Адам – бұл биологиялық түрді білдіреді. Жәндіктер, өсімдіктер,
құстар, хайуанаттар т.б. сияқты адам да табиғаттың жаратылысы.
Индивид – адам тегінің кез келген жеке түрде алынған өкілі,
жеке кісі.
Кісілік, даралық (индивидуальность) – адамның, индивидтің
өзіндік, жеке ерекшеліктері, қасиеттері.
Тұлға (личность) - әуел баста антикалық театрда актерлердің
киетін бетперде, маскасын білдірді. Қазіргі кезде бұл терминнің
мағынасы өзгерді. Адам өзінің дамуында екі деңгейден өтеді:
филогенетикалық, яғни адамзаттың тарихи дамуы және
онтогенетикалық жеке адам индивидтерінің дамуы. Адам адам
87
болып туады, бірақ тұлға болып тумайды, ол тұлға ретінде
қалыптасады.
Тұлға – бұл адамның әлеуметтік ортада дамытқан және
қалыптастырған туа біткен қасиеттері, білімдер, қабілеттер,
құндылықтар, мақсаттар жиынтығы. Тұлға – бұл өз бетімен қоғамда
өмір сүруге, еңбек жасауға қабілетті әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі
адам тегінің индивиді. Кез келген қалыпты ересек адам – тұлға. Өз
бетімен шешімдер қабылдап және сол үшін қоғам алдындағы
жауапкершілігін түсінетін іс-әрекеттің субъектісі тұлға болады.
Индивид, кісі тұлға ретінде қалыптасуда әлеуметтену (социализация)
процесінен өтеді. Ол процесс отбасы, оқу-тәрбие жүйесі, қоршаған
орта, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекет, қоғам, оның әлеуметтік
нормалары және институттары арқылы жүзеге асады.
Тұлғаның іс-әрекетінің
механизмі
Әлеуметтік шындық
Өмір жағдайлары
Тұлға
Нақты хал-ахуал
Мотивация
Іс-әрекет
Шешім
88
Тұлғаның құрылымы
Биологиялық
құралым
Психологиялық
құралым
Әлеуметтік
құралым
Анатомиялық-
физиологиялық
бейімділіктері,
жүйке жүйесінің
типі, жыныстық-
жастық
ерекшеліктері
және т.с.с.
Сезімдер, елес,
ес, ойлау, жігер,
мінез-құлық және
т.б.
Көзқарас,
құндылықтар
ұстанымдары,
моральдік
қасиеттер,
білімдер мен
іскерлік т.б.
|