Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы


Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемнің түркі тіл білімінде зерттелуі



Pdf көрінісі
бет16/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   159
 

2.5 Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемнің түркі тіл білімінде зерттелуі  

Түркі  тілдері  синтаксисін  зерттеуге  арналған  еңбектерде  көп  компонентті  салалас 

сөйлемнің зерттелу деңгейінің әртүрлілігі.  

 

Көп  компонентті  салалас  құрмалас  сөйлем  әр  түркі  тілінде  өзінше  атауға  ие  болуы. 



Мысалы, татар тілінде "куп тезмәле кушма жумлэ", өзбек тілінде "богланши йули билан тузилган 

мураккаб кушма гаплар", қарақалпақ тілінде "көп компонентли дизбекли қоспа гәп" т.б.  

 

Татар тілі синтаксисін зерттеуші М.З.Зәкиевтің сөйлемнің бұл типіне терең талдау жасауы, 



анықтама беріп, оның құрылымына байланысты түрлерін топтап көрсетуі.    

Өзбек  тілі  синтаксисінде  көп  компонентті  салалас  құрмалас  сөйлем  туралы  пікір 

Г.А.Абдурахманов еңбегінде кездесетіндігі. Оның бір құбылысты түрлі-түрлі атаумен беруі:  

1) периодтың күрделенген типі,  




14 

 

2) күрделенген құрамды құрмалас сөйлем, 



 3) күрделенген период,  

4) күрделенген типті құрмалас сөйлем.  

 

Қарақалпақ тілі синтаксисін  зерттеуші А.Нажимовтің  көп компонентті құрмаласты үшке 



бөлуі:  

1) көп компонентті бағыныңқы сабақтас құрмалас,  

2) аралас құрмалас,  

3) көп компонентті салалас құрмалас (көп компонентли дизбекли қоспа гәп). 

 Бұл  тілде  "компонент"  ұғымы  жекелеген  жай  сөйлемге  сәйкес  қолданылуы. 

Компоненттердің  мағыналық  топтарға  бірігетіндігін    сонан  соң  ғана  құрмалас  сөйлем 

құрайтындығын аралас құрмалас сөйлем туралы баяндау барысында ғана атап кететіндігі. Еңбекте 

қарақалпақ тіліндегі көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдерді компоненттерінің арасндағы 

мағыналық  қатынастары  бойынша  айырым  топтарға  жіктеуге  келе  бермейтіндігі,  бір  бүтіннің 

ішіндегі  компоненттердің  мағыналық  қатынастары  әр  қилы  келетіндігі  сөз  болуы.  Қарақалпақ 

тіліндегі материалдардың негізінде көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдерді мынандай екі 

түрге бөліп көрсетуі:  

1) компоненттері мағыналық жағынан тең қатынаста болатын түрі,  

2)  көп  компонентті  салалас  құрмалас  құрамындағы  компоненттердің  біреуі  (көбінесе, 

біріншісі) жалпы мәнде келіп, қалғандары соны түсіндіреді.  

Қарақалпақ  тіліндегі  көп  компонентті  салалас  құрмалас  сөйлем  туралы  М.Дәулетовтің 

пікірі.   

 

Қырғыз тілі грамматикасында чечме суйлөмдер деп аталатын құрмалас сөйлемнің жеке бір 



түрі  сөз  етілетіндігі.  Бұл  сөйлем  құрылымы  жағынан  да,  құрамына  құрмалас  сөйлемді  де,  жай 

сөйлемді  де,  бірыңғай  мүшелі  сөйлемді  де  енгізе  алу  мүмкіндігімен  көп  компонентті  салалас 

құрмалас сөйлемдерге ұқсастығы. 

 

 



Азербайжан тіліндегі көп компонентті құрмалас сөйлем туралы пікір айтқан ғалымдардың 

бірі  З.Х.Таги-Заденің  пікірлері.  Оның  құрмалас  сөйлем  құрамындағы  компоненттердің  саны 

екеуден  асса,  онда  бұл  сөйлем  күрделенген  құрмалас  болып  танылуы  керектігін  сөз  етуі. 

Автордың  ойынша,  мұндай  сөйлемдер  тұйық  қатар  түзеді  және  ол  белгілі  бір  жолдар  арқылы 

жүзеге асады:  

1) асинтетикалық сөйлемдерде (жалғаулықсыз салалас құрмаласта) компоненттерге ортақ 

аффикстердің тек соңғы компонентте сақталуы арқылы

 2)  аналитикалық  сөйлемдерде  (жалғаулықты  салаласта)  соңғы  компоненттің  алдынан 

жалғаулықтардың келуімен,  

3)  аналитикалық  салаластың  соңғы  компонентінің  жұп  жалғаулықтарымен  және 

демеуліктер арқылы келуі т.б.  

Азербайжан тілі синтаксисінде салалас сөйлем құрамында жай және құрмалас сөйлемдер, 

оның ішінде салаласы да, сабақтасы да келе беретіндігі. 

 

Г.А.Байрамовтың салалас компоненттерінің неден құралатындығына қарай, оны мынандай 



түрлерге ажырататындығы: 

 1) сабақтас құрмалас сөйлемдерден тұратын салалас,  

2) сабақтас құрмалас пен жай сөйлемнен тұратын салалас, 

          3)  жай  сөйлемдерден  болатын  салалас  құрмалас.    Ғалымның  салалас  құрмалас  құрамында 

сабақтас байланыстың келетіндігін көрсетуі.  

 

У.Б.Алиев қарашай-балкар тіліндегі салаласты үлкен екі топқа жіктеуі: 



 1)  компоненттері  жай  және  күрделі  құрылымда  келетін  бір  синтаксистік  орталыққа  ие 

салалас құрмалас, бұл сөйлемде тек екі бөлік болады,  

2)  компоненттері  жай  не  күрделі  құрылымда  келіп,  үш  не  онан  да  көп  бөліктерден 

құралған,  екі  не  онан  артық  синтаксистік  орталыққа  ие  салалас  құрмалас  сөйлем.  Авторша,  бұл 

салаластың  компоненттері  сапасында  жай  және  құрмалас  сөйлемнің  қай  түрі  де  келе  алады. 

Қарашай-балкар тіліндегі салаласты автордың былайша топтауы: 

 1) жай сөйлемдерден тұратын салалас,  

 2) атаулы және екі құрамды жай сөйлемнен тұратын салалас,  

3) жай және құрмалас сөйлем тіркесуінен жасалған салалас,  

4) екі салалас құрмаластан тұратын,  

 5) жай және сабақтас құрмаластан жасалған,  

 6) екі сабақтаспен келген,  




15 

 

 7) сабақтас және салалас құрмаластардың өзара салаласуынан тұратын құрмалас.  



У.Б.Алиевтің  пікірлері,    құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  арасындағы  қатынасты  екі 

үлкен типке бөлетіндігі, қалғандарын соның ішіне енгізуі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет