Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы



Pdf көрінісі
бет17/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44
таңбалайтын белгі деген ойтұжырым орынды болмақ. Расында, 
тіл сөзден болмыстың бүкіл алуан түрлілігінің таңбаларын 
жасап алып, оны сөйлеу барысында, мəтін жасау барысында 
қайта-қайта таңбалап тұрған іспетті. Сөз ету дегеніміз таңбалау, 
есім беру дегеніміз – таңбалау, атау қою дегеніміз – таңбалау. 
Конвенционалды белгілер, аты айтып тұрғандай, адамдар-
дың өзара келісімге келуі нəтижесінде қалыптасқан белгілер. Ол 
белгілерді басқашалай, шартты белгілер деп те атай аламыз. 
Мысалы, мектептегі қоңырау үні, зілзала кезіндегі дабыл соғу


39 
шіркеу звонницасының үні, жұма намаз алдындағы азан 
шақыру, жедел жəрдем мəшинесінің үстіндегі қызыл айшық 
крест жəне т.т. Конвенционалды белгілерді өз алдына тағы да 
сигнал, индекс деп тарамдатып жіберуге тағы болады. Сигнал
немесе ишаралар əрбір мəдениетке сай қалыптасады. Оларды 
адам балалық шағынан көріп-біліп, үйреніп өседі. Мысалы, 
біздер үшін бас шайқау ишарасы – əлденемен немесе əлдебіреу-
мен келіспеу дегенді білдірсе, болгарлар үшін ол, керісінше, 
мақұлдау ишарасы болып табылады. Ал индекстер – ақпаратты 
сығыңқы түрде орналастыру үшін белгілі бір жағдайларда 
арнайы пайдаланылатын белгілер. Əдетте, атауынан-ақ, біз 
пошта индексін еске түсіреміз, карталардағы, схемалардағы, 
графиктердегі белгілерді де индекске жатқызамыз. 
Белгіні онтология терминдерімен анықтау қиынның қиыны. 
Ол – үнемі анықтамадан ысырылып шығу күйінде болатын 
сусымалы шындық. Вербалды, немесе табиғи тілдік белгілер – 
адамзат мəдениетінің іргетасы. Ол мəдениеттің семиотикалық 
негізін құрайды. Сонымен, тілді орталық семиотикалық (белгі-
лік) жүйе деп жалпылама анықтама береміз. Осы жерде семио-
тика, сол сияқты, онымен бірдеңгейлес семиозис, семиология 
деген терминдерге тоқталып кету абзал. Семиотика мен семио-
логияны синоним деуге де болады, өйткені олардың зерттеу пəні 
біреу ғана, ол – белгі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет