Мәтінді есеп және оны шығару



бет1/3
Дата15.10.2023
өлшемі0,64 Mb.
#115253
  1   2   3
Байланысты:
Мәтінді есептер


МӘТІНДІ ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫ ШЫҒАРУ
Есептер балаларда жаңа білімді қалыптастыратын және бұрын игерген білімдерін пайдалану процесінде пысықтала түсетін нақтылы материал больш табылады. Теорияны практикамен, оқытуды өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Есептер шығару балаларда, әрбір адамға оның күнделікті өмірінде қажетті, практикалық білікті қалыптастырады. Есептер шығару арқылы балалар танымдық және тәрбиелік тұрғыдан алғандағы маңызды фактілермен танысады. Математиканы оқытуда есептердің алатын ролі ерекше, оны оқытудың негізгі мақсаты — математикалық есептің белгілі бір жүйесін шешу әдістемесін оқушыларға игерту. Сондықтан есепті шешу — оқытудың мақсаты ғана емес, сондай-ақ құралы. Есеп деп — жауабы арифметикалық амалдың көмегімен табылуы мүмкін болатын, сезбен баяндалған сұрақты түсінеміз, демек есептің сұрағы болады, сұрақсыз есеп болмайды. Сұрақтың жауабын бір гана арифметикалық амалды орындау арқылы шығарып алсақ, ол — жай есеп, ал, екі не одан да көп амалмен шығарылса — құрама есеп деп аталады.
Жұмыстың басты кезеңі — есеп терминін енгізу және есептің құрама бөліктерімен (шарты, сұрағымен) оны талдау және шешу кезеңдерімен таныстыру.
Балаларды есеп шығаруға үйрету — берілген мәліметтер мен ізделіп отырған мәліметтер арасындағы байланысты тағайындау жоне соған сөйкес арифметикалық амалдарды таңдап алу, содан кейін оны орындау.
Есеп шығарудағы мақсат — оқушылар игеруге тиісті біліктегі негізі білім берілген мәліметтер мен ізделіп отырған мәліметтер арасындағы байланысты игеру болып табылады. Оқушылардың бүл байланыстарды қаншалықты жақсы игергендігі олардың есеп шығара білу білігіне байланысты, Осыны ескере отырып. бастауыш сыныптарда шешуі берілген мәліметтер мен ізделінді арасындағы байланыстарға негізделетін, тек олардың нақты мазмұны мен берілген сан мәліметтері жағынан ғана айырмашылығы болатын, бір топ есептермен жұмыс жүргізіледі. Мүндай есептер тобын бір түрдегі есептер дсп атаймыз.
Оның басты мақсаты - балаларды өмірде кездесетін түрлі жағдайлардың, олардың біртіндеп күрделену жағын ескере отырып, берілген және ізделініп отырған мөліметтері арасындағы қандай да бір байланыстарын саналы түрде анықтауға үйрету. Осыған жету үшін мұғалім есептер шығаруға үйрету әдістемесінде қандай да бір мақсаты бар бір кезеңді ескеруі тиіс.
Есепті шешудің 3 кезеңі бар.
Бірінші кезенде мұғалім есептердің қарастырыльш отырған түрін шығаруға дайындық жасайды. Оқушылар осы кезеңде осындай есептерді шығарғанда амалдарды таңдап алатындай байланыстарды игерулері тиіс.
Екінші кезеңде мүғалім оқушыларды есептердің қарастырылып отырған түрін шығарумен таныстырады. Мүнда балалар берілген мәліметтер мен ізделіп отырган мәліметтер арасындағы байланысты тағайындауға және осының негізінде арифметикалық амалдарды таңдап алуға үйренеді, яғни олар есеп түрінде өрнектелген нақтылы жағдайдан тиісті арифметикалық амалды таңдап алуға үйренеді. Осындай жұмыстың нәтижесінде оқушылар қарастырылып отырғанға ұқсас есептерді шығару тәсілімен танысады.
Үшінші кезеңде мүғалім қарастырылып отырған түрдегі есептерді шығара білу білігін қалыптастырады. Оқушылар бұл кезеңде нақты мазмұнына қарамастан, қарастырылып отырған түрдегі кез келген есепті шығаруды үйрене білулері тиіс, яғни олар осы түрдегі есептерді шығару тәсілін жинақтап қорыта білулері керек.
11, Есепті шешу процесі жәие оньщ кезеңдері
Есептермен жұмыс істегенде мына кезеңдердің тәртібін сақтаған жен.
I кезең — есептің мазмұнымен таныстыру;
II кезең - есептің шешуін іздеу;
III кезең - есепті шешу;
IV кезең — есептің шешуін тексеру.
Бұл бөліп көрсетіп отырылған кезеңдер өзара тығыз байланысты, әр кезеңдегі жұмыс негізінен мүғалімнің басшылығьшен жүргізіледі.
Есептің мазмұнымен таныстыру дегеніміз — оны оқып шығып, онда келтірілген жайттардың өмірде болатын жағдаяттарын көз алдына елестету.
Есепті дұрыс оқи білудің маңызы зор: сан мәндерді және амалды тандап алуға қажетті сөздерді, мысалы, “болғаны”, “қалғаны”, “алынғаны”, “бергені” т.с.с. сөздерді баса айту, есепке койылатын сұрақты дұрыс көтере айту.
Есепті оқи отырып оқушылар есепте айтылған мәселелердің өмірде калай болатынын көз алдарына келтіре білулері тиіс. Осы мақсатпен, оқьш болған соң, есепте айтылғанды көз алдарына елестетіп, оның айтып берілуін талап ету керек.
Немесе мынадай сұрақтар арқылы мазмүнын таныстыру:
Есепте не туралы айтылған?
Есепте не белгілі?
Есепте не белгісіз?
Есеп не сұрайды? Сұрағы қандай?
Есептің шешуін іздестіру
Есептің мазмұнымен танысқаннан кейін оның шешуін іздестіруге кірісуге болады: оқушылар есепке кірістірілген шамаларды, берілген сандар мен ізделінетін сандарды айқындай білуі тиіс, берілгеи мәліметгер мен ізделіп отырған шамалардың арасындагы байланысты анықтауы тиіс, сөйтіп осылардьщ негізінде тиісті арифметикалық амалдарды таңдап ала білулері тиіс.
Жаңа түрдегі есепті енгізгенде оның шешуін табу жұмысына мүғалім басшылық жасайды, сонан кейін мүны оқушылар өздігінен орындайды. Екі жағдайда да балалардың шамаларды, берілгенді және ізделіп отырған сандарды саралап бөлуге көмектесетін, олардың арасындағы байланыстарды тағайындайтын арнайы әдістер пайдаланылады. Мұндай әдістерге есептерді иллюстрациялау, есептерді қайталау, есеші шығару жоспарын талдау және оны құру жатады.
Осы әдістердің әрқайсысын қарастырамыз.
Есепті иллюстрациялау — есепке енген шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандарды саралай білу үшін, сондай-ақ олардың арасындағы байланысты анықтау үшін көрнекілікті пайдалану.
Иллюстрация сурет түрінде немесе схема түрінде болуы мүмкін.
Бірінші жағдайда иллюстрация ретінде есепте сөз больш отырған нәрселердің өзі немесе олардың суреттері пайдалануы мүмкін, солардың көмегімен тиісті амалдар иллюстрацияланады.
Нәрсені көрсете отырып түсіндіру, есепте айтылған, өмірде болатын жағдайларды балалардың көз алдына жақсы елестетеді не көмектеседі, ол есепті шығару үшін қандай амал таңдап алуы керектігін көрсететін болады. Нәрсені иллюстрациялап түсіндіруді есептің жаңа түрін шығарумен таныстырғанда пайдаланады.
Нәрсені иллюстрациялаумен қатар схема түрінде түсіндіру де пайдаланылады, ол — есепті қысқаша жазу.
Қысқаша жазуды ыңғайлы түрде амалдар, берілген және ізделіп отырған сандар, сондай-ақ есепте не туралы айтылғанын көрсететін кейбір “бар еді”, “тағы қосылды”, “болды”, т.с.с. жөне қатынастарды көрсететін “артық”, “кем”, “бірдей” т.с.с. сөздер жазылады.
Есептің қысқаша жазуын кестеге, сызба түрінде де жазуға болады.
Жай түрдегі есепке талдау жасағанда мұғалім әрбір дербес жағдайда балаларға арифметикалық амалдарды дұрыс жөне саналы түрде таңдап алатындай сұрақтар қою керек.
Мысалы, Самат 7 балық, ал Марат одан 2 балық кем аулады. Балалар барлығы неше балық аулады?
Талдау: Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма?/ Болмайды/Неліктен болмайды? /Себебі, Мараттың қанша балық аулағанын білмейміз./Ал оны табуға бола ма? /Болады/ Қандай амал қолданамыз?/Азайту/ Енді есептің сұрағына жауап беруге бола ма?/ Болады/ Қандай амал қолданамыз?/Қосу/.
Қысқаша белгілеуі:
Самат —7
Марат -?,2к. ?
Жауабы: 12 балық.
Жатгығу
1. Мына есептердің шарты мен сұрағын ажырат, шығар:
1) 72 км жердегі лагерге екі автобус шықты. І-ші автобус ІІ-ші
автобусқа қарағанда 15 мин ерте келді.
Әр автобустың жылдамдығы қандай, егер бір автобустың жылдамдығы ІІ-нен сағатына 4 км-ге артық болса?
2) Тік төртбүрыштың қабырғаларын тап, егер біреуінің ұзындығы ІІ-нен 14 см-ге ұзын, ал диагоналы 34 см-ге тең болса.
2. Есепті шығар;
Егер үйден вокзалға дейін автобуспен барса және қайтарда жаяу жүрсе, онда барлық жолға 50 минут уақыт кетеді. Егер вокзалға және қайтарда автобуспен жүрсе, онда барлық жолға 20 минут жұмсалады.
Барлық жолға қанша уақыт жұмсалады, егер үйден вокзалға және қайтарда жаяу жүрсе?

Бастауыш сынып оқушыларына мәтіндік есептерді шығару біліктілігін қалыптастыру


Күнделікті өмірімізде кездесетін кез келген істі орындау үшін қарапайым математикалық есептерді шығаруға тура келеді.
Математикалық теорияны меңгеретін, шығармашылық және өзіндік ойлау қабілетін дамытатын оқу іс-әрекетінің маңызды түрі –математика есептерін шығару. Сондықтан оқытудың тиімділігі көбінесе есеп шығаруды үйретуді ұйымдастыру әдістемесіне байланысты.
Л.М.Фридман және Е.Н.Турецкий «есеп шығару дегеніміз не?» деген сұраққа олар есепті қолға алғаннан басталып, оның шығаруын толық аяқтағанға дейінгі үдеріс,-деп тұжырымдайды [1]. Ал бұл үдеріс бірнеше кезеңнен тұрады:
1-есепті талдау;
2-есепті сызба түрде беру;
3-есепті шығару тәсілін іздестіру;
4-есептің шығаруын іске асыру;
5-есептің шығаруын тексеру;
6-есепті зерттеу;
7-есептің жауабын жазу (айту);
8-есептің шығаруын талдау екендігін атап көрсетеді.
Есепті шығару үдерісінде маңызды екі элементтін бөліп көрсетуге болады: есепті ұсыну немесе беру (айтып беру, жазып беру); шығаруды іздестіру.
Есеп шығаруды іздестіру оның берілу тәсіліне байланысты. Есепті дұрыс оқи білудің маңызы зор, сан мәндері мен амалды таңдап алуға қажетті сөздерді баса айту және есепке қойылатын сұрақты дұрыс дауыс көтере айту. Бастауыш сынып математикасында сынып жоғарылаған сайын есептер мәтін түрінде беріледі. Олардың кейбіреулері бір амалмен, ал қалғандары екі, үш амалмен шығарылатын

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет