Философия ғылымдарының докторы, профессор Ғабитов Тұрсын Хафизұлының «Мәдениеттану» пәнінен лекциялар жинағы


сұрақ.«Рухани жаңғыру» ұстанымы ұлттық идея ретінде»



бет46/50
Дата17.03.2023
өлшемі307,1 Kb.
#75216
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
Дәріс- Мәдениеттану

2 сұрақ.«Рухани жаңғыру» ұстанымы ұлттық идея ретінде»


2014 жылы 11 қараша күні Қазақстан халқына арнаған өзінің «Нұрлы Жол» Жолдауында Президент Н.Ә. Назарбаев ел тағдырын алдағы күрделі жылдарда айқындайтын терең идеяларды ұсынады. Экономикалық
мәселелерді айта келе, Елбасы, бұрын өзі ұсынған, ««Рухани жаңғыру» ұстанымын ұлттық идея ретінде тағы да дәлелдеп береді: «Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы».
Елбасының ойына сүйенсек, ұлттық идея тек бүгін пайда болған жаңалық емес, ол миллиондаған адамдардың өздерінің міндеттерінің түсінуінің жемісі болып табылады. Біздің міндетіміз – қоғамның көп ұлттылығын тұрақты бірлестіруші факторға айналдыру, яғни мықты ұлттық идея қалыптастырып, бүкіл халықтың арман-мүддесін жүзеге асыру. Елдер мен елдердің, ұлттар мен этностардың мақсат мұраты ескерілмеген жағдайда, бір елдің екінші елге дұрыс қарамауы, бір халықтың екінші халықты кемсіту, намысын қорлау, бір тілдің екінші тілді қыспаққа алу, бар болмысын, құндылықтарын аяқ-асты ету орын алса, ұлттық идеяға қауіп төнері анық. Сондықтанда ондай өрескелдікке жол бермеуіміз керек. Сол себепті еліміздің ұстанымы өз-ара тату, бейбіт өмір сүру, ауызбіршілік, ынтымақтастықта әр халықтың рухани үйлесімділігін сақтап, еліміздің абыройын асқақтата отырып, әлемдік деңгейге көтеру үшін елімізідің әр бір азаматы бойындағы бар күш жігерін салып, жаңа заманда жаңаша өмір сүруі қажет.
Ол үшін Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» Жолдауындаы білім саласына да назар аударып, ел болашағы жастардың білім деңгейінің әлемдік стандартпен тең болу керек екендігіне зор көңіл бөлгендігі аса қуанышты жағдай екені баршаға аян. Ел болашағын тереңнен ойлай білу үшін ұлттық идеяның өзегі ретінде қазақтың тілін, рухын, мәдениетін көтеру міндет. Бұл ұлттық мүдде мен ұлттық идеологияның астасар тұсы. Ұлттық идеология туралы әңгіме, ең алдымен, қазақ мемлекеті туралы әңгіме. Бүгінгі ұлттық идеология - ұлттық мемлекет құру. Ал, кез-келген мемлекетте ең алдымен мемлекеттік идеология жүреді. Бұл идеология мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатын пәрменді жүргізуге бағытталған ең басты қаруы, ең басты қондырғысы. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның негізігі идеясы – Ел Тәуелсіздігін баянды ету, халықтық, ұлттық бірлікті нығайту, әлеуметтік, экономикалық жағдайларды жақсарту, көрші елдермен тату-тәтті өмір сүру, Республикаға сырттан инвестиция тарту сияқты аса маңызды мемлкеттік мүдделерді жүзеге асыруға бағытталады. Біздің мемлекетік идеологияның ауқымы 2030- ға дейін аралықты қамтып жатыр.
Бүгінгі заман - мәдениеттердің жаһандану кезеңі. Жаңа сапаға көшер алдындағы, яғни, өз дамуының ең биік сатысы - біртұтас адамзаттық өркениеттке құйылар алдындағы қарбалас шағы. Жаһандану - өркениеттің кезекті даму сатысы. Қазіргі әлемдік мәдениет пен өркениетте ерекше ықпал тигізіп отырған жаһандану-өмірдің барлық салаларын қамтып отырған күрделі процесс. Ол дүниежүзілік адамзат қоғамының даму заңдылықтарын
айқындайтын факторлардың бірі ретінді қоғамда тіл мен дінімізге, рухани кеңістігімізге әсер етеді.
Қазақ елі еркіндікке бет түзеді. Бұл, сөз жоқ, жаһандану алып келген игілікті, табысты өзгерістер. Халықтар өзінің бұрынғы, бүгінгі, ертеңгі-әр кездегі дамуын терең тануда өзіндік бағыт-бағдар алды. Әр халықтың өркениет әлеміндегі орнын білу мүмкіндігіне ие болып қалыпты жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етеді.. Біздің әлемдік өркениетке қол жеткізуімізге мүмкіндік туды. Бұл орайда әлемдік өркениеттің өрісне шыққан, дамудың сара жолына түскен елдердің тәжірибесіне баса назар аудара отырып, өз жолымызды табудың маңызы зор болмақ. Демек, біз, таяудағы жылдарда дәстүрімізге сай халықтық қалпымызға оралып, әлемдік білімді игеруге қол жеткізу арқылы біздің де өркениетті елдердің қатарына қосылуымызға, яғни адамзат өркениеті биігіне көтерілуімізге толық мүмкіндігіміз бар екендігі ақиқат. Оған көптеген шаралар жасалып, алғашқы қадамы жүзеге асып та жатыр. Қазақ халқының рухани түлеуінің тарихи жағдайларды түгендеусіз мүмкін еместігі, тарихи, ділдік, діни және тілдік сабақтастықтың ұлттық идеологияның негізі екендігі де барынша сезіле бастады.
Дұрыс идеологиялық бағдарды ұстанып, болашаққа сеніммен аяқ басайық. Көп ұлтты, көп конфессиялы республикамызда мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі салыстырмалы аз мерзімнің ішінде берілген конституциялық құқық негізінде идеологиялық ағымдардың түрлі нұсқалары қалыптасып үлгерді. Еліміздегі этно-демографиялық, саяси-әлеуметтік жағдайдың дамып, өзгеруіне байланысты осы идеялардың арасынан басталған реформалардың табысты жүргізіліп, оған қоғам мүшелерінің белсенді қатысуын қамтамасыз ететін, халықгың көпшілік бөлігінің рухани сұранысын қамтамасыз ете алатын ұлттық дәстүрін, құндылықтарын мемлекеттік дәрежеге көтерудің қажеттілігі барынша сезіле бастады. Ұлттық мемлекет – еліміздің негізін құраушы, ұйыстырушы қазақ ұлты және қазақ ұлтының қалыптасқан тарихи мекені болғандықтан міндетті түрде қазақ ұлтының мемлекеттігі орын алуы шарт.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет