47.Антикалық философия тарихындағы адам бейнелері (Пифагор, Платон, Эмпедокл, Протагор, Сократ, Аристотель). Антикалық философия, б.з.д. 6 ғасырда Грецияда дүниеге келген, ерте грек және рим философиясы, б.з. 6 ғасырды қамтиды (529 жылы император Юстинианның соңғы грек философия мектебін, яғни Платон мектебін жапқан кезеңі). Антикалық философия шамамен 1200 жыл өмір сүрді. Бірақ оны тек территория және хронологиялық белгілері көмегімен анықтау мүмкін емес. Антикалық философия – адамзат санасының философиялық дамуының жеке және өзіндік құбылысы. Ол Шығыстан грек қалаларына астрономиялық, математикалық және басқа білімдердің ауысу негізінде, ежелгі мифологияның өнер мен поэзияның ситезделуі, мифологияға қарағанда табиғат пен адам туралы ойлаудың өзгерісіне бет бұрыс жасады. Б.з.д 5 ғасырда философиялық космогендік жүйе туындады, ол – миф негізгі танымның рөлі ғана емес, сонымен қатар ойды білдірудің образды құралы, табиғат философиясы мен білім бір-бірінен алыстаған жоқ. Туындаған гипотезалар саны өте үлкен болды, себебі эксперименталды тексеру әдістері әлі жетілмеген. Философиядағы көп гипотезалар әлемді түсінудің философиялық типінің көптүрлілігін байқатады. Бұл көптүрлілік және гипотезалардың туындауының жоғарғы деңгейі Антик философиясының кейінгі уақыт пен ұрпақ үшін философиялық ойлау мектебі ретінде қалыптасты. Антик философиясы мәселелерін келесі тақырып түрінде анықтауға болады: космология (натурфилософтар), оның контексіндегі раелды шындық «физис» (табиғат) және космос (тәртіп), мораль (софистер) адам танымы және оның ерекше қабілеті нақтыланған тақырып болды. Метафизика (Платон) интеллегибельді шындықтың өмір сүруін жариялау, шындық пен болмыс біртекті емес, идея әлемі сезімнен жоғары болады; методология (Аристотель, Платон) табиғатты тану және генезис мәселесін жетілдіру, сонымен қатар рационалды іздеу әдісі адекватты ойлау ережесі ретінде түсіндірілді; эстетика өнер және өздігінен тамаша мәселелерді жетілдірді; антикалық философия кезеңінің аяқталуында мистикалық-діни мәселелер қалыптасады, ол грек философиясының христиандық кезеңіне тән. Негізгі философиялық дүниеге көзқарас түрлері антикалық философия құрамында болып, барлық келесі ғасырларды жетілдіріп отырған, - ол «ежелгі мұражай» емес, теориялық ойлардан құралған, оригиналды идеяларға толы тірі сурет. Ол, антикалық әлемнің нағыз қоғамдық күші ретінде, содан кейін философиялық мәдениеттің дамуының бүкіл әлемдік-тарихы ретінде көрініс тапты. Және әрбір жаңа ұрпақ жоғары білім алған сайын, осы әрқашан жас, өзін жаңа таныған философиялық ойлау ағынына толық енуге бейімделеді. Ежелгі Греция философиясының ерекшеліктері 1) Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды. 2) Грек философиясы өзінің рухани бай мазмұнымен, жүйелі дамуымен антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті. 3) Грек философиясының пайда болуына және дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері және грек халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті. 4) Толыққанды өмір адамдардың бойында еркін ойлау дәстүрін қалып-тастырды, демократияның отаны болған Грецияда аса жарқын философиялық ойлар дамыды, философиялық пайымдау жүргізушілер саны да өте көп болды. Көне Греция философиясының негізгі даму кезеңдері Антикалық философияның алғашқы ошақтары: біздің дәуірімізге дейінгі VII -VI ғасырларда Кіші Азияның батыс жағалауы Иония, Оңтүстік Италияның грек қалалары, Сицилия аралдарының қалалары және Афина. Көне Греция философиясының дамуын салыстырмалы түрде 4 кезеңге бөлуге болады: 1) Табиғат философиясы (натурфилософия) кезеңі Милет мектебі. Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және олардың шәкірттері дүниенің алғашқы бастауы мәселесін қарастырды. 2-3) Грек философиясының ең мазмұнды кезеңі. Сократ, Платон, Аристотель грек философиясын өте биік деңгейге кетеріп, зерттеу өрісін кеңейтті. Адам мәселесі, физика, метафизика, этика, логика, саясат, табиғат эстетикасы мәселелері терең зерттелді. 4) Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың соңынан бастап Грецияның ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек полистерінің саяси тәу-елсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің, философиясының дағдарысына әкелді. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, скептицизм, эпикуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді.