ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
42
Ал өзінің төл әліпбиі мен емле (жазу)
ережелері, нормалары
қалыптаса қоймаған ұлттың уақытша пайдаланып отырған әліпбиі
(қазіргі біздің “орысшақазақша” әліпбиіміз) арқылы хатқа түскен бөтен
тілдік қоғамдықсаяси сөздер мен ғылыми аталымдар (терминдер)
тіл бұзарлық әліпбидің кесерінен өзгеріске ұшырамай қолданыла
береді. Сол себептен ұғымтүсініктердің атаулары алғашында қай
тілден келсе, сол тілде жазылыпайтылатыны – төл әліпбиі мен емлесі
қалыптаспаған қай тілге болсын тән құбылыс (қазақ
тілі дыбыстық
жүйесі әбден сараланып, толық қалыптасқан. Тек оған өзге тілдік
дыбыстар зорлықпен енгізілген).
Әйтсе де өзге тілдік сөздердің түртұлғасының өзгешелігіне, яғни
лингвомәдениеттік танымтүсінікке қайшы келетіндігіне байланысты
олардың бөтендігі әрдайым сезіліп тұрады. Себебі өзіндік жазу дәстүрі
әлі қалыптаса қоймаған немесе кеш қалыптасқан тілдің де мыңдаған
жыл бойы ауызша қалыптасқан әдеби тілінің табиғи бітімболмысы,
өзіндік заңдылығы мен жүйесі, сан ғасырлар бойы қалыптасқан әдеби
нормасы басқа тілдің дыбыстары мен дыбыс тіркесімдерін (сөздерді)
сол қалпында жазыпайтуды әрдайым жатырқап тұрады. Әрине,
тілдегі бұл үрдіс оның дыбыстық жүйесіне өзгетілдік дыбыстар енбей,
өзгетілдік дыбыстар мен дыбыс тіркесімдерінен тұратын өзгетілдік
сөздермен сөздік құрамы әлі толықтай былғанып, бүліне
қоймаған
кезде анық байқалады.
Осыны терең түсінген А. Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басында
ақ, қазақтың ежелден ауызша қалыптасқан дыбыстық жүйесін
негізге ала отырып, араб әліпбиіне негізделген бұрыннан келе
жатқан ескіше жазуды түбегейлі өзгерту (реформалау) арқылы
жаңа әліпби құрастырды. Оның жаңа әліпбиі қазақ тілінің
дыбыстық жүйесіне негізделіп, тоғыз дауысты (аә, оө, ұү, ыі,
е) және он тоғыз дауыссыз (б, п, д, т, г, ғ,қ, к, ж, з, ш, с, й, л,
м, н, ң, р, у) дыбыстардан құралды. Сол себептен арабша әріп
таңбалармен жазылып келген түркілік сөз үлгілері
мен қалың
жұртшылыққа түсініксіз арабпарсы сөздерінің бұрынғыша
жазылуына тосқауыл қойылды.
А. Байтұрсынұлының араб жазуын қазақ тіліне икемдеген
нұсқасы сол кездегі мамандардың көпшілігінің көңілінен
шығып, қалың қауымның ыстық ықыласына бөленді. Ал қазіргі
уақыт тұрғысынан қарап бағаласақ, бұл әліпби туралы қазақ тіл
білімінің көрінекті ғалымы, ф.ғ.д.,
профессор, ҚР ҰҒА академигі Р.
Сыздық былай дейді: “А. Байтұрсыновтың араб жазуын қазақ тіліне
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 35 - 44
ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
43
икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы
ешбір даудамайсыз қабылдады. Себебі, Байтұрсыновтың алфавитке
жасаған реформасы әрі қазақ тілінің табиғатына сүйеніп, әрі ғылыми
негізде жасалған болатын” [6, 9 б.].
Демек, тіл арқылы ұлттық болмысты танып білу үшін немесе
мәдениетаралық қарымқатынас аспектілерінде қарымқатынастық
(коммуникативтік) біліктілікті қамтамасыз ету үшін
қазақ тілі
дыбыстық жүйесінің өзіндік ерекшелігіне де аса мән беру керек.
“Қазақ тілі негізінен ауызша дамыды: қазақтың қанына ананың ақ
сүтімен еніп, жанжүрегін ананың үнімен тербетті, ауыл арасанда ер
жетті, аттың жалы, түйенің қомында жетілді, жыр боп шалқып, нұр
боп қалықтады” [7, 7 б.]. Сондықтан да өзгетілдік сөздерді (қоғамдық
саяси лексика мен ғылыми аталымдарды) қазақ тілі Ресейдің боданында
қалып, оның орыстандыру саясатына душар болғанға дейін өмір
бақи өгейсіп, олармен күресіп, өз сөзіне айналдырумен өмір сүріп,
жетіліп келген еді. Бұдан шығатын қорытынды, қазақ тіл білімінің тіл
мәдениеттану (лингвомәдени) саласы бойынша зерттеулерді өрістете
отырып, оның дыбыстық жүйесін лингвомәдениеттік тұрғыдан қайта
қарауға мән беру керек.
ӘДЕБИЕТ
[1] Кунанбаева С.С. Современное иноязычное образование:
методология и
теории. – Алматы, 2005.
[2] Кунанбаева С.С., Иванова И.А., Кульгельдинова Т.А., Кармысова М.К.
Языковое образование в условиях уровневого овладения языками триединства:
теория и практика. Монография. – Алматы, 2014.
[3] Әлметова Ә.С. Үштұғырлы тіл саясаты // Айқын. – 2015. № 228 (2860).
[4] Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992.
[5] Омарбеков С., Жүнісов Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. – Алматы:
Мектеп, 1985.
[6] Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов (Өмірі мен қызметі туралы). Алматы:
Ана тілі, 1992.
[7] Сапархан М. Қазақ тілінің айтылым сөздігі. – Алматы: “Сөздіксловарь”,
2001.
Достарыңызбен бөлісу: