Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет2/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87
ОНТОЛОГИЯ
БОЛМЫС
Онтология (гр. «ontos» - болмыс, «logos» - ілім) – болмыс 
проблемасын зерттейтін философияның орталық тарауларының бірі. 
«Болмыс» философиядағы түпкі, негізгі ұғымдардың қатарына 
жатады. Философияның қалыптасуы осы проблеманы зерттеуден 
басталды. Ертедегі Үнді, ертедегі Қытай, антикалық философия 
алдымен онтологиямен айналысты, болмыстың мәнін түсінуге 
тырысты, содан кейін философия өз пәнін кеңейтті, өзіне гносеология 
(таным туралы ілім), логика, тағы басқа проблемаларды қосты, енгізді. 
«Болмыс» термині философияда XVII ғасырдан бастап қолданылды. 
Бірақ осы ұғымды тұңғыш рет көне грек философы Парменид ұсынған 
болатын («Табиғат туралы» деген поэмасында).
Болмыс (бытие) – не бар болса, соның бәрі. Осы түсініктің арғы 
түбірінде барлық, яғни «болу», «бар болу» деген мағына жатыр. 
Болмысқа материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де, 
қатынастар мен байланыстар да, тіпті рухани өмір көріністері де жатады: 
адам немесе жануар, табиғат немесе қоғам, шексіз галактика немесе 
біздің жер планетамыз, ақынның фантазиясы немесе математиктің 
теориясы және т.с.с. Болмыс – бұл өз жиынтығындағы объективтік және 
субъективтік реалдылық, шындық. Бұл проблеманың бай зерттелу тарихы 
бар (Парменид, Гераклит, Платон, Аристотель, орта ғасырлар, Қайта 
Өрлеу дәуірі, Жаңа заман, неміс классикалық, марксизм, феноменология, 
экзистенциализм философиясы және т.б.).
Болмыстың қарама-қарсы ұғымы бар –
бейболмыс 
(болмыссыздық, болымсыздық – небытие). Егер болмыс бар нәрсенің 
(бардың) бәрі болса, бейболмыс – бұл жоқ нәрсенің (жоқтың) бәрі, 
бірдеңенің толық жоқтығы (полное отсутствие чего-либо). Бірақ 
бейболмыс та болмыспен бірлікте және ол сияқты реалдылы. 
Қоршаған дүниенің, әлемнің нәрселері, құбылыстары болмыста да, 
сондай-ақ бейболмыста да болуы мүмкін. (Бейболмысқа әлі 
ұрықтанбаған, туылмаған адамдар, жасалмаған нәрселер, бұрын 
болған, ал қазір жоқ бейболмыстағы адамдар, заттар, қалалар, 
қоғамдар, өркениеттер, мемлекеттер т.б. жатады).
5


Әдебиетте кейде болмыстың модустары (түрлері) туралы да сөз 
қозғалып жүр: 1) «болмыс – өзінде» («бытие – в – себе»); 2) «болмыс - 
өзі үшін» («бытие – для себя»); 3) «болмыс – басқа үшін» («бытие – 
для – другого»).
Жоғарыда қарастырылған болмыстың негізгі өмір сүру, көрініс 
табу түрлерінің, формаларының әрқайсысының өзіне тән 
заңдылықтары бар – олар физика, биология, антропология, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет