Дәрістің мақсаты: Мәдениеттанудың гуманитарлық ғылымдардың ішіндегі ерекше рөлін сараптау және мәдениетті өте күрделі көп функционалды құбылыс ретінде айқындау
Ауызекі мәдениет бұл әрине алғашқы форма. Ауызекі мәдениет арқылы адамзат қалыптасты бұл жерде мән мен мағына ұғымдары қалыптасты яғни тек қана ауызекі мәдениет арқылы, тіл арқылы ойлау мүмкіндігі себебі ой дегеніміз бұл әрине тілдің рухани жағы онын мазмұны ал яғни тіл бұл ойдын тікелей көріну формасы. Ауызекі мәдениет әрине адам жадына адамның есіне негізделеді, ол негізінен киелі рәміздер түрінде де жүзеге асады. Бірақ енді шынайы мәдениеттің қалыптасуында жазбаша мәдениет ерекше рөл атқарады, әлемдік діндерде де мынау жазба мәдениеттің рөліне ерекше мән беріледі: ислам түсінігінде айталық қағазға жазылған сөз Алланың жіберген жолдауы сияқты ол да қасиетті, киелі болып табылады. Әрине жазбаша мәдениет өз қалыптасуында күрделі формалардан өтті, біріншіден бұл иконикалық сипаттағы ең бірінші сурет жазу, сурет жазу негізінен көне тайпаларда қалыптасқан. Сурет жазуды пиктограмма деп ғылымда айтады, пиктограммалық жазудың өрістеуі нәтижесінде алғашқы өркениеттерде жазудың көне түрлері қалыптаса бастады. Бұған Шумердегі сына жазу немесе буындық жазу, сонымен қатар Мысыр мен Қытайдағы иероглифтік жазу жатады. Жазба мәдениетінің өте өрістеген түрі бұл әрине кітап мәдениеті. Гутенберг әлемі бұл жағынан алғанда кітап мәдениеті, осы арқылы адамның ойлау қабылеті артып, адамның мәдени болмысы күрделі бола бастады. ХХ ғасырдан бастап ауызекі мәдениет, жазбаша мәдениет жаңа үшінші формаға ауысты, бұл қазіргі замандағы экрандық мәдениет. Өркениеттің ақпараттық толқынына байланысты, егер біз экрандық мәдениетке келетің болсақ онда ең негізі виртуалды әлем ұғымы, яғни мұнда монитор жүйесінде ерекше бір кодталған түрде бүкіл мәдени ақпарат беріледі. Қазіргі заманда осы коммуникацияға да әрине байланысты экрандық мәдениетсіз біздің болмысымызды елестету әрине мүмкін емес. Мәдениеттің формаларында көптеген мәселелер туындайды, айталық
мәдени сұхбат мәселесі себебі ешқандай таза өзімен өзі оқшау қалыптасқан мәдениет жоқ. Мәдениет қашанда адамдар арасындағы байланыс сұхбат болып табылады. Мысалы қазақ мәдениеттіне келсек қазақ мәдениеті әрине көшпелік негізде пайда болғанымен де ол көптеген басқада мәдениеттермен сұхбатта болған айталық иран мәдениеттімен тығыз сипатта болды, сонымен қатар араб мәдениетімен, қытай мәдениетімен, кейін европалық мәдениеттермен тығыз сұхбатта болға н тілдің мәдениетпен байланысы өте маңызды, бұл мәдениеттанудағы маңызды мәселеге жатады.