16.Сана фактілері. Сана феномендері. Сана (ағылш.mind) – өзіне қатысты кез келген нәрсеге бағытталып, оны қайта бейнелей алатын, өз-өзіне айқын менталды феномендерді (mental phenomena) әйгілейтін түрлі қабілеттер кешені. Бұл қабілеттерге ойлау, қиял, жады, ерік және сезім қатарлылар жатады. Олар түйсіну, ауырсыну тәжірибесі, сенім, аңсар, ниет және эмоция секілді түрлі рухани феномендерді әйгілейді. Менталды феномендердің түрлі қабаттағы өзара байланысты әртүрлі классификациялары ұсынылды. Әдетте олар сезімдік, болжамдық, ниеттенулік (intentional), ар-намыстық және кездейсоқ болуына орай түрлі топтарға жіктеледі. Сана дәстүрлі мәдениеттерде ерекше субстанция ретінде түсіндірілді, дегенмен қазіргі заман перспективасы көбінесе сананы адам мен жоғары деңгейлі жануарларға тән ішкі қасиет және қабілет ретінде қарастырады. Сана проблемасындағы өзекті сауал ретінде "адамнан басқа болмыстың санасы бар ма?" және "дене мен сананың байланысы қалай болады?" қатарлыларды айтуға болады. Ал, оларға берілген адами анықтама адам таңдауына үлкен әсер етеді. Сана, немесе діл әдетте адам денесіне, материяға, немесе физикалық затқа салыстқарамалы айтылады. Бұл салыстырмалықтың табиғаты, әсіресе сана мен ми арасындағы байланыс мәселесі - тарихтағы әйгілі пікірталас түйіні болған сана-дене проблемасы деп аталады.[4] Дәстүрлі көзқарастар негізінен зердені бейфизикалық деп санайтын дуализмге, немесе идеализмге көбірек негізделеді.[4] Заманауи көзқарастар көбінесе физикализмге, немесе функционализмге негізделеді, олар бойынша сана мимен қарайлас нәрсе, немесе сананы нейрондар белсенділігі секілді физикалық құбылыстарға редукциялауға болады.[5] Дегенмен дуализм мен идеализмнің жақтаушылары әлі де көп. Келесі бір сұрақ, қандай түрдегі болмыс санаға қабілетті екеніне қатысты.[6] Мысалы, сана тек адамға ғана тән бе? Кейбір, немесе барлық жануарларда, немесе барша тіршілік түрлерінде тегіс сана бола ма? Сана мүлде қатаң түрде анықталатын сипаттама ма? Сана кейбір адам жасаған машиналардың да қасиеті ме? тб. Әртүрлі мәдени және діни дәстүрлер зерденің әртүрлі тұжырымдамаларын жиі пайдаланады, әрі түрлі қатысты сұрақтарға әртүрлі жауап береді. Кейбіреулер Сананы тек адамдарға ғана тән қасиет деп санаса, басқалары оны жансыз заттарға, хайуанаттарға және киелі күштерге де ортақ қасиет деп санайды (мысалы, панпсихизм және анимизм). френологиялықми картасы[7]. Біртүрлі псевдоғылым болуына қарамастан, френология әдетте зерде функцияларын мидың белгілі бір бөліктерімен байланыстыруға алғаш әрекет жасаған ілім. Өте ежелгі жазылған болжамдардың кейбіреулері, мысалы, Зороастр, Будда, Платон, Аристотель және өзге де ежелгі Грек, үнді, кейінірек Шығыстық және ортағасыр Еуропа философтары ілімдерінде сананы көбінесе жан, немесе рухпен бірдей етіп сипаттап, өлімнен кейінгі өмірге де, космологиялық және табиғи тәртіпке де қатысты теориялармен байланыстырады. Фрейд пен Джеймс секілді психологтар және Тьюринг секілді компьютер ғалымдары сана табиғаты туралы ықпалды теориялар жасады. Жасанды интеллект саласы бейбиологиялық зерде мүмкіндігін қарастырды. Жасанды интеллект саласы кибернетикамен және ақпарат теориясымен тығыз байланысы болды, ол бейбиологиялық машиналар арқылы ақпарат өңдеудің адам санасындағы феномендермен салыстырмасын және өзгешелігін түсінуге көмектеседі.[8] Сана кейде түйсіктік әсерлер мен менталды феномендер тосын өзгеріп тұратын сана ағыны ретінде де сипатталады
17.Сананың қалыптасуын анықтайтын факторлар. Антропосоциогенез. Сана — қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Психикалық және саналы қызметтің элементтері ақпарат алмасу үшін дыбыс сигналдарын және ишараны қолданатын жоғары дамыған, топтасып өмір сүретін жануарларда көрініс береді. Бір катар жануарлардың — мысық, ит тектестер, приматтар, дельфиндер әрекеттерінің көбі күрделі және сананың қызметін талап етеді. Одан кейін жануарлардың өзіндік "моралі", өзін ұстау әдеттері, жетекшілік үшін күрес жүргізуі бар. Жалпы, жануарлардың өмірі өзінен-өзі жүріп жатқан жоқ, оларда санаға бағыныштылық, яғни бір мән бар. Алайда адамның санасы бүл жануарлардың күрделендірілген психикалық қызметінің жалғасы емес, терең ұстанымды өзгерістердің нәтижесі. Бүл өзгерістердің негізі — еңбек. Еңбек арқылы еңбек құралдары жасалды және материалдық заттарды кайта жаңғырту үшін адамдардың алдымен қарапайым, кейінірек күрделі қажеттіліктерін өтеу үшін пайдаланылды. Антропогенездің ерте кездегі кезеңдердегі қозғаушы күштері сол бұрынғы факторлар: тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу, тұқым қуалау (негізінен алғанда мутациялық және үйлесімді) өзгергіштігі болып саналады. Жылдам және жақсы аң аулағыштар, жауынан қорғанып, қорегін аулап, құралдар мен от жаға білгендер артықшылығы болғандықтан, сұрыптауда сақталып қалды және ұрпақ берді. Австропитектерде, ішінара питекантроптарда бүкіл тіршілік еткен өмірде одан әрі осылай жалғасты. Кейінірек еңбек барынша үлкен рөл атқара бастады. Сәбилер әр түрлі заттармен неғүрлым көп ойнаса, олардың ақыл-ой қабілеті, миының дамуы тез және жақсы қалыптасатыны белгілі.Психологтар түйме немесе өзге ұсақ заттарды іріктеп ойнайтын балалардың ертерек сөйлей бастайтынын дәлелдеді. Бұл физиологиялық көзқарас тұрғысынан да түсінікті, өйткені миға әр түрлі сыртқы сақтандыру белгілері туралы жүйкелік серпіндер түседі және оның жасушалары желеу алып, тезірек дамиды. Сөйтіп алғашкы архантроптардың (ежелгі адамдардың жиынтың атауы) қолы ғана машықтанып қоймай, колға тас немесе таяқ ұстаған кезде миы да жаттықты. Антропогенездің екінші күшті факторы - қарым-қатынас, ужымдасып өмір суру. Гориллаға қарағанда үйірлесіп өмір сүретін шимпанзенің ымдасуы едәуір дамиды. Бұл бірін-бірі дұрыс түсініп, жанжалдасудан құтылуға жәрдемін тигізеді. Ал алғашқы адамдарға адамдармен мақсатка сәйкес бірлесіп әрекет жасау үшін ғана емес, сондай-ақ келесі ұрпақка ақпарат беру үшін де қажет. Мұнда тағы бір әлеуметтік фактор - тәрбие беру пайда болды. Өйткені адамдар іс жүзінде тұмысынан ешқандай дағды ала алмайды. Жүлдызқұртқа қуыршак жасауды, ал балараға көрез (соты) жасауды үйретудің қажеті жоқ, алайда адам үйретпей, ештеңе істей алмайды. Бозбаланың ақылды және тапқыр-пысық болып, жануарлар әлемінен адами қоғамға оңай өтуі тек Киплингтің Мауглиінде ғана кездеседі. Тарихта адам баласының табиғат тауқыметіне тап болып, өмір сүргендігі туралы деректер бар. Бірақ олар ешқашан да адам бола алмаған! Бұл тіршілік иелері біздің қоғамға бейімделе алмады, қалыпты адами өмір сүруге орала алған жоқ. Адам қоғамы мен тәрбиесінде болмаған балаларға қарағанда, тіпті қолда өсірілген маймылдар адам ортасында өмір сүруге бейімірек болды.