Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ



Pdf көрінісі
бет183/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   333
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ 

ПРИНЦИПТЕРІ ТУРАЛЫ 

 

ЗҰЛПЫХАРОВА К.О., ЖЫЛҚЫБАЕВА А.О. – магистранттар 

АХМЕТОВА С.Т.- ф.-м.ғ.к 

Шымкент университеті 

 

Мақалада оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі принциптері 

қарастырылған.  Сонымен  қатар,  оқушының  зерттеушілік  қабілетін  дамытуға 

бағытталған есептерге мысалдар келтірілген 

 

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптеріне келесілерді 

жатқызуға болады: 

1.  Өзіндік жұмысты оқу үрдісінің барлық бөліктерінде ұйымдастыру. 

2.  Оқушылардың танымдық үрдістің негізгі кейіпкері ретінде тағайындау. 

3.  Оқушыларға тапсырмалар беру арқылы ойлануларына мүмкіндік беру.  

4.  Оқушылардың  оқуға  деген  талпынысын  өзіндік  жұмысты  ұйымдастыру  арқылы 

дамыту. 



329 

 

5.  Оқушылардың өзіндік жұмысының алға қойылған мақсатының болуы. 



6.  Өзіндік  жұмыс  мазмұны  ғылымның  даму  деңгейіне  сай  келуі,  оқушылардың  оқу 

қажеттіліктерін терең және толық қанағаттандыру. 

7.  Оқушылардың  өзіндік  жұмысы  барысында  репродуктивтік  және  продуктивтік 

оқытуды үйлесімді ұйымдастыру. 

8.  Бақылау жүйесін дұрыс ұйымдастыру.  

Оқушылардың  зерттеушілік  қабілетін  дамытуға  бағытталған  есептерді  қолдануда 

оларды  қиындық  деңгейлеріне  қарай  іріктеу  тиімді.  Өздігінен  зерттеуге  дайындық 

анағұрлым жеңілдеу есептерді шешудің кейбір тәсілдерін игеру барысында жүзеге асады.  

Біртектес  есептерді  шешудің  жалпылама  әдістерін  оқушыларға  игерту  барысында 

олардың  теориялық  ойлауы  дамытылады,  жаңа  білімді  оқушылар  мұғаліммен  бірге 

игереді.  Мұндай  есептерді  зерттеушілік  қызметті  дамытуға  бағытталған  есептер  деп  те 

айтуға  болады,  бірақ  та  зерттеушілік  қызметті  дамытуға  бағытталған  есептерді  тек  қана 

осындай  тар  мағынада  қабылдасақ,  онда  оқушылардың  оқу  іс-әрекеттері    туралы 

білімдерінің  біртұтастығын  қалыптастыра  алмаймыз.  Оқушылардың  бұл  бағыттағы 

білімдерінің  біртұтастығын  қалыптастыру  үшін,  оларды  оқыту  барысында  ізденіс 

жұмысына баулып отыру керек, яғни оқу-зерттеу жұмысын арнайы ұйымдастыру қажет. 

Оқыту үрдісінде оқушыларды өзіндік зерттеуге баулитын есептерге тән үш сәтті Дж. 

Пойа өзінің еңбегінде салыстырмалы түрде бөліп көрсетті . 

 Әдетте оқушы есепті  мұғалімнен немесе оқулықтан дайын түрде алады әрі  мұғалім 

есептің  қаншалықты  оқушыларды  қызықтыратынына  мән  бермейді.  Ал,  зерттеуге  баулу 

міселесін  шешуге  байланысты  есептерді  қарастыруда,  математик  үшін  есептерді  таңдап 

алу  аса  маңызды  болғандықтан  (ол  өзін  қызықтыратын  және  еңбегіне  тұратын,  сонымен 

қатар, оны шығара алатындай есепті табуы немесе ойлап табуы қажет), мұғалім есептерді 

қоюда, есептерді құруда оқушыларды да оған қатыстыратындай әрекет жасайды. 

 Мектеп  оқулықтары  мен  есептер  жинағының  көпшілігіндегі  есептердің  бір-бірімен 

байланысы аз: олар көбінесе қанайда бір нақты ережені сипаттау үшін қолданылады және 

оны  қолдану  тәжірибесін  игеруге  ғана  мүмкіндік  береді.  Ал  ондай  есептерге  қарағанда 

терең  мағыналы  есептер  олардан  жаңа  қызықты  есептер  пайда  болатын  сұрақтарды 

туындатады,  бұл  үрдіс  өз  жалғасын  алдында  қойылған  есептің  тармағы  кеңірек 

мәселелерді қамтығанша жалғасады. 

 Мектеп  тәжірибесінде  «ойлап  табу»  мәселесіне  көп  мән  берілмейді,  ал  кез  келген 

зерттеуде  «алдымен  ойлап  тап,  содан  соң  дәлелде»  -  деген  талапты  ереже  деуге  болады. 

Зерттеу  қабілетіне  баулитын  есептерде  маңызды  рөлді  бақылаулар,  болжаулар, 

индуктивтік ой-қорытулар және т.б. сол сияқты шынайылық бар пікірлер атқарады. 

Дж. Пойа мұндай есептердің оқушылардың ақыл-ойларын қалыптастырудағы, ойлау 

қабілеттерін дамытудағы маңыздылығын  атап көрсетеді. 

Оқушылардың  зерттеушілік  қызметтерін  дамытуға  бағытталған  іс-әрекеттің  негізгі 

мазмұны деп, зерттеушілік қызметті дамытатын есептерді шығаруды дұрыс жолға қоя білу 

мен  оқушылардың  есептерді  өз  беттерімен  шығару  үрдісінде  алған  нәтижелерімен  өзара 

алмасуын  түсінетін  боламыз.  Зерттеушілік  қызметті  дамытуға  бағытталған  есептерді 

шығару барысында оқушыларда негізгі  зерттеу  дағдылары қалыптасады. Бұл үрдісте пән 

бойынша білімдерді игеру және шығармашылық ойлау негіздері жетілдіріледі.  

Мұғалім оқушыларға әр түрлі есептерді шығарту барысында алдына екі мақсат қоюы 

керек: біріншіден – берілген есепті шешу үшін оқушыға көмек көрсету, оны есеп шығаруға 

үйрету;  екіншіден,  оқушы  болашақта  мектеп  бағдарламасындағы  кез  келген  есепті  өз 

бетімен  шығара  алатындай  оның  қабілетін  дамыту.  Бұл  екі  мақсат  сөзсіз  бір-бірімен 

байланысты,  егер  оқушы  өзіне  қиындық  туғызатын  есепті  игере  алса,  онда  ол  өздерінің 



330 

 

есеп  шығаруға  мүмкіндіктерін  өзі  дамыта  алады.  Егер  оқушы  есептерді  шығарудың 



жолдарын  өзідігінен  құра  алмаса,  мұғалім  оларға  бағыттаушы  сұрақтар  қою  арқылы 

көмектеседі.  

 

Кесте1- Проблемалық және типтік есептердің құрылымдық айырмашылықтары  



Параметрлері 

Типтік есеп 

Проблемалық есеп  

Құрылымның 

ерекшеліктері 

 

Есептің  шарты  барлық  қажетті 



ақпараттан тұрады, бастапқы мәні 

және  нәтижесінде  не  шығатыны 

белгілі.   

Есептің  шарты  жаңа  білімді 

алудың  қажет  екені  туралы 

қызығушылық туғызады, себебі 

есепті 

шешуде 


белгісіздік 

туындайды.  

Есепті 

шығарудың 

нақты 

алгоритмі болады.  



Типтік  шешімі  жоқ  немесе  ол 

оқушыға белгісіз болады. 

Оқушының 

есептің 


типін 

анықтауға  және  оны  шешу 

жолдарының  алгоритмін  жүзеге 

асыруға  лайықты  білімі  болуын 

талап етеді.  

Оқушыда  белгісіз  нәрсені  табу 

мүмкіндігінің 

болуы 


қарастырылады. 

Оқушының рөлі   Оқушы  объктінің  рөлін  атқарады 

(есепті белгілі алгоритм бойынша 

шығарады)  

Оқушы ол жеке тұлға (субъект), 

оның 


іс-қимылы  қабілетіне 

байланысты. 

 

Есеп  шығарудың  келесі  кезеңі  –  қорытындылау  кезеңі  болып  табылады.  Мұғалім 



оқушыларға  мынандай  сұрақтарға  жауап  беруді  ұсынады:  «берілген  есептерге  қандай 

байланыстар тән, олар туралы қорытынды жасауға бола ма?». 

Одан әрі оқушылар өздігінен (немесе мұғалімнің басшылығымен) есептің шартынан 

сұраққа  дейінгі  («төменнен  басталатын  талдау»  әдісімен),  сұрақтан  есептің  шартына 

дейінгі («өрлеу талдауы» әдісімен) әрекеттердің логикалық тізбегін құрады. 

Есепті  шығару  кезінде  анализ,  синтез,  қорытындылау  қолданылады,  мұның  өзі 

жоғарғы сынып оқушыларының зерттеушілік қабілетін дамыту тәсілдерін қалыптастыруға 

оң әсерін тигізеді. Ал, оқыту үрдісіне әртүрлі тәсілдермен шығарылатын пәндік есептерді 

енгізу жоғарғы сынып оқушыларының дұрыс  әрекеттерді  таңдай білуін қалыптастырады. 

Бірақ  оқушылар  үшін  негізгі  қиыншылықты олардың  базалық  білімдерінің  деңгейлерінің 

жеткілікті  қалыптаспауы  тудырады,  сондықтан  да  мұғалім  оқушыға  оқудың  алдағы 

кезеңінде алатын білімінің көлемін ұлғайтуға көмектесуі тиіс. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет