Ғылыми зерттеу жұмысы Тақырыбы: «Химияның негізгі стехиометриялық заңдары және химиядағы сандық есептеулерге қолдану әдістемесі»


Гей-Люссактың көлемдік қатынастар заңы. Авогадро заңы



бет3/4
Дата22.12.2022
өлшемі25,7 Kb.
#59091
1   2   3   4
Гей-Люссактың көлемдік қатынастар заңы. Авогадро заңы.
Көлемдік қатынастар заңы әрекеттесуші газдардың көлемдерінің бір-біріне және олардың әрқайсысының реакция нәтижесінде түзілген газ тәрізді өнімдердің көлемдеріне қатынасы кіші бүтін сандар қатынасындай болатындығын сипаттайды. Мысалы, H2+Cl2=2HCl әрекеттесуші сутек пен хлор және реакция нәтижесінде түзілген хлорсутек газдарының көлемдерінің бір-біріне қатынасы ең кіші бүтін 1:1:2 сандарының қатынасындай. Көлемдік қатынастар заңын 1808 ж. француз ғалымы Гей-Люссак (1778 – 1850) ашқан. Бұл заң, біріншіден, молекулалардан да кіші бөлшектердің бар екендігіне көз жеткізсе, екіншіденАвогадро заңының ашылуына себепкер болды.
Реакцияға түскен және шыққан заттар газ күйінде болатын үрдістердің теңдеулерін жазып көрелік:
2СО + O2 = 2СO2
Теңдеуде берілген заттардың зат мөлшерін жазсақ, ол 2:1:2 қатынасындай болатынын көреміз. Енді осы газдардың қалыпты жағдайда көлемдерінің қатынастарын алсақ:
V(CO) : V(O2): V(СO2) = 44,8 : 22,4 : 44,8 = 2:1:2.
Сонда 2СО+ O2 = 2СO2
Осы мәліметтерге қарасақ, заттардың көлемдерінің қатынастары теңдеудегі газдардың формулаларының алдындағы коэффициенттерінің қатынасындай болады екен. Бұл заңнан шығатын қорытынды: есеп шығарған кезде көлемдер қатынасы үшін газдардың формулаларының алдындағы коэффициенттер қатынасын алуға да болады.
Авогадро заңы — идеал газға қатысты негізгі заңдардың бірі; температурасы (Т) мен қысымы (p) бірдей әр түрлі газдың бірдей көлеміндегі (V) молекулалар саны да бірдей болады. Оны 1811 жылы Италян ғалымы А. Авогадро (1776 — 1856) ашқан. АВОГАДРО ЗАҢЫ бойынша 1 кмоль-ге тең кез келген идеал газ қалыпты жағдайда (р=101325 Па=760 мм сынап бағанасы және Т=0 C) 22,4136 м³ көлемді алады. Ал 1 мольдегі молекула саны Авогадро тұрақтысы деп аталады.
Дальтон элементтер бірмен-бірі қосылысқанда қандай салмақ мөлшеріне қосылысады деген мәселені зерттеу үстінде 1803 жылы химияға эквивалент (ол кезде қосылғыштың салмақ) деген ұғым енгізді.
Элементтің химиялық эквиваленті немесе эквиваленттік факторы дегеніміз 1 моль атом сутекпен қосылыса алатын немесе химиялық реакция кезінде соның орнын баса алатын салмақ мөлшері.
Эквиваленттік масса дегеніміз заттың бір ғана эквивалентінің массасы, өлшемі г/моль.
Химияға эквивалент түсінігінен кейін эквивалент заңы енді.
Анықтамасы:
«Элементтер және қосылыстар бірімен-бірі химиялық эквиваленттеріне пропорционал салмақ мөлшерінде реакцияланады». Эквивалент заңының математикалық өрнегін қорытып шығару үшін, заттың эквивалент мөлшері деген ұғымға тоқталалық. Эквивалент зат мөлшері дегеніміз – берілген заттың, мәселен В затының, массасының (m) оның эквиваленттік молярлы массасына Э) қатынасы.
Масса Тұрақтылық Заңы, масса сақталу заңы - реакцияға қатысқан заттар (реагенттер) массаларының қосындысы реакция нәтижесінде түзілген заттар (өнімдер) массаларының қосындысына тең. Химиялык реакция кезінде реакцияға түскен заттардың молекулалары бұзылып, оны кұраушы атомдар басқаша топтасып жаңа молекулаларды түзеді. Реакция барысында атомдардың сандары өзгермейді, сондықтан олардың массалары да өзгермеуге тиісті.
Реакцияға қатысқан заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең болады. Бұл тұжырым зат массасының сақталу заңы деп аталады.
Оны тәжірибе жүзінде орыс ғалымы М.В. Ломоносов 1748 жылы ашқан, ал француз ғалымы А. Лавузье де 1789 жылы осындай қорытындыға келген. Бұл заңның жаратылыстану ғылымдары үшін маңызы өте зор, химия ғылымында сандық катынастарды пайдаланудың өзі осы заңға негізделеді.
1. Барлық химиялық теңдеулер осы заңның негізінде кұрылады.
2. Бүл заң жаратылыстың жалпы заңының бір көрінісі: жоқтан бар пайда болмайды, бар нәрсе із-түзсіз жоғалып кетпейді.
3. Осы заңды пайдаланып, сандық есептер шығаруға болады.
1774 — 1789 жылдары француз химигі Антуан Лавуазье, өзі жасаған күрделі тәжірибелерге сүйене отырып, тұжырымдаған. Мыс., 32 г оттек пен 4 г сутек қосылғанда 36 г су түзіледі; 2Н2+О2=2Н2О. Мұндағы реакцияға түскен реагенттердің жалпы массасы реакция нәтижесінде түзілген өнімнің массасына тең.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет