысының келесі, ең тұрақты түрі (төртінші ерекшелік) болып табылады. 
Кәмелетке    толмағандардың    топтық    қылмысын  зерттеу  әлдеқайда  өзекті, 
себебі  80%  жағдайда  криминалды  жасөспірім-жастар  тобына  бір  жерде 
тұратын және бос уақытын бірге өткізетін қолы бос жастар тобы жатады. Жас 
кезден  қылмыстық  әрекетке  араласу  жас  құқықбұзушыларды  қылмыс 
ортасымен  біріктіреді,  ол  орта  тұлға  мен  мінез-құлықтың  құндылықтар 
жүйесін  қалыптастыра  және  алдағы  өмірлік  жолды  алдын  ала  белгілей 
отырып оларға әсерін тигізеді.  
Топтар  құрамында  кәмелетке  толмағандар  ересектерге  қарағанда 
қылмысты  шамамен  2-2,5  есе  жиі  жасайды.  Бұл  жасөспірімдер  жасы  үшін 
негізінде топтық сипаттағы тәртіптің типтілігімен байланысты.  
1999-2004  жж.  топ  құрамында  қылмыс  жасаған  жасөспірімдер  санының 
үлес  салмағы  62-ден  66%-ға  дейінгі  шамада  болды.  Қылмыстық  істерді 
зерттеу 
нәтижелері 
бойынша 
кәмелетке 
толмаған 
пайдакүнем 
қылмыскерлердің  69,5%-ы  қылмысты  топ  құрамында,  оның  ішінде  19,5%-ы 
ересектердің қатысуымен жасаған.  
Кәмелетке  толмағандар  тобы  жасаған  пайдакүнемдік  сипаттағы 
қылмыстар  туралы  қылмыстық  істерді  зерттеу  бұл  топтардың  бірдей  емес, 
көптеген  әр  түрлі  белгілерге  ие  екенін  көрсетеді.  Ең  алдымен  мұнда  жас 
ерекшеліктері назар аудартады. Келесідей криминалдық топтар айқындалды: 
1)  кәмелетке  толмағандардан  ғана  тұратын;  2)  ересектер  мен  кәмелетке 
толмағандардың  қатысуымен;  3)  кәмелетке  толмағандар  мен  өте  жас 
балалардың  қатысуымен;  4)  ересектер,  кәмелетке  толмағандар  мен  өте  жас 
балалардың қатысуымен [6].  
Ең жоғары үлес салмағы – 54,7% тек кәмелетке толмағандардан тұратын 
топтарға  келеді.  Кейбір  авторлар  мұндай  топтар  кәмелетке  толмағандар 
қылмысында  басым  тұрады  (олардың  үлесі  70,5%),  араласқан  тобы  29%-ды 
құрайды. Біздің зерттеу мәліметтеріміз бойынша, нашар жастағы топтардың 
үлес салмағы араласқан топтардың, яғни кәмелетке толмағандар мен өте жас 
балалар  (19,6%),  кәмелетке  толмағандар  мен  ересектер  (23,8%)  және 
ересектер,  кәмелетке  толмағандар  мен  өте жас балалар (1,9%)  топтарының  

322 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Ерназаров Г.Б. Кәмелетке толмағандардың пайдакүнемдік сипаттағы қылмысы 
 
 
үлес  салмағынан  әлдеқайда  басым  түседі.  Нашар  жастағы  құрамның 
қылмыстық  топтары  (үлкен  жасөспірімдер  немесе  бозбалалар)  көбіне 
қылмыстың  нақты  бір  түрлеріне  машықтанады,  өйткені  олардың  білімі  мен 
қызмет  ету  негізін  белгілі  жастың  криминалдық  қызығушылығы  қамтиды. 
Жас  ерекшеліктерінің  жақындығы  жалпы  мүдделердің,  көзқарастардың, 
мінез-құлық  түрлерінің,  бос  уақыт  өткізудің  т.с.с.  қалыптасуына  қолайлы 
болады, бұл қылмыстық белсенділіктің қалыптасу жылдамдығын қамтамасыз 
етеді және криминалдық тұтастықты арттырады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Алауханов Е.О. Криминология. Учебник. -Алматы: «Казыгурт», 2006. 
2.
 
Минина С.П. Преступность несовершеннолетних. -СПб.,1998.-С.7. 
3.
 
Максимов С.В. Криминология в схемах. -М., 1997.-С.10,99. 
4.
 
Савюк Л.К. Правовая статистика. Учебник. -М.:Юристь,2002.-С.63. 
5.
 
Лунеев В. В. Юридическая статистика. Учебник. – М.: Юрист, 1999. – С.80, 83-86. 
6.
 
Преступность и правонарушения (1999-2003). Сб.стат. – М., 2004. – С.54. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

323 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
Б.Б.ЖҮНІСБЕКОВ 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕГІ 
СИПАТЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
В этой статье проанализировано определение предпринимательской деятельности в правовом 
аспекте в соответствии с законодательствoм Республики Казахстан. 
       
The author of the article analyses the definition of business activity by the law aspect in accordance 
with the legislation of the Republic of Kazakhstan. 
 
Кәсіпкерлік қызметті құқықтық тұрғыдан зерттеу мәселесі ғылыми тұрғыда 
әлі  толық  шешімін  таба  қоймаған  өзекті  мәселенің  бірі  болып  отыр.  Соған 
қарамастан  кәсіпкерлік  қызмет  қоғамдық  өмірде  маңызды  мәселеге  айналуда. 
“Кәсіпкерлік  қызметтің  қандайы  болмасын  мемлекеттің  экономикасы  аясынан 
өзіне  тиісті  орнын, дәреже-деңгейін  тапқаны  бүгінде  баршаға  мәлім.  Ал  бүгінгі 
таңда  Қазақстандағы  кәсіпкерліктің  туындап,  дамуы  жүргізіліп  жатқан 
экономикалық  реформалардың  өзегі  ретінде  көрініс  табуда.  Өйткені,  нарық 
экономикасына көшудің  (өтудің)  бірден-бір жолы мемлекет құрылымындағы әр 
түрлі  аяда  қызмет  атқаратын  өндіріс,  кәсіпорындармен  тайталаса  және 
бәсекелесе  алатын,  айтарлықтай  дәрежесі  бар  кәсіпкерлік  құрылымдарын  құру, 
дамыту болып табылады” [1.8].  
Кәсіпкерлік  қызмет  ұғымы  әмбебап  сипаттағы  ұғымдардың  қатарына 
жатады.  Оның  экономикалық,  әлеуметтік  және  құқықтық  категория  ретіндегі 
өзіндік түсініктері бар.  
Кәсіпкерлік  қызметке  қазіргі  тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  оның  ұғымын 
айқындайтын  ерекше  белгілерінің  қатарына,  кәсіпкерліктің  ынталылық  сипаты, 
кәсіпкерліктің  дербестігі,  оның кәсіпкерлік қызмет субектісінің  жеке  тәуекеліне 
негізделуі және кәсіпкерлік қызметтің мақсаты табыс табуға бағытталатындығы 
жатады. 
Қазіргі  кезеңде  кәсіпкерлік  қызмет  еркіндігі  адам  құқықтары  жүйесінде 
ерекше  орын  алатын  бір  бағыттың  көрінісіне  айналуда.  Сондықтан  да, 
кәсіпкерлік  қызмет  еркіндігінің  ұғымын  конституциялық  деңгейде  бекіту  өте 
маңызды  болып  табылады.  Біріншіден,  бұл  кәсіпкерлік  қызмет  еркіндігін  адам 
құқықтарының бір арнасы ретінде бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, 
кәсіпкерлік  қызмет  саласындағы  өрескел  заң  бұзушылықтарға  тойтарыс  беретін 
тетікке айналар еді. 
Кәсіпкерлік  қызмет  бостандығы  -  азаматтардың  өз  тәуекелдері  мен 
жауапкершіліктері  арқылы  жүзеге  асырылатын,  пайда  табуға  бағытталған 
бастамалық  дербес  қызмет  ашу  мүмкіндігі.  Кәсіпкерлік  еңбек  бостандығын 
жүзеге  асыру  түріне  жатады  және  әлеуметтік-экономикалық  құқық  болып 
табылады.  Кәсіпкерлік  қызмет  бостандығы  -  нарықтық  экономиканы 
қалыптастырып,  оны  дамытудың  қажетті  шарттары.  Конституцияға  сәйкес  заң 
тауарларға (жұмысқа,  қызметке)  деген  сұранымдарды  қанағаттандыру  жолымен 
табыс  алуға  немесе  жеке   өзіне   пайда   түсіруге бағытталған, азаматтың өз
  

324 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жүнісбеков Б.Б. Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық реттеу объектісі ретіндегі сипаты және ... 
 
 
меншігіне  негізделіп,  оның  өз  тәуекелі  мен  мүліктік  жауапкершілігі  бойынша 
соның  атынан  жүзеге  асырылатын  жеке  кәсіпкерлікті  не  ұжымдық  меншіктегі, 
тәуекел  мен  мүліктік  жауапкершілігі  заңды  құқығы  бар  мекеме  (ұжымдық 
кәсіпкерлік) атынан жүзеге асырылатын ұжымдық кәсіпкерлікті белгілейді. 
«Жеке адамдар  кәсіпкерлік  қызметті дербес немесе әдеттегідей, Азаматтық 
кодексте  қаралған  белгілі  бір  құқықтық  ұйымдасу  түрлерінің  негізінде  басқа 
адамдармен  бірлесу  жолымен  де  жүзеге  асыруларына  болады»  [2.94-95],  -  деп 
сөздікте көрсетілген.  
Шын  мәнінде,  кәсіпкерліктің  басты  ерекшеліктерінің  бірі  –  өзінінің 
тәуекеліне сүйенетіндігі.  
Қазақстанда  кәсіпкерлік  қызметтің  субъектілері  заң  жүзінде  белгіленген. 
Олар:  Қазақстан  Республикасының  азаматтары мен  заңды  тұлғалары,  сондай-ақ 
шетелдік және заңды тұлға резиденттер болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен 
айналысатын  жеке  тұлға-азамат  заңды  тұлға  құрып  немесе  құрмай  айналыса 
беруіне  болады.  Ал  ұжымдық  кәсіпорындар,  кооперативтер  немесе  әкімшілік-
аумақтың  кәсіпкерлік  қызметтері  өз  меншіктерінің  негізінде  заңды  тұлға  құру 
арқылы  кәсіпкерлікпен  айналысады.  Енді  аздап  осы  кәсіпкерліктің  мәні  мен 
маңызына  тоқталайық.  Бұл  жөнінде  бұрыннан  қалыптасқан  дәстүрлі 
көзқарастардан  бөлек  келешегі  бар  концепцияда  адамның  мынандай  іс-қимыл 
әрекеті өзінің сипатына байланысты мынадай екі негізгі типке: бастапқы базистік 
еркін-ерікті және қондырма еріксіз қызметке бөлінеді делінген. 
Сол бірінші ерікті қызмет кәсіпкерлікке жатады, өйткені ол қызметті жүзеге 
асырушы  тұлғаның  мүддесіне,  жүзеге  асыру  жолдары  мен  әдістерін  таңдау 
еркіне  мақсат  еткен  нәтижесіне  жетуіне,  өзінің  қаражат-мүлкіне  негізделген. 
Бірақ  қанша  ерікті  қызмет  болғанымен  заңда  белгіленген  шектен  шықпаулары 
қажет.  Өйткені,  мемлекет  мүддесіне,  яғни  ұйымдасқан  қоғам  мүддесіне  зиян 
келуі мүмкін. 
Мемлекет  тарапында  жүзеге  асырылатын  қызметтерге  тұлғаның  жұмысқа 
кіруі  ерікті  сипатта  болғанымен,  басқару  қызметті  басқарушы  органның 
мүддесіне соған жету жолында жүзеге асыратын функцияларына, әдістеріне және 
т.б. негізделгендіктен қызмет істеу еріксіз болып табылады [1.14-15].  
Кәсіпкерлік қызмет экономиканың басты элементі болып есептеледі, себебі 
ол  өндіріс  аясындағы  экономикалық  қызмет  ретінде  басқарушы  қызметтен 
ерекшеленеді.  Мемлекеттің  өзі  саяси  биліктің  субъектісі  және  мемлекеттік 
меншік  иесі  болғандықтан  тікелей  шаруашылық  кәсіпкерлік  (коммерциялық) 
қызметтерге  араласпайды,  ол  тек  әзірше  (мүмкіндігінше  толығымен 
жекешелендірілген)  жұмыс  атқарып,  қызмет  көрсетіп  жатқан  мемлекеттік 
кәсіпорындар, шаруашылық ұйымдары арқылы кәсіпкерлік қызметке араласады. 
Бұл турасында ҚР АК-ның 10-бабында дәл айтылған “Кәсіпкерлік - меншік 
түрлеріне  қарамастан,  азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың,  тауарларға  (жұмысқа, 
қызметке)  сұранымды  қанағаттандыру  арқылы  пайда  немесе  табыс  табуға 
бағытталған,  жеке  меншікке  (жеке  кәсіпкерлік)  не  мемлекеттік  кәсіпорынды 
шаруашылық басқару 
құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы
 

325 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жүнісбеков Б.Б. Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық реттеу объектісі ретіндегі сипаты және ... 
 
 
қызметі”. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекелімен және мүлікті 
жауапкершілігімен  жүзеге  асырылады.  Осыған  орай,  кәсіпкердің  кім  екені 
жөнінде  түсінік  бере  кету  қажет.  Кәсіпкер  деп  өз  атынан  және  өз  қаражаттары 
(меншікті  немесе  қарызға  алған)  есебінен  тауарлар  мен  өнімдерді  өндіру,  сату 
немесе сатып алу жөніндегі жұмыстарды орындау және қызмет көрсету арқылы 
пайда  табу  мақсатындағы  қызметті  (кәсіпкерлік  қызметті)  ұдайы  (тұрақты) 
негізде жүзеге асыратын немесе заңды тұлғаны айтамыз [1.24-25].  
Кәсіпкерлік ұғымы жоғарыдағы сипаттамалардың өзінен көрініп тұрғандай 
өте  күрделі  ұғым болып табылады.  Сондықтан да,  әлемдік экономист  ғалымдар 
да,  заңгерлер  де,  саясаттанушылар  да  және  т.б.  мұның  негізгі  анықтамасын 
беруге ұмтылған болатын. Отандық заңгер ғалым Қ.Битеміров өзінің “Қазақстан 
Республикасындағы  кәсіпкерлік  қызметтің  даму  жолдары  және  құқықтық 
негіздері”  атты  зерттеуінде  кәсіпкерлік  қызметінің  түсінігін  беруге  байланысты 
мынандай қорытындыға келеді: “Кәсіпкерлік қызметтің түсінігін әзірлеу бірнеше 
кезеңнен  өтіп,  соңында  жаңадан  қабылданған  ҚР  азаматтық  кодексінен  көрініс 
тауып отыр. Осы жұмыста кәсіпкерліктің (оның ішінде шағын және орта) түсінігі 
шаруашылық  қызметтің  түсінігі  арқылы  ашылып  көрсетілген,  сонымен  бірге 
мынандай келесідей кәсіпкерлікке тән ерекшеліктер: өз еркімен талаптану, пайда 
табуға  тырысу,  соны  мақсат  ете  отырып  қызмет  атқару,  дербестілік  және 
тәуелділік  арқылы  сипатталу  және  т.б.  айқындалған.  Бұл  жерде  баса  назар 
аударатын  бір  жәйт,  кәсіпкерлердің  тікелей-шаруашылық  дербестігі.  Ал 
дербестілік  мүліктік  ерекшеленуге  байланысты  болады,  яғни  жеке  меншіктің 
арқасында  немесе  дербес  мүліктік  жауапкершіліктің  болуы,  өз  атынан  қызмет 
атқарып  өзін-өзі  реттеуі  негізінде.  Тәуелділіктің  кәсіпкерлік  қызмет  аясынан 
орын  алуы  субъективтік  және  объективтік  факторларға  байланысты  болады. 
Осыған  орай  кәсіпкерлік  тәуелділіктің  құрамдас  элементтері  мүліктік  (кәдімгі) 
тәуелділік және коммерциялық тәуелділік болып саналады” [1.122].  
Кәсіпкерліктің  белгілерін  саралай  келгенде,  мынадай  қорытындыға  еріксіз 
тоқталамыз: 
Біріншіден, кәсіпкерлік қызмет дербес жүзеге асырылатын қызметтің түрі. 
Екіншіден,  кәсіпкерлік  қызмет  –  мақсатты,  жүйелі  тұрғыда  жүзеге 
асырылады. 
Үшіншіден, кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің жеке тәуекеліне негізделеді. 
Төртіншіден, кәсіпкерлік жүйелі табыс табуды мақсат етеді. 
Бесіншіден,  кәсіпкерлік  қызметтің  әрқашанда  қоғам  алдында  әлеуметтік 
жауапкершілігі  болады.  Осы  жағдайда  ғана  кәсіпкерлік  қоғамның  қалыпты, 
тұрақты жұмыс істеуіне негіз болатын факторға айналады.  
Мемлекет  тарапынан  кәсіпкерлік  қызмет  еркіндігіне  кепілдік  берілген. 
Кәсіпкерлікті қолдау мен қорғауды мемлекет, мемлекет атынан өкілетті органдар 
қамтамасыз етеді. 
Дәл осы жерде кәсіпкерліктің құқықтық режимі жөнінде айта кетуіміз қажет. 
Негізі қай салада болмасын, құқықтық режимнің екі түрі: жалпыға бірдей  

326 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жүнісбеков Б.Б. Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық реттеу объектісі ретіндегі сипаты және ... 
 
 
рұқсат  етілген,  яғни  диспозитивтік  түрі,  сондай-ақ  рұқсат  беру  арқылы  көрініс 
табатын императивтік түрі белгіленеді. Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық режимі 
тек рұқсат етілген құқықтық реттеу сипатында болады, сондықтан қатысушы екі 
жақ тарап заң жүзінде құқықты. 
Кәсіпкерлік  қызметте  әрбір  жасалатын  әрекет  (іс-қимыл)  жөнінде  арнайы 
нормативтік-құқықтық  акті  қабылдау  арқылы  оны  реттеу  сияқты  қызметтер 
қажет емес. 
Кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыратын  жеке  тұлғалар  заңды  тұлға  құрмай-
ақ,  осы  қызметпен  айналысуға  патент  алған  кезден  бастап  құқылы.  Патент  бір 
мезгілде азаматтың кәсіпкер ретінде тіркелгені жөніндегі куәлік және кәсіпкерлік 
қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензия болып табылады [3.59-60]. 
Кәсіпкерлік  мәселесін  айтқанда,  біз  меншіктен  айналып  кете  алмаймыз. 
Өйткені, кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырудың басты себепшісі немесе факторы 
меншік  болып  табылады.  Осы  жерде  меншік  мәселесіне  тоқталатын  болсақ, 
меншік те күрделі ұғымнан тұрады. Оның элементтері және жүктеу мәселесі де 
проблемалы.  Біз  бұл  жерде,  белгілі  ғалым  М.К.Сулейменовтің  айтуы  бойынша: 
“Ешқандай  меншік  нысаны  болмайды,  тек  меншіктің  түсінігі  және  меншік 
құқығы  ғана  бар.  Біздің  құқықтық  теория  бойынша  меншік  құқығы  мүлікті  өз 
ұйғарымы бойынша пайдалану” [4.74-75], - деген ойына толығымен қосыламыз. 
Сөзімізді 
қорыта 
келгенде, 
кәсіпкерлік 
қызмет 
Қазақстан 
Республикасындағы  маңызды  экономикалық  құқықтардың  жүйесіне  жатады. 
Кәсіпкерлік  қызмет  –  экономикалық,  әлеуметтік  және  құқықтық  құбылыстың 
көрінісінен  тұратын  әмбебап  ұғымның  жиынтығы.  Кәсіпкерлік  қызмет  жеке 
тұлға  мен  заңды  тұлғаның  экономикалық  қызмет  аясындағы  мүмкіндіктерін 
қамтамасыз  етуге  бағытталған,  негізі  пайда  табуға  сүйенетін,  қоғам  алдында 
белгілі  бір  әлеуметтік  міндеттерді  шешуге  бағытталған,  әлеуметтік 
жауапкершілікке сүйенетін, экономикалық мүдделерді қанағаттандыруды негізге 
алатын  конституциялық  мүмкіндіктің  өлшемі  болып  табылады.  Кәсіпкерлік 
қызмет  еркіндігі,  сонымен  қатар,  экономикалық  тұрғыдағы  бәсекелестікке 
негізделетін жеке адамның шығармашылық мүмкіндіктері және шығармашылық 
аядағы  еркіндігі  жүзеге  асатын  жеке  адамның  шығармашылық  мүмкіндіктерін 
қанағаттандыруға бағытталған құқықтар мен бостандықтардың көрінісі де болып 
табылады. 
 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Битеміров Қ.Т. ҚР кәсіпкерлік қызметтің даму жолдары және құқықтық негіздері: - Алматы: 1998. 
– 135 б. 
2.
 
Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі. - Алматы: Жеті жарғы, 1996. - 368 
б. 
3.
 
Қазақстан  Республикасының  Лицензиялау  туралы  2007  жылғы  11  қаңтардың  №  214-III  Заңы  // 
Справочная правовая система ЮРИСТ. 
4.
 
Азаматтық құқық. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық (академиялық курс). Өңделген және 
толықтырылған 2-басылымы. Жауапты ред.: М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы. – 1.Т. – 2003. 
– 736 б. 

327 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
Г.О.МАВЛЕНОВА 
магистрант МКТУ имени А.Ясави 
  
 ПРОБЛЕМЫ ТЕОРИИ И ПРАКТИКИ УСЫНОВЛЕНИЯ (УДОЧЕРЕНИЯ) 
В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН И ЗАРУБЕЖНЫХ СТРАНАХ  
 
Берілген  мақалада  шетелдегі  және  Қазақстан  Республикасындағы  бала  асырап  алудың 
теориясы мен практикасының мәселелері жайында сөз болады. 
 
The author of the article brings forward the idea of researching the problem of adoption in the 
Republic of Kazakhstan and abroad. 
 
Практика  усыновления  насчитывает  многовековую  историю.  Оно  было 
известно  в  Древнем  Риме,  Греции,  племенам  Африки  и  Океании.  Впервые 
упоминание  об  усыновлении  в  законодательстве  встречается  в  Законах 
Хаммурапи,  царя  Вавилона:  "Если  человек  усыновит  малолетнего, 
находящегося  в  пренебрежении,  и  вырастит  его,  то  этот  воспитанник  не 
может быть потребован обратно по суду" [1.20]. 
Необходимо  отметить,  что  первоначальной  целью  усыновления  было 
продолжение 
рода, 
обеспечение 
родителей 
наследниками 
или 
дополнительной  рабочей  силой  в  семье.  Например,  законы  «Ману» 
предусматривали:  "Кому  природа  не  дала  сына,  может  усыновить  себе 
постороннего  с  тем,  чтобы  не  прекращались  могильные  жертвы"  [2.10]. 
Таким образом, усыновление того времени преследовало иные цели, нежели 
обеспечение  ребенка  семьей,  в  наибольшей  степени,  отвечающей  его 
интересам. 
Существовал целый ряд условий, соблюдение которых было необходимо 
для установления усыновления. Условия о возрасте: абсолютное не менее 50 
лет.  Требование  к  разнице  в  возрасте  с  усыновляемым  не  менее  18  лет.  Во 
многих  странах  имело  место  запрет  усыновлять  лицам,  имеющим  родных 
детей,  но  можно  было  усыновить  нескольких  лиц.  Последнее  правило 
действовала  в  Пруссии,  Швейцарии,  Италии.  Усыновителю,  состоящему  в 
браке,  необходимо  было  согласие  другого  супруга.  По  русскому  уложению 
муж  мог  усыновлять  без  согласия  жены,  но  жена  не  могла  усыновлять  без 
согласия  мужа.  Запрещено  было  усыновлять  монахам,  за  исключением  лиц 
белого духовенства, так как они не обрекали себя на безбрачие. В Германии и 
Швейцарии  ребенок  старше  14  лет  должен  был  дать  согласие  на 
усыновление. В Италии лицо не могло быть усыновлено ранее чем 18 лет, во 
Франции – ранее чем 21 год. Кроме того, там для усыновления необходимо 
было согласие родителей, если они имелись у усыновляемого. Такие правила, 
с  одной  стороны,  гарантировали  права  и  интересы  усыновляемых,  с  другой 
же  не  позволяли  усыновлять  малолетних  детей,  особенно  нуждающихся  в 
семейной заботе. Усыновление своих внебрачных детей в  Италии  и Австрии  

328 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет