Ғылыми зерттеу жұмысы Тақырыбы: «Химияның негізгі стехиометриялық заңдары және химиядағы сандық есептеулерге қолдану әдістемесі»


Химиялық сандық есептеулер әдістемесі



бет4/4
Дата22.12.2022
өлшемі25,7 Kb.
#59091
1   2   3   4
Химиялық сандық есептеулер әдістемесі
химия әдістемесі бойынша оқу көмекші құралдарында, есептерді шығару бойынша арнайы әдістемелік көмекші құралдарды және мақалаларда есептерді жіктеудің әртүрлі нұсқалары келтіріледі. Жалпы қабылданған классификация екіге бөлінеді: сандық есептер мен сапалық есептер. Әр топ өз кезегінде типтерге бөлінеді. Бірақ типтердің мәнділігі жайлы да сандық жайлы да ортақ көқарас жоқ. Есептерді типтерге бөлудің классификациялаудың үш нұсқасын қарастырып барып ажыратамыз. Химиялық сандық есептерді шартты мынадай үш топқа бөлуге болады:
1. заттардың химиялық формулалар немесе қорытынды формулаларын қолдану арқылы шығарылатын есептер
2. химиялық реакция теңдеулерін қолдану арқылы шығарылатын есептер
3. Заттардың ерітінділермен байланысты берілген есептер.
Осы топтардың әрқайсысына әртүрлі есеп түрлері кіргізіледі, мысалы бірінші топқа күрделілігіне байланысты бөліп көрсетуге болатын 15 түрге жататын есептер:
1. қосылыстың салыстырмалы молекулалықмассасына есептеу жүргізу
2. заттардағы элемент массаларының қатынасын есептеу
3. қосылыстағы элементтің массалық үлесін анықтау
4. құрамында берілген әлемент бар, элементтің белгілі массасы бойынша есептеу жүргізу
5. заттың массасын оның құрамындағы элемент массасы бойынша есептеу
6. газдың салыстырмалы тығыздығын анықтау
7. газдың салыстырмалы молекулалық массасын оның салыстырмалы тығыздығы арқылы табу.
8. зат санын оның массасы арқылы есептеу
9. заттың белгілі саны бойынша массасын есептеу
10. қосылыстағы элементтердің массалық үлесі бойынша қарапайым зат формуласын есептеу
11. заттың молекулалық формуласын оның құрамындағы элементтердің массалық үлесі мен салыстырмалы газ тығыздығы арқылы есептеу
12. зат формуласына жану өнімдері массасы белгілі болғанда есептеу жүргізу
13. массасы, саны және көлемі бойынша зат бөлшегі санын есептеу
14. көлемі бойынша газтектес заттың массасын анықтау
15. массасы, саны бойынша газтектес заттың көлемін анықтау
Әр түрлі типтегі есептердің арасында шығару жолы бірдей есептер болады. Бұл өзара кері деп аталатын есептер өзара кері түсініктері арасындағы түсінуге қажетті, салыстыру мен жалпылау жүргізуге қажет. Тура және кері есептер түсініктері шартты және оларды бірлікте қарастыруға болады. Кез келген кері есептер егер бұл есептің берілгені ізделетін шама болып, ал тура есептің шамасы кері есептің шарттарына кіреді.
Қорытынды
Химияның ғылым ретіндегі аныктамасын алғаш рет М. В. Ломоносов айтқан: «Химия ғылымы денелердің қасиеттері мен өзгерістерін, денелердің құрамын, химиялық өзгерулер кезінде заттарға не болатындығының себебін түсіндіреді». Химияның жаңа және ең дәл анықтамасын 1871 жылы Д. И. Менделеев өзінің осы пәнді алғаш оқып үйренушілерге арнаған әйгілі « Химия негіздері» атты кітабында берген. Менделеевтің айтуынша, химия дегеніміз элементтер мен олардың қосылыстары туралы ілім. Химияның алдында экологиялық проблемаларды шешуде үлкен міндеттер түр. Себебі: көбінесе қоршаған ортаның ластануы - химиялық заттармен шамадан тыс ластанудың, ал қоршаған ортадағы өзгерістер - химиялық және физика-химиялық процестердің нәтижелері болып табылады Осыған байланысты химияның алдында тұрған өзекті міндеттер:
1. Қоршаған ортаның өзгеруіне әкеліп соғатын процестердің химизімін
2. Қоршаған ортаның құрамын үздіксіз бақылаудың физика-химиялық әдістерін іздестіру және ұсыну.
3. Қалдықсыз жаңа технологияларды ұсыну.
4. Экологиялық таза отынның түрлерін іздестіру.
5. Өндіріс орындары пайдаланған суды тазарту және атмосфераны ластайтын газдарды залалсыздандыру әдістерін ұсыну.
6. Қоқыс-қалдықтарды қайта өңдеу технологияларын ұсыну.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. М.Қ.Құрманәлиев «Химияны оқытудың қазіргі технологиялары», Алматы,2009ж


2. Ғаламтор материалдары
3. К. А. Аханбаев.
4. Б. Өтелбаев «Химия 1»
5. Б А. Бірімжанов. Н. Н. Нұрахметов.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет