Паралингвистика амалдарға қатысты зерттеулер туралы ой толғам білдіріңіз



Дата11.12.2022
өлшемі18,88 Kb.
#56417

Паралингвистика амалдарға қатысты зерттеулер туралы ой толғам білдіріңіз
Паралингвистика (гр. para - маңында, жанында және лингвистика) хабарланатын ойдың, пікірдің вербалды (сөзбен білдіру) тәсілдерімен қоса сөйлеу үстінде қолданылатын вербалды емес (тілден тысқары) амалдармен берілуін зерттейтін тіл білімінің саласы, сөйлеу кезінде қолданылатын вербалды емес тәсілдердің жиынтығы. Паралингвистикалық тәсілдердің үш түрі бар
Фонациялық тәсіл, оған дыбыс әуені, оның күші, кідіріс, дауыс мәнері жатады;
Кинетикалық тәсіл, оған ым, бет, қол қимылы, дене қозғалысы жатады;
Графикалық тәсіл, оған әріптер мен тыныс белгілері қолтаңбасының түрлері, әріп таңбаларын айырбастайтың қосымша символдық белгілер (§, т.б.) жатады.
Қазақстан өзге елдермен дипломатилық қарым-қатынастарды нығайту үшін, тараптық қарым-қатынас ортақ келісімге келуі үшін, екі жақты сан-салалы байланыстың өрісін кеңейту үшін, стратегиялық серіктестікті көздеп , одақтық қарым-қатынастар туралы келісімнің өркендеуіне, халықаралық және өңірлік ұйымдар арасында өзара келісімдерге келулері үшін белсенді әрекетті орнатуы қажет. Сол себепті, келісy/келіспеу амалдарын білу кез келген коммуникантты түрлі сипаттағы қарым-қатынасқа жағымды кейіппен кірігіп кетуіне, өзге коммуинканттар арасындағы байланысты мейлінше жақындата түседі.
Сондай ақ, қазақ тіл білімінде келісу/келіспеу амалдары болымды/болымсыз, мақұлдау/мақұлдамау, сенімділік/сенімсіздік категориялардың құрамында қарастырылып, олардың диалогта орын алуын тек көркем әдебиеттердің негізінде, яғни құрылымды бағытта қарастырылған.

Бейвербалды амалдар дегенге байланысты ой пікір білдіріңіз
Күнделікті қарым-қатынас барысында тіл қызметтерінің қай-қайсысы болмасын өз орнымен, қолданылу аясының кеңдігімен ерекшеленіп отырады. Тілдің вербалды амалдарының қолданылуы, зерттелуі жағынан қаншалықты маңызды болса, бейвербалды амалдары да соншалықты өзекті болып табылады. Кез келген айтылымның мән-мағынасын түсіну үшін сөйлеуші мен тыңдаушыда халықтың өткен тарихынан, рухани дүниесінен білім болуы керек. Бұл тек тілдік қатынасты түсінумен қатар тілсіз қатынастың да мәнін ұғыну үшін қажет, сондықтан да бейвербалды амалдарды зерттеуде оны аялық біліммен, тіл мен таным сабақтастығы тұрғысынан қарастыру да – лингвистикада назар аударатын тың мәселе. Қарым-қатынастың тілдік амалдары сияқты бейвербалды амалдар да ұлттық нышанға ие. Демек, бейвербалды амалдар әр халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің көрсеткіші болып табылады. Бір халықта кездесетін бейвербалды амалдардың өзге халықта мүлдем кездеспейтінін, я болмаса басқа да бір мағынада жұмсалатындығын А. Пиз өзінің еңбегінде тұжырымдап өтеді . Мысалы, Европа және Америка елдерінде бас бармақты көрсету «өте жақсы», «бәрі жақсы» деген мағынаны білдірсе, Грецияда бұл кинема – сақтандыру, Шығыс Африкада – масқаралау ұғымын айқын береді. Сол сияқты болгар халқында бас шайқау – мақұлдау, келісуді аңғарса, баз изеу – қарсылық білдіру, келіспеушілікті ұғындырады. Сонымен қатар «тілін шығару» кинемасы қытай халқында сес көрсетудің, үнді тайпаларында даналықтың, айн халқында сәлемдесудің, қазақ халқында мазақтау, келемеж қылудың белгісін береді. Қорыта айтқанда бейвербалды амалдар барлық халыққа тән болғанымен, әр ұлттың бейвербалды амалдары жүйесі әр түрлі, бір сөзбен айтқанда бірдей емес, сондықтан кәсіби этикеттегі бейвербалды амалдарды зерттеу қашанда өзекті болмақ.
Әдебиеттанудың даму кезеңдерінің тарихы туралы айтыңыз
Қазақ әдебиеттану ғылымы тәуелсіздік тұсында, яғни соңғы он бес жыл шегіндегі даму бағдарын бағамдамас бұрын, ең әуелі оның осы кезеңге дейінгі тыныс-тіршілігі – тууы мен қалыптасуын, даму жолын және әдебиеттанудың әр кезеңдегі даму бағытына әсер ететін факторларды анықтап алған абзал. Себебі кез келген дүниенің негізін түсінбей, оның бүгінгі жай-күйін сипаттауға ұмтылу мүмкін болмас еді. Әдебиеттанушы ғалымдар қазақ әдебиеттануының ғылым ретінде қалыптасып, орнығуын ХХ ғасырдың басымен байланыстырады: Е.Ысмайылов: «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихына көз жіберсек, оның негізінен екі кезеңді басынан кешіргенін байқауға болады. Біріншісі – үйрену, идеялық творчестволық принциптерді игеру кезеңі. Екіншісі – соғыстан кейінгі дәуір, яғни қалыптасу, даму дәуірі» ,-десе, профессор Т.Кәкішев сын мен әдебиеттану ғылымы сабақтаса дамитындығын, сынның бара-бара әдебиеттануға айналатындығын ескерте келіп: «Қазақ әдеби сыны мен ғылымының тарихи белестерінен үш кезеңді анық байқаймыз. Бірінші кезең - қазақ әдеби сынының туу дәуірі. Қазақ әдеби сынының туу процесі Қазан төңкерісіне дейін созылған. Екінші кезең – қазақ әдеби сыны жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. Бұл процесс 1917-37 жылдар арасын қамтиды. Үшінші кезең - қазақ әдебиеті сынының өсіп-өркендеу және әдебиеттану ғылымының қалыптасу дәуірі 1938-85 жылдар аралығы», - дейді .
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасып, даму тарихы туралы зерттеуші Ж.Смағұлов:
«Ұлттық әдебиет туралы ғылым тарихын былайша жүйелеген дұрыс секілді. Бірінші кезең - қазақ әдебиеттану ғылымының тарихи алғышарттардан тұратын арғы бастаулары, яғни тарих алдындағы дәуірі. Бұл ежелгі дәуірден бастап ХХ ғасырға дейінгі уақыт аралығына созылады. Екінші кезең - қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. Ол 1900-1940 жылдар арасында жүзеге асты, үшінші кезең - қалыптасу дәуірі. Бұл 1941-1970 жылдар аралығын қамтиды», - дейді.
Мәдени-психологиялық бағытты анықтаңыз
Паралингвистика мен бейвербалды амалдарға қатысты зерттеулерді көрсетіңіз
ХХ ғасыр басындағы əдебиет тарихының зерттелуін анықтаңыз

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет