Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары


Сананың шығу тегі мен мәні: негізгі концепциялар



бет12/49
Дата18.10.2023
өлшемі188,47 Kb.
#118249
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
Байланысты:
философия тест ответы

18.Сананың шығу тегі мен мәні: негізгі концепциялар.

  • Сана — дегеніміз адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс күйі. Ол танымқиялтүйсікой, тілдік ұғым және жадыны қамттиды. Ол адам миында болатын ерекше құбылыс. Сананы адамның ең басты артықшылығы деуге болады, өйткені адамзаттың бүкіл прогрессінің басында оның санасының прогрессі тұр.




  • Санаға қатысты екі негізгі мәселе бар: бірі, сана мен дененің байланысы, әсіресе сана мен нерв жүйесінің байланысы мәселесі әлі де зерттелу үстіндегі тақырып. Дуалистер мен идеалистер сананы физикалық емес нәрсе деп түсіндірді. Ал, қазіргі заманғы функционализм – яғни сананы нейрондардың қозғалысы деп түсінеді. Екінші мәселе, хайуандарда да сана бар ма деген тақырып. Егер сананы адамға ғана тән құбылыс десек, онда хайуандарда болатын кейбір саналыға ұқсап қалатын әрекеттерді жаңаша түсіндіруге тура келеді.




  • Сана ұғымы философияда негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнінде, сана арқылы қоғамдағы байланыста жеке адам белсенді болады.




  • Сана — өмірде белсенді бола алатын адамның ішкі қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.



Сананың негізгі концепциясы
Бейсаналылық


  • Санасыз — санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздық, субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Санасыздың санадан айырмашылығы: санасыздықты ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде). Санасыздық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде): ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді. Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп 3. Фрейд "санасыздықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол санасыздықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойлықпен құштарлықтар болады деп түсінген. Психолошяда санасыздықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет