әдетте, бір бөлік өсімдік немесе жануар шикізатынан және 10 бөлік экстрагенттен немесе бір бөлік өсімдік немесе жануар шикізатынан және 5 бөлік экстрагенттен алынатын сұйық дәрі-дәрмектер.
кептірілген немесе жаңадан өсімдіктер жануар шикізаттарынан қыздырмай және экстрагентті бөлмей алынатын сұйық спиртті немесе сулы спиртті сұйықтықтар.
Тұндырмаларды мацерация немесе перколяция әдісімен өсімдік немесе жануар шикізатын экстракциялау үшін тек қана тиісті концентрациялы этил спиртін пайдаланып немесе қою немесе кептірілген экстрактыларын тиісті концентрациядағы этил спиртінде ерітіп дайындайды. Қажет болса сүзеді.
Тұндырмалар әдетте мөлдір болады. Сақтау барысында құрамында айтарлықтай өзгеріс болмаса аздаған тұнбалардың түзілуіне жол беріледі.
Мацерация әдісі
Басқа нұсқаулар болмаса, экстракцияланатын өсімдік немесе жануар шикізатының қажет мөлшерін көрсетілген экстрагенттің сәйкес мөлшерімен араластырады және жабық контейнерде белгілі бір уақыт аралығына қалдырады. Қалдықты экстрагенттен бөліп алады және қажет болса сығады. Соңғы жағдайда екі сұйықтықты біріктіреді.
Перколяция әдісі
Қажет болса, экстракцияланатын өсімдік немесе жануар шикізатын белгілі өлшемдегі бөлшектерге дейін ұсақтайды. Шикізатты көрсетілген экстрагент бөлігімен мұқият араластырады және белгілі бір уақытқа қалдырады. Одан соң перколяторға салып, өсімдік немесе жануар шикізатының сәйкес экстрагент қабатымен толық жабылуын қадағалай отырып, бөлме температурасында баяу перколяциялайды. Қалдықты сығып және алынған сұйықтықты перколятпен қосуға болады.
Тұнбаларды дайындау кезінде дәрілік өсімдік материалдарының бір салмақтық бөлігінен дайын өнімнің бес көлемдік бөлігі, күшті әсер ететін шикізаттан дайын өнімнің 10 көлемдік бөлігі алынады. Алынған сығындыларды, әдетте, мөлдір сұйықтық алынғанша және сүзгіден өткізгенге дейін 10 ° C аспайтын температурада кемінде екі күн тұруға рұқсат етіледі.
Сынаулар
Салыстырмалы тығыздық.
Сыналатын сұйықтық цилиндрге салынып, сұйық температурасы 20°С болғанда оған таза, құрғақ ареометр мұқият түсіріледі, оның шкаласында күтілетін тығыздық мәні белгіленеді. Ареометрдің қалқып тұрғаны байқалмайынша қолынан босатылмайды, бұл ретте ареометрдің цилиндрдің қабырғалары мен түбіне тиіп кетпеуін қамтамасыз ету қажет. Көрсеткіш сұйықтықтың төменгі менискіне сәйкес келетін ареометр шкаласы бойынша бөлуге сәйкес батырылғаннан кейін 3-4 минуттан кейін жүргізіледі.
Метанол және 2-пропанол.
Жеке бапта басқа нұсқаулар болмаса, 0,05℅- дан артық емес метанол және 0,05℅- дан артық емес 2-пропанолға рұқсат етіледі.
Сынаулар
Құрғақ қалдық.
Диаметрі шамамен 50 мм және биіктігі шамамен 30 мм болатын тегіс түбі бар ыдыста сыналатын сығындының 0,50 г жылдам өлшенеді. Пеште 100-105 С 3 сағат кептіреді, эксикаторда фосфор (ν) оксиді Р немесе сусыз силикагель Р1 үстінде суытады, содан кейін өлшейді. Нәтиже массалық пайызбен есептеледі.
Ауыр металдар.
Жеке бапта басқа нұсқаулар болмаса, 10 -3 ℅-дан (10 млн -1 ) артық емес. 5,0 мл тұндырманы құрғағанша буландырады, 1 мл күкірт қышқылын Р қосады, абайлап жағады және күйдіреді. Алынған қалдыққа қыздыра отырып 5 мл 615 г/л аммоний ацетаты Р ерітіндісін қосады, күлсіз сүзгі арқылы сүзеді, 5 мл сумен Р жуады және сүзіндінің көлемін сумен Р 50 мл-ге дейін жеткізеді.
12 мл алынған ерітінді ауыр металдарға сынаудан өтіу тиіс. Салыстыру ерітіндісін қорғасынның стандартты ерітіндісін (1 млн -1 Pb) P пайдаланып дайындайды.